Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 №1-дәріс. Тақырыбы: Психология ғылымының жалпы мәселелері


§1.Этнопсихология пәні, мақсаты, міндеттері, бағыты



бет4/51
Дата12.11.2022
өлшемі0.79 Mb.
#464642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Дәрістер тезистері


§1.Этнопсихология пәні, мақсаты, міндеттері, бағыты
§2.Этнопсихологияның әдістемелік негіздері.
§3.Этнопсихологиядағы жеке тұлғаның теориялық сұрақтары.
§1.Этнопсихология пәні, мақсаты, міндеттері, бағыты
Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Европада пайда болды. Өйткені, ұлттық өзіндік ойлау алыстағы және көршілес жатқан халықтар туралы мәлімет жинаумен, адамдардың қоршаған орта туралы білімінің кеңеюімен дамыған. Адамдардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеу адам жөніндегі ғылыми түсінікті кеңейтеді. Этнопсихология ғылымы бойынша зерттеулер нәтижесі ұлттық теорияның талдауы үшін негіз болып табылады. Тарихи шарттарға байланысты бүкіл этнопсихологияның дамуы бойында оның методологиясы да өзгеріп отырады. Әлі күнге дейін шешілмеген сұрақтардың бірі – этностың құрылуы үшін негізгі қасиеттерді сұрыптау.
Этнопсихологияның негізгі міндеттерінің бірі: этнопсихология жеке этностардың психологиялық заңдылықтарын, тарихи және мәдени ерекшеліктерін зертттеу болып табылады.
Қазіргі кезде этнопсихологияның екі міндетін ерекшелеп атап өтуге болады: қандай да бір қоғамның адамдарының нақты тарихи этнопсихологиялық ерекшеліктері; этника арасындағы қарым-қатынас аумағы.
Адамның тегі, халқы, ұлты сияқты жалпыламалар адамдардың психологиясының даму ерекшелігін көруге көмек көрсетеді. Мәселен, халық, ел құрылғанда адамдардың этнопсихологиялық ерекшеліктері негізгі рөлді атқарады, яғни әр түрлі этностар үшін ортақ тіл, мәдениет құру қажеттілігі туындайды. Ежелгі замандағы этнографиялық байқаулар, оның негізіндегі адамзаттың қарапайым білуге құштарлығының өзі, этнопсихологиялық мағлұматтардың жиналуына өзінің үлесін тигізді.
Этнопсихология ұғымына түсініктеме беретін болсақ “этно” – тайпа, халық, “псюхе” – жан, “логос” – ғылым, ілім деген терминдерден тұрады. Осыдан келіп, психология адамдардың психологиялық дамуы мен қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін болса, этнопсихология зерттеліп отырған адамдар қауымдастығына тән мінезді, қауымдастық өкілдерінің мүдделерін, ұлттық сана–сезімнің қалыптасуын, тек өзіне ғана тән психологиялық, стилистикалық кешендерін зерттейтін ғылым, әлеуметтік психологияның аса маңызды салаларының бірі.
Осы орайда Г.М. Андреева “индивидтің ұлттық (этникалық) белгісі қандай да болмасын жеке адам қалыптасатын микроортасының әлеуметтік бағытына әсер етіп, сипат алуына байланысты көрінеді”,- дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет