Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 №1-дәріс. Тақырыбы: Психология ғылымының жалпы мәселелері



бет28/51
Дата12.11.2022
өлшемі0.79 Mb.
#464642
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Дәрістер тезистері

§3. Іс-әрекет түрлері.
Іс-әрекеттің үш түрін бөліп көрсетуге болады: ойын, оқу және еңбек. Олар өздерінің нәтижелері, ұйымдастырылуы, мотивация ерекшеліктері бойынша айрықшаланады.
Адам іс-әрекетінің негізгі түрі еңбек болып табылады. Еңбектің түпкі қорытындысы - іс-әрекеттен қоғамдық маңызы бар өнім алу. Оқу тікелей еңбекке әзірлеу кезеңі бола отырып, тек мамандық игерудің кезеңінде материалдық және мәдениет байлықтарын жасауға қатысады. Еңбек әрекеті белгілі бір міндетті ұйымдасқан формада жүзеге асырады. Дәлме-дәл белгіленген мерзімде жұмысшы қатаң реттелінген іс-әрекетті орындайды. Ұйымдастыру жүйесі оқудың да қажетті компоненті болып табылады. Ойынға еркін ұйымдастыру жүйесі тән. Мысалы, балаға сағат 10-11- ге дейін қуыршақ ойнап, 11-ден кейін доп ойнауды ешкім міндеттемейді. Ойынның негізгі мотиві баланың ойын процесінде қанағаттануы болып табылады. Егер баланың ойынға ықыласы таусылса, ол ойнауын тоқтатады. Оқу мен енбек адамды іс-әрекетке талпындыратын мотив ретіндегі қызығудың бар-жоқтығына қарамайды, мұнда тапсырылған істі орындау қажетін түсіну, парызды сезіну орын алады. Алуан түрлі іс-әрекет түрлері бірінбірі толықтырып, бірге өмір сүріп, бір-бірімен жымдаса келіп отырады. Балалар бақшасында сәбилер тек қана ойнап қоймай, сонымен қатар санауды, сурет салуды үйренеді. Оқушы сабақ біткеннен кейін армансыз ойнайды. Сабақты ұйымдастыруда да ойын сәттерін пайдалануға болады. Мысалы, география сабағында қиялмен еліміз немесе дүние жүзі бойынша таңғажайып сапар шегу - ойын болып табылады. Оқушылар шет тілі сабағында ойындық рольдерді ықыласпен атқарады. Жұмысшы тек қана еңбек етіп коймай сонымен қатар оқу оқиды (кешкі мектепте, колледжде, жоғары оқу орнында немесе өз бетімен білімін көтереді). Іс-әрекет түрлері бір-бірінен бөлек өмір сүрмегенімен, адам өмірінің әр түрлі кезеңінде олардың маңызы түрліше болады. Өмірдің бір кезеңінде жетекші іс-әрекет ойын болса, екінші кезеңінде - оқу, ал үшінші кезеңде - еңбек болады. Сөйтіп, бұл арада біз іс-әрекеттердің адам өмірінің белгілі бір кезеңінде басты іс-әрекет болып табылатындары жайында әңгімелеспекпіз. Мектепке барғанға дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі, түрі - ойын. Оқушы ісәрекетінің жетекші түрі - оқу, epeceк адамдардікі - еңбек.
Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Пайдасыз болып көрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі маңызды проблема болды. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мысалы, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бірбірімен өзара қарым-қатынас жасайды Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенді-өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларды өзінше емдейді." Бірақ бұл оның жай тілегі мен қызығуынан туған. Ойыннын қозғаушы күші - баланың нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсат мен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді. Бұдан ойынның ешқандай маңызы жоқ деген қорытынды тумайды. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Кейбір шетел психологтары ойыңды көбінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен, олардың бірі - жануар төлі мен адам баласының ойынының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарса (К.Гросс), екіншілері ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді (Г.Спенсер), ал үшінші біреулері - ойынды жай рахат табудың бір көзі (К.Бюлер) деп қарайды Баланың ойын әрекеті сөйлеуді меңгерумен тығыз байланыста дамиды. Кішкентай бала (1-2 жас) зат болмаса әрекетті көрсете алмайды, бірақ оның сөйлеуінің дамуына байланысты мұндай әрекеттердің болуы мүмкін. Өзін-өзі 4 мойындаудың дамуы балаға өз "Менін" сыртқы әлемнен бөліп алуға мүмкіндік береді. Бала өзіне ересек адамдардың әр түрлі функцияларын "өлшей" бастайды. Егер екі жастағы ұл бала машинаны жіп арқылы жәй сүйресе, ол төрт жасқа келгенде жүргізушінің рөлін атқарады. Рөлдік ойын пайда болады. Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынының мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, біржастағы бөбектердің ойыны манипуляциялық (сыртынан ұстап көріп, тарсылдату деген мағынада) сипатта болса, балалар бақшасыңдағы балалар сюжеттік ойындармен айналысады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасыңдағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамьпу үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан тәрбиешілер мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың ойынына үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың әрекеттік мазмұны өзінің негізгі мақсатына жете қоймайды. Мәселен, бала әкесіне еліктеп, түрлі заттарды шегелеуді үлкен дәрежеде көреді. Баланың осы тілегін қолдау керек. Осындай ойын арқылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл өзінше "ойын" болып саналғанымен, баланың, барлық күш-жігерін, зейінін өзіне аударып отыр. Балалар ойынына үнемі дұрыс басшылық етіп отыру - ой-өрісінің, өмір тәжірибесінің жан-жакты қалыптасуына байланысты жүргізілген жұмыстардың басты бір болігі. Балардың өсіп-жетілуіне орай ойын да өзгереді. Сәби өмірінің алғашқы екі жылында қимылдарды игереді. Бұл функционалдық ойындардың пайда болуына жеткізеді. Функционалдық ойында сәбилер алдында заттардың оларға белгісіз қасиеттері, заттармен әрекет жасау әдістері ашылады. Мысалы, бала есікті тұңғыш рет кілтпен ашып, жауып көргеннен кейін, реті келсе-ақ бұл әрекетті сан рет қайталауға әуес болады. Бұл әрекетті ойындық жағдайларға да енгізеді. Ойын кезінде балалар кілтті бұрағандай етіп ауада қимыл жасап, оның дыбыстарын салады. Конструктивтік ойындар анағұрлым күрделі болады. Ойында сәбилер құрылыс материалдарын пайдалана отырып, үй салады, тамақ пісіреді. Балалар заттардың не үшін қажет екенін және адамдар арасындағы қарым-қатынасты аңғаруға жететін конструктивік ойындар сюжеттік ойындарға айналады. Сәби өзіне белгілі бір рөл алып, "ана мен бала", "магазин" ойынын ойнайды. 3-4 жасқа дейін балалар бір-бірімен қатар ойнағанымен, бірге ойнамайды. 4 жастан бастап ойын ұжымдық қалып алып, белгілі бір ойын тәртібі енгізіледі. Әрине балалардың ұжымдық ойынға қатынасуы тәрбие жағдайына байланысты. Үйде тәрбиеленген балалар, балалар бақшасында тәрбиеленген сәбилерге қарағанда ұжымдық ойынға әзер дегенде қосылады. 6-7 жасқа келген кезде мерзімі едәуір ұзаратын сюжеттік-рөлдік ұжымдық ойындарда балалар ойынның негізгі мағынасын және жолдасының іс-әрекетін қадағалайтын болады. Сюжеттікрөлдік ойындар балаларды ұжымда өмір сүруге үйретеді. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі болғанымен іс-әрекеттің басқа түрлерін жоққа шығармайды. 3-4 жастан бастап сәби өзіне-өзі қызмет ету еңбегімен танысады. Ол беті-қолын жууды, киінуді, ойнап болған соң қуыршақтарды жинап орнына қоюды үйренеді. 5-6 жаста балалардың міндетіне бөлмелердегі өсімдіктерді күту, үлкендерге қолқабыс ету, т.б.осы сияқты іс қосылады. Балалар бақшасында сәбилер асханада, хайуанаттар бұрышында, ойын бөлмесінде қызметші болу міндетін ықыласпен атқарады. Ойын кезінде шаруашылық жөнінде шамасы келетін тапсырмалар беру баланың бойында еңбек дағдысын қалыптастырып бекітеді, іске жауапты қарау, жолдас қамын ойлау, тиянақтылық сияқты игі психологиялық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі. Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мәселен, мектепке дейін тұрмыстық ойындарды (семья, магазинге бару, т.б.) көбірек ойнайтын болса, еңді қоғамдық-саяси мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Мәселен, бірінші сыныптағылар қуыршақтарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ үйрете бастайды, олардың бірі - мұғалімнің, қалғандары оқушының ролін атқарады. Ойында мектеп өмірінің бейнелеуі екініші сынып балаларында біртіңдеп кеми бастайды, оның орнын творчестволық ойыңдар басады. Адамдардың жай қимыл-қозғалысын көрсетуден гөрі бала олардың бір-бірімен қатынаста, сезімдері мен көңіл-күйлерін көрсетуге талаптанады. Енді оқыған кітаптарды, көрген кинолары, үлкендерден естіген әңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді. Бастауыш сынып оқушылары ойындарының басты ерскшелігі - оның ұжымдық сипатта болатындығы. Әрині жеті-сегіз жасар балалардың ойын ұжымы әлде де тұрақсыз болады. Өйткені бұлар ұжымдық өмір сүруге әдде де жөнді дағдыланбаған, мұндай ұжымның кұрамы екі-үш баладан аспайды. Ал үшінші, төртінші сынып оқушылары ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді Мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы - бала ұжымын құрастыруға таптырмайтын құрал. Бұл ұйымдар балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиелейді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсіне бастайды. Өзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістерінен (тартыншақтық, менмендік, өшпенділік, қыңырлық т.б.) ұялып, одан арылғысы келеді. Бірақ бұған шамасы жете қоймайды. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен, бір бала өзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына да әсер етеді. Мәселен, орман ішінде ойналған ойын туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен өсімдіктердің, жанжануарлардың өміріне қызығушылықты қалыптастырады. Бастауыш сынып оқушыларының өмірінде спорттық ойындар да едәуір орын алады. Олар футбол, волейбол, теннис ойындарын ойнай алады. Бұл ойындарда ережелерді сақтау, бір-бірмен жарысу сәттері көп болады. Сондықтан да мұндай ойындар инициативаны, жылдамдықты, ептілікті, тапқыштықты қажет етеді, өз қимылдарын жолдастарының қимыл-қозғалысына бағындыруды үйренеді, жолдасқа көмек беруді, өз командасы үшін бар мүмкіндігін сарқа пайдалануды ойлай бастайды. Ойында жарысқа түсу, біріненбірі озу жағы да көзделеді, Төменгі сынып оқушылары спорттық ойындарға тән тиісті дағдыларды, ептілікті, ержелерді жөндеп үйрене қоймағанымен қимыл-қозғалыстық аса қажетті үйлесімділігін, жылдамдықпен онтайлықты жақсы менгереді. Осы ойындардың бір жақсы жері сол, балаға секіру, лақтыру, қарғу, өрмелеу сияқты атрибуттарды үйретіп қана қоймай, адалдық, шыншылдық, принциптілік секілді адамгершілік қасиетгерге баулиды. Бастауыш мектеп мұғалімдері бала ойындарына дұрыс жегекшілік көрсету арқылы оның денесін ғана шынықтырып қоймай, онда жақсы психологиялық қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Оқу - іс-әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде менгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Мектепке бару - бала өміріндегі жауапты кезең. Оқи бастаған соң оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Онда мектепке уақытында бару, үй тапсырмаларын орындау, жолдасына көмектесу сияқты көптеген жаңа міндеттер пайда болады.Сөйтіп мектепке барған алғашқы күннен бастап баланың айналасымен қарым-қатынасы міндеттілік приципімен реттеледі. Міндет шеңбері ұлғая береді. Жақсы оқу парызы - тек ата-ана алдындағы парыз ғана емес, сынып, мектеп, бүкіл отан алдындағы, өзінің ар-ожданы алдындағы парыз. Оқу мыналардан құралады: қоршаған заттар мен құбылыстардың ерекшеліктері туралы ақпаратты меңгеру (білім); іс-әрекеттің негізгі түрлерін құрайтын амалдар мен операциялар (бейімділік); іс-әрекет мақсаттары мен жағдайларына сәйкес амалдар мен операцияларды дұрыс таңдау үшін, көрсетілген ақпаратты пайдалану әдістерін меңгеру (икемділік). Сонымен, оқу жайлы адамның әрекеттерін саналы мақсат басқарған кезде ғана айтуга болады. Саналы мотивтердің болуы - оқудың маңызды алғы шарты. Осыдан жануарларда оқудың болуы мүмкін емес екендігін анық көруге болады. Адамда да оқу оның мінез-құлқының саналы түрде реттелуі кезеңінде ғана, 6-7 жасқа таман болады. Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Өйткені ұғыну өте күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезендерден тұрады. Мәселен, мұның бірінші кезеңіңде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы мағлұмат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап көреді. Үшінші кезеңде, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды, төртінші кезенде бала ұғынған нәрсесін ойына ұстап тұрады да, бесінші кезенде, балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың шығармашылық, ұқсастықтарын көре білуге үйренеді, мұндағы себеп пен нәтиженің занды байланысына түсінеді. Мәселен, "от жақса түтін шығады" дегенде оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып тұрғандығын бала байқайдьі да, шындықтағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен осындай байланысатындығын түсінеді. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығына баланың түсініп, көзінің жетуі ұғыну деп аталынады. Психолог П.Я.Гальперин өзінің "Ақыл-ой әрекетінін сатылап қалыптасу" теориясында бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді (затты ұстап көру, тұрқын, көлемін ажырату, шамамен өлшеу, т.б.) пайдаланады, сосын оның бейнесін елестетеді. Содан соң дауыстап және іштен айта алатын болады, сөйтіп сыртқы заттық әрекеті біртіндеп ішкі ой әрекетіне айналады дейді. Оқу әрекетінің өзіне тән мотивтері (себептері) болады. Тәрбиеші, не оқитын адамның өзіне осы мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндіктен, оның оқуға деген қатынасы да (мотивтері) өзгеріп отырады. Мәселен, жоғары сынып оқушыларының оқу мотивтері бастауыш мектептегілерден басқаша болады. Білім игеру үлкен саналылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез-құлқын меңгеруді керек етеді. Бала не үшін оқитындығын бар сана сезімімен ұғынғанша, оған оқудағы формализмнен (мәнін түсінбей құрғақ жаттап алу, өмірмен байланыстыра алмау т.б құтылу қиын болады. Мектепте оқу процесінде оқу мотиві қалыптасып, өзгеріп отырады. Ол төменгі сынып оқушыларындағы қарапайым мотивтен бастап, жоғарғы сынып оқушыларында парыз сезіміне дейін көтеріледі. Алғашқы жылдары балалар үйде ата-аналары ұрыспауы үшін, жақсы баға алу үшін оқиды. Орта мектепте пәндерге саралай карау дамиды. Осыған орай ғылым мәселелерін білуге құмарлық, жеткіншектің танымдық қажетін қанағаттандырарлықтай білім алу мотиві пайда болады. Мінез-құлықтық жоғары сатылы реттеушісі болып табылатын парыз бен арды қалыптастыру, оқу мотивінің сферасына жоғары адамгершіліктік сезімдерді қосады. Орта мектепте оқу ісін ұйымдастыру оқушыдан үлкен жауапкершілікті және оқуға саналылықпен қарауды талап етеді. Сабақтардың пәндер бойынша жүргізілуі мұғалімнің оқушы үлгерімін бақылау мүмкіншілігін азайтады. Ой қызметінің сапасына талап арта түседі. Оқушыдан мұғалімнің айтқандарын, кітаптан оқығандарын-жай ғана есте сақтаудан гөрі оны ұғу, ой елегінен өткізе білу талап етіледі. Математикаға физика, химия және басқа пәндер ұғымдар жүйесін, білімдер жүйесін қалыптастырады.
Еңбек жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория. Ол өзінің негізгі қоғамдық заңдылықтары бойынша психологияның емес, қоғамдық ғылымдардың пәні. Еңбек іс-әрекетінің психологиялық жағының ерекшелігі: еңбек өзінің объективтік қоғамдық мәні бойынша, қоғамға пайдалы өнімді жасауға бағытталған іс-әрекет болып саналады. Адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын барлық заттарды бір адам ғана өндірмейді, сондықтан адамның іс-әрекетінің мотиві болып оның әрекетінің өнімі емес, басқа адамдар іс-әрекетінің өнімі, қоғамдық іс-әрекеттің өнімі саналады. Еңбекте еңбек техникасы ғана емес, адамның еңбекке қатынасы да маңызды болады. Еңбек дегеніміз - адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады. Еңбекте адамның қабілеті мен мінез-құлқы жалпы жеке басының қасиеті ашылып, қалыптасады. Өндіріс еңбеккер алдына іске тек творчестволықпен қарағанда ғана шешуге болатын көптеген проблемалық ситуациялар мен міндеттер қояды. Еңбек өнімділігіне әсер ететін жайларды зерттеу - өндіріс процесінде адамға әсер етпейтін факторлардың жоқ екенін көрсетті. Бөлме қабырғаларының түсі, жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыстағы еңбек ету және үзіліс режимі, еңбектес жолдастармен қарым-қатынас т.б. осы сияқты факторлардың бәрі еңбек өңімділігіне тікелей әсер етеді. Осының бәрі жиналып адамнын жұмыстағы көңіл күйін құрайды, оның еңбекте күш жұмсауын жеңілдетеді немесе керісінше қиындатады. Біздің елімізде қол жеткен техникадық процеске орай мұғалім еңбегінің ерекшеліктері және оның біліміне, икемділігіне, дағдыларына деген талаптар едәуір өзгерді. Бұқаралық коммуникация құралдарының (интеренет, баспасөз, радио, кино, теледидар) кең тарауы оқушылардың мектептен тыс жерде білімнің барлық саласынан мол хабардар болуына жағдай жасады. Мұғалім қазіргі күні кешеге дейін болғанындай, оқушыға бірден-бір хабар таратушы. Мұғалім еңбегіне қоятын талап бұрынғыдан гөрі жоғарьлай түсті. Ғылымның барлық саласы нақтылы материалдармен шапшаң толығып жатқан шақта мұғалім өз білімін үнемі көтеріп отыруға мәжбүр болады. Оқу және тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарау жас ұрпақты табысты оқытудың қажетті шартына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет