Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 №1-дәріс. Тақырыбы: Психология ғылымының жалпы мәселелері


Этнопсихологиядағы жеке тұлғаның теориялық сұрақтары



бет7/51
Дата12.11.2022
өлшемі0.79 Mb.
#464642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Дәрістер тезистері


§3. Этнопсихологиядағы жеке тұлғаның теориялық сұрақтары.
Этнопсихология ғылымында негізінен ұлттар туралы екі деңгейде сөз өрбітуге болады:

  • Мемлекеттік ұлттық мәдениеттің бөліктері (оған жататындар объективті символдар).

  • Субъективті реакциялы (индивидтің тұтас идентификациясының сапалығы және тұтастығы, олардың құндылықтарының бағыты бойынша анықталады).

Жек тұлға мәселесі гуманитарлық орталықтың ғана емес этнопсихология ғылымыныңда үлкен мәселесі. Сондықтанда адамды этноұлттық жеке тұлға ретінде қалыптастыру этнопсихологияның қызықты теориялық және эмперикалық негіздері ретінде қарастырылады.
Этнопсихология ғылымында жеке тұлға әлеуметтік даму және сапалы іс-әрекетке дайын әлеуметшіл адам ретінде анықталады. Жоғарыдағы берілген анықтама өзінің растығын дәлелдей алады. Жеке тұлғаны қалыптастыру оның этникалық құндылығын, рухани сипатын мәдени–психологиялық құбылыстарын ұғынумен байланысты. Г. Шпеттің пікірінше “Бөлек адамның тарихтағы ұлттық құндылығы, тарихты есіне түсіруі биологиялыққ тұқым қуалаушылықпен емес, сол тарихтың мазмұнын құрайтын дәрежесімен өлшенеді”.
«Этникалық біртектілік» индивидтің белгілі бір этносқа жатуы. «Біртектілік» ұғымы бүгінгі таңда философияда, психологияда, этнологияда, мәдени және әлеуметтік антропологияда әртүрлі мағынада және аспектіде кеңінен қолданылады. Жалпылама түсінікте ол обьектінің (субьектінің) басқа обьектіге (субьектіге) бөлек немесе тұтастай жатқызылуын ұғынуды білдіреді (Г.Т.Тавадов). «Біртектілік» индивидтің өзіне-өзінің сыртқы ортасының қасиеттері мен ерекшеліктерін көшіру, жеке тұлғалық өмірінде берілген жағдайда өмірлік маңызға ие белгі-қасиеттерді маңыздандыруға ұмтылу үрдісі ретінде түсіндіріледі.
Сонымен қоса, ұқсастыру, еліктеу үрдісінің негізі болып табылады, яғни күш көрсету арқылы емес, ол адамның өзі ие болғысы келген құңдылықтар мен ептілік және қасиеттерді еркін таңдауы.
Біртектілік мәселесі қазіргі ғылымдағы «Мен концепциясымен» тығыз байланысты, ол бойынша индивидтің ішкі тұлғалық негізі «Мен» дегені бар деп тұжырымдайды, яғни ол маңызды мәліметтерді алып, маңызды еместерін қабылдамайды.
Бұл жерде «Мен» жеке тұлғаны білдірмейді, ол ішкі тұтастықпен сипатталатын феномен, яғни адамның өзі туралы және өзі үшін түсінігіне қалыптасатын сана-сезімге жақын ұғым.
Біртектіліктің деңгейі өзін бір топтың мүшесі ретінде сезінумен, сондай-ақ осы топқа жатқызылуды бағалау барысында туындайтын эмоциялармен байланысты.
Екінші деңгей - әлеуметтік психологиялық, белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылығын сезінуден туындайды. Индивидке өзінің топтық тиістілігін іздеу тән, ол ұқсас топтармен өзара қарым-қатынас шегінде ғана болуы мүмкін. Себебі, адамға өз тобын басқа топтармен салыстыру және өз тобын жақсы жағынан көрсету мақсатында әрекет ету тән.
Біртектілік саналы және санадан тыс, толық немесе жарым-жартылай, тікелей және жанама болуы мүмкін (өзін бір халықтың өкілі ретінде санап, бірақ басқа халыққа тән белгілерді көрсету). Жанама біртектілік, сәйкес қауымдастықтың топқа қосылумен жүзеге асырылады, яғни, «Мен» нақты бір халықпен, оның әртүрлі этникалық ұғымдарымен, тұтастыққа қосылу арқылы ұқсас боламын.
Ондай тұтастықтар кез-келген субьектілер, яғни жанұялар, субэтностар, этнографиялық топтар және т.б. болуы мүмкін. Қосылу біртетілігі көп деңгейлі және иерархиялы болуы мүмкін, демек «Мен» халыққа белгілі бір топқа кіру арқылы ұқсаймын, ал ол өз кезегінде басқа топқа кіреді және т.б.
Этникалық біртектіліктің мәдени құндылығы өте жоғары деңгейде, себебі ол тұлғаның жетілуіне басқа әлеуметтік топтарға қарағанда үлкен мүмкіндік береді. Сондай-ақ, этникалық біртектілік, қандай-да бір жеке іс-әрекеттер арқылы емес, ол нақты бір этникалық ортада тууы немесе тәрбиеленуі бойынша қабылданады.
Өзінің этникалық сәйкестілігін жете түсіну өздігінен болатын және себепсіз болатын акті емес, ол нақты қоғамдық қажеттіліктермен негізделеді. Туыстық немесе біртектілікті ұғыну қажеттілігі ерте заманда туындаған. Ал бұл құбылыс алғашқы қауымдық құрлыста салт-дәстүрлердің және түснініктердің біртұтас жүйесінің пайда болуына әсер етті. Тайпалық одақтар мен мемлекеттердің пайда болып және өмір сүруі, этникалық біртектілікке сапалы қажеттілікті тудырады, бірақ ол тұрғындарға бағынышты қоғамның идеялогиялық негізінен туындаған этностан көрініс алады, ол әдетте діни наным сенім тұтастығын орнықтыруда көрінеді. Мұндай жағдайларда этникалық біртектіліктің қалыптасуына этноконфессионалды біріктіруші фактор қосымша негіз болып табылады.
Этникалық біртектілікті жүзеге асыру амалдары мен жағдайлары ішінде біріншіден ұлтттық тіл мен ортақ территорияда өмір сүруін ажыратып көрсету қажет. Ұлттық тіл негізінде этностың біртұтастылығы қамтамасыз етіледі. Бір жерде тұру жинақылығы этнос тұтастығының қажетті белгісі болып табылады. Дегенмен, жаңа ақпараттық және транспорттық байланыстардың дамуымен байланысты жинақылық пен шашыраңқы белгілері жанама болып отыр.
Көптеген ғалымдардың пікірінше өзін бір этностың өкілі ретінде сезінуді – жеке тұлғаның этникалық идентикациясы деп атайды. Жеке тұлғаның этникалық идентикациясы туралы кең мағыналар өте көп. Оларды шартты түрде екі облысқа бөлуге болады:

  • өзіндік идентификация ;

  • этникалық топтың идентификациясы.

Өзіндік идентификация - этнофораның өзіндік мінезінің ерекшеліктерімен анықталады.
Ал этникалық топтың идентификациясы - әлеуметтік категориялармен және этникалық топтың қорытындысымен айқындалады. Этнофораның өзіндік идентифификациясы негізінен үш фактормен анықталады:

        1. этнофораның басқалармен қарым-қатынастағы орны (этникалық құрылымның және этникалық ролъдердің еңселігі) туралы түсінігі;

        2. этнофораның өзін-өзі көрсету сапасы ( мінез-құлық);

3. этнофораның өзіндік бағасы (теңбе-тең, теңбе–тең емес);
Этникалық идентификация тек қана өзін этникалық қауымдастықтың өкілі ретінде сезіну ғана емес, оның өзіне-өзі баға беруі.
Этнопсихологиялық зерттеулердің қорытындылары этникалық идентификацияның негізгі үш типін айқындайды :

  • Полиэтникалық идентификация – бірнеше этносқа деген көзқарас .

  • Трансэтнизм - жеке тұлғаның өзін ешқандайда этностың қатарына жатқызбауы. Өзін әлемдік қауымдастықтың субъектісі ретінде сезінуі. Мысалы: Лев Толстой, Махатма Ганди.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет