Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар


Мектеп жасына дейінгі балалардың когнитивтік дамуы



бет12/39
Дата09.03.2024
өлшемі208.12 Kb.
#494798
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Білім беру психологиясы ДӘРІС МАЗМҰНЫ

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың когнитивтік дамуы.
Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлы дамуының қарқындылығымен ерекшеленеді. Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлық дамуы 2 өзара байланысты жақты болады. Заттар мен құбылыстардың түрлі қасиеттерімен байланыстары жайлы ұғымның болуы және қабылдаудың жаңа әрекеттерін меңгеруі болып табылады.
5 жастан бала негізгі түстерді біледі және ажырата алады, ал осы жастың аяғында түс реңктерін ажыратады. Музыканы қабылдауда, мелодияны қабылдауға, дыбыстарды жоғарылығына қарай ажырата алады.
Баланың қабылдауы өткен тәжірибеге байланысты. Мектепке дейінгі кезеңде ойлау мен сөйлеуі қарқынды дамиды. Осы кезеңде ойлау әрекетін игеру сыртқы заттық әрекеттерді интериоризациялаудың жалпы заңы арқылы жүзеге асады. Осы кезеңде тар отбасылық қарым-қатынастардан кең шеңберге ауысады, яғни өз құрбыларымен араласуы.
Балалар күрделі сөйлемдерді, шылауларды, жұрнақтарды кең қолданады. Осы кезеңде эгоцентрикалық сөйлеу түрі дамиды. 4-5 жаста баланың ерікті зейіні дамиды және зейіні тұрақты, әрі жоғарылануы сипат алады. Олар объектіде назарын 10-15 минут уақыттан артық ұстай алмайды. Олар интеллектуалды маңызды қызығуға ауысады (яғни, жұмбақтар шешуге, ребус т.б. шытырмандарды шешуге құмар болып табылады).
Интеллектуалды әрекетте зейіннің тұрақтылығы 4- жасқа қарай артады. Зейіннің бөлінуі нашар, сондықтан 1 мезгілде 2 әрекетті орындай алмайды.
«Баланың есі – оның қызығуы», - деді А.Р.Лурия. Мектепке дейінгі жаста еріксіз есте сақтау және еріксіз қайта жаңғырту ерекше дамиды. Бала бірте-бірте қайталауға үйренеді. Балалар ойыны олардың есте сақтауын өте белсенді ететін әрекет болып саналады. Олар маңызды күндерді (туған күн, бала-бақшадағы мереке, дүкен аралау) дәл және толық қайта жаңғырта алады. Балалар қарым-қатынаста жеке тұлғалық дамуды молайтып, кеңейтуі. Балалық шақ – құрбыға деген қызығу туындайтын шақ және ол бірнеше қарым-қатынас типтерін бастан өткереді:
1. Пассивті – жағымды қарым-қатынас құрбыға деген;
2. Эгоистік қарым-қатынас;
3. Конкуренттік қарым-қатынас;
4. Жеке дербестік қарым-қатынас;
5. Тұрақсыз қарым-қатынас.
Осы мектепке дейінгі кезең аяғына қарай ұл мен қыз қарым-қатынасы орнай бастайды. Әйел, ер мінез-құлқының стереотиптері бала психологиясына ене бастайды, яғни ересектерді бақылаудан әрбір ата-ана өз жынысының құндылық бағдарларын балаға береді: әйелге тән сезімталдық, эмоционалдылық, еркекке тән ерлік, шешімге келгіштік, өзін-өзі меңгеру т.б.
Ересек барда өзін дұрыс ұстау – баланың моральдық дамуының 1-кезеңі.
Ж.Пиаже пікірінше, баланың моральдық сезімі ойлау құрылымдарымен дамып отыратынын әлеуметтік тәжірибеге байланысты пайда болады – дейді. Моральдық сезімдері 2 кезеңде жүзеге асады:
1. Адамгершілік шындық;
2. Адамгершілік релятивизмі.
Мектепке дейінгі баланың эмоционалды қалпына сергектік, өмірге қуану, оптимизм тән болып келеді. Ал бастан кешуінің кең тарағаны қорқыныш, яғни нақты стимулдар мен ситуацияларға реакция болады. Ол қорқыныштарға, қараңғыдан қорқу, жабай жануарлардан, бұзықтардан, таныс емес адамдардан, анасынан бөлектенуден және жалғыздықтан. Қорқыныш негізінде мазасыздық пайда болады. Бір қорқыныш бірте-бірте тұрақталып фобияға айналады, оны жою қажет болады. Өйткені фобия дұрыс дамуды бұзады. Баланың жиі қорқу жағдайларына ересектердің мән бермеуі олардың эмоционалды аумағының жойылуына әкеледі. Мазасыздану – ереже бойынша, басында ситуативті сияқты байқалады, ал кейін жекелікке айналады. Жоғары мазасыздану өзіне -өзі баға беруді төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет