Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 №1-дәріс. Тақырыбы: Психология ғылымының жалпы мәселелері


§1. Кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтау



бет38/51
Дата12.11.2022
өлшемі0.79 Mb.
#464642
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51
Дәрістер тезистері


§1. Кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтау
§2. Кәсіби құндылықтар түсінігінің мазмұны
§3. Кәсіби іс-әрекетіндегі өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі бекітуі
§4. Кәсіби даму түсінігі
§5. Кәсіби таңдау мен кәсіби бағытталудағы психодиагностика
§1. Кәсіби тұрғыдан өзін – өзі анықтау
Кәсіби өзін – өзі анықтау – адамның өз кәсіби қабілеттерінің даму деңгейі мен бағытын ұғынуы. Кәсіби өзін – өзі анықтаудың басты ( ізгі ) мақсаты – адамдағы өз даму келешегін өз бетінше саналы түрде жоспарлауға және оны іскеасыруға деген іштей дайындықтың бірте – бірте қалыптасуы. (Ізгі мақсат деп аталу себебі бұл мақсатқа қол жеткізу өте сирек кездеседі ).
Кәсіби өзін-өзі анықтаудың міндеттерінің негізгі топтарына ақпаратты-анықтамалық немесе ағартушылық, диагностикалық ( өзін – өзі тануға жәрдемдесу), моральді – эмоциялық ( таңдауда, шешім қабылдауда көмек көрсету) міндеттері жатады. Адам өзі көп жағдайда өзін-өзі кәсіби анықтай алмайды, сондықтан ол кеңесшінің көмегіне жүгінуіне тура келеді.
Кәсіби өзін – өзі анықтаудың негізгі белгілері:
Формализация – кәсібилік дипломдарда, сертификаттарда, еңбек кітапшасында, еңбек нәтижелерінде және т. б. көрінеді.
Қолайлы жағдайлар – әлеуметтік сұраныс, талапқа сай ұйымдар, құрал – жабдықтар және т. б.
Е. А. Климов кәсіби өзін -өзі анықтаудың гностикалық және практикалық деңгейлерін ажыратып көрсетті:
Гностикалық деңгей дегеніміз сананы және сана сезімді қайта құру.
Практикалық деңгей – адамның әлеуметтік мәртебесінің нақты ( шынайы) өзгеруі.
Жандандырушы әдістеменің басты сипаттамалары:
әдістемеде қаралатын мәселелердің өзіндік маңыздылығы;
көрсетілген әдістеме процедурасына клиенттердің өз еркімен қатысуы;
әрекет жоспарының екіжақтылығы:
бір жағынан – нақты әрекеттер жоспары;
екінші жағынан – ойдан шығарылған әрекеттің жоспары;клиентпен бірлесе отырып кәсіби бағдар проблемаларын қарап шығуды ұйымдастыру. Бұл ұйымдастыру жұмыстың ортақ мақсатын белгілейді, атап көрсетілген проблемалар мен мақсаттарды шешу үшін жалпы әдіс-тәсілдерді қолдануды болжайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет