Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 №1-дәріс. Тақырыбы: Психология ғылымының жалпы мәселелері



бет12/51
Дата12.11.2022
өлшемі0.79 Mb.
#464642
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
Дәрістер тезистері

§ 3. Мотивация және жеке адам
Бiз жоғарыда қарастырып өткен мотивациялық факторлар уақыт өте келе жеке адамға етене болатыны соншылық оның тұлғалық бiтiстерiне айналады. Олардың қатарына; табысқа жету немесе сәтсiздiктен қашу мотивi, мазасыздану, локустық қадағалау, өзiндiк бағалау, талаптану деңгейiн жатқызуға болады.
Сонымен қатар жеке адамды тұлға ретiнде сипаттайтын оның қарым-қатынасқа деген қажеттiлiгi (аффилиация мотивi), билiк мотивi, басқаларға жәрдемдесу мотивi (альтруизм) және өшпендiлiк сияқты адамның басқа адамдарға деген қатынасын реттейтiн әлеуметтiк маңызды мотивтерiне кеңiрек тоқтала кетуге болады.
1) Табысқа жету және сәтсiздiктен қашу мотивi. Табысқа жету мотивi теориясы бойынша адамда iс-әрекет пен функционалды байланыста болатын, табысқа жетуге бағытталған екi түрлi мотив болады. Бұл екi мотивке ие жеке адамдардың жүрiс-тұрысының қозғаушы күштерi арасында елеулi айырмашылықтар болады.
Табысқа жету мотивiн ұстанған адамдар өз iс-әрекетi алдына нәтижесi сөзсiз табысқа әкелетiн iс-әрекет түрлерiн, әдiс-тәсiлдерiн таңдап алып, оған жетуге белсендi атсалысады. Мұндай адамдардың когнитивтi сферасында табысты күту,яғни табысқа жету сенiмдiлiгi болады. Олар өз iс-әрекетiн басқалардың қолдауы, құптауын сезiнiп, осыған сай iс-әрекетi жағымды эмоцияларға толы болады. Оларға өз iсiне бар күш-жiгерiн жұмсау, қойған мақсатына бар зейiнiн шоғырландыру тән болып келедi.
Керiсiнше, сәтсiздiктен қашу мотивi басым адамдарда, iс-әрекеттегi негiзгi мақсат табысқа жету емес, сәтсiздiктен қашу болып табылады. Олардың бар күш жiгерi осы мақсатқа жұмылдырылғандықтан, оларда сенiмсiздiк, сынға ұшырау, сәтсiздiк қорқынышы нәтижесiнде жағымсыз эмоция басым болады. Олардың бойында сәтсiздiкке ұшырау қаупiн үнемi сезiнгендiктен iс-әрекетке деген ықыласы төмендейдi.
Табысқа жету мотивi бар адамдар әдетте, өз мүмкiншiлiктерi мен iскерлiк, дағдыларына сай iс-әрекет түрлерiн таңдап алады. Талаптану деңгейi мен мүмкiндiктерi арасында толық теңдiк орнаған. Ал, сәтсiздiктен қашу мотивi бар адамдар өз мүмкiндiгiн бағалауда жоғары өзiндiк бағалау немесе төменгi өзiндiк бағалау нәтижесiнде ең қиын немесе ең оңай iс-әрекет түрiн таңдап алады. Олардың бойындағы талаптану мен мүмкiндiк деңгейi арасында сәйкестiк болмайды.
Табысқа бағытталған адамдар өз алдына қойған мақсаттарына жету үшiн барлық мүмкiншiлiктердi пайдаланады. Ал басынан сәтсiздiкке бағытталған адам өзiне сенiмсiздiк бiлдiрiп, сыннан қорқады.
2) Аффилиация мотивi. Бұл мотив адамдардың өзара қарым-қатынас кезiнде адамдармен жағымды, эмоциялық тұрғыда жылы қарым-қатынас жасауға талпыну ретiнде көрiнедi. Бұған қарама-қарсы адамның басқа адамдар тарапынан шеттетiлуiнен, өзiн қабылдамауынан қорқу мотивi де байқалады. Адамдардың жеке адам аралық қарым-қатынастағы белсендiлiгi немесе енжарлығы оның бойында аталмыш мотивтердiң басымдылығымен айқындалады. Аффилиация мотивi көбiне жеке адамның қоршаған орта тарапынан қолдауға ие болуы және өзiне деген сенiмдiлiктi қалыптастырумен қатар өз-өзiн бекiтуге деген талпынысымен байланысты жүзеге асады.
3) Билiк мотивi. Бұл мотив адамның басқа адамдарға үстемдiк немесе билiк көрсетуге талпынуы.
4) Альтруизм немесе көмек көрсету мотивi. Альтруистiк мiнез-құлықты адамның қоршаған ортадағы басқа адамдардың жағдайын жасауға бағытталған әрекеттерi ретiнде түсiндiруге болады. Мұнда қамқорлық көрсету, басқаларды қолдау, қорғау, жайландыру талпыну мотивтерi ретiнде көрiнедi.
5) Агрессия мотивi. Адамға моральдық, материалдық немесе физикалық зақым келтiретiн әрекеттердi агрессия деп айтады. Агрессия тек фрустрацияға деген реакция ретiнде ғана емес, басқа адамдарға бөгет жасау, оларға әдiлетсiздiк көрсету, оларды кемiту, зақым келтiру ретiнде көрiнуi мүмкiн.
Осы дәріске тест тапсырмалары және сұрақтар:
Референтті топтың сипаттамасы
А) & адам оның мақсаты мен құндылықтарын қабылдайды
В) адам оның мақсаты мен құндылықтарын қабылдайды
С) бұл топта ауызбіршілік жоқ
D)бұл топ жасанды құрылады
Е) бұл топтың барлық мүшелері(лидер) белсенді болады
*****
Адамның танымдық белсенділігін ұйымдастырушы іс - әрекет түрі:
А) еңбек
В) қарым- қатынас
С) & оқу
D) ойын
Е) мінез - құлық
*****
Қандай қасиеттердiң түрі индивид үшін қажетті және оның еркін сипаттайды
А) & сабырлық
В) ұялшақтық
С) қорқақтық
D) жинақылық
Е) құштарлық
*****
Ереже, нормаларға адам бағдарланатын эталонды топ:
А) диффуздық топ
В) формалды емес топ
С) номиналды топ
D) & референтті топ
Е) лабораториялық топ
*****
Сұқбат дегенiмiз бұл:
А) социометрия
В) контентті талдау
С) интроспекция
D) & ауызша сўрау
Е) жазбаша есеп беру
*****
Кез келген iс-әрекетте табысты жағдай болып келетiн, адамныңерекшелiгi:
А) & қабілеті
В) зейiндiлiк
С) есте сақтау
D) қиял
Е) қайта жаңғырту
*****
Адамның өзін және шындықты қайта құруға бағытталған белсенділік түрі:
А) & iс-әрекет
В) рефлекс
С) сезiм
D) инстинкт
Е) қозғалыс
*****
Өзінiѕ “Мен” бейнесiне арнаған тіл:
А) аффективті
В) & эгоцентрикалық
С) диалогты
D) жанама
Е) синтетикалық
*****
Төменде көрсетілген тұлға анықтамасының қайсысы психолог-ғалым С.Л.Рубинштейнге тиісті?
А) тұлға - бұл мәндік құрылымдар архитектаникасы
В) & тұлға - бұл сыртқы әсерлерді өңдейтін ішкі жағдайлардың жиынтығы
С) тұлға - бұл әлеуметтік мінез-құлық стереотиптерінің жүйесі
D) тұлға - бұл әлеуметтену процесінің индивидуалданған нәтижесі
Е) тұлға - бұл әлеуметтену процесінің индивидуалданған нәтижесі
*****
Тұлға сипаттамасына тән емес:
А) &жыныстық диморфизм мен мидың функционалдық асимметриясының болуы
В) бағыттылықтың және мотивтер жүйесінің бар болуы
С) терең мәндік құрылымдардың бар болуы
D)өз қатынасының сапалы болуы
Е)белсенділік және іс-әрекет бостандығына тырысу
***
Тұлға туралы психоанализ бағытында негізгі көрініске сәйкес келетіні:
А) &тұлға- санадан тыс елігудің жиынтығы
В) тұлға - әлеуметтік қатынастардың субьектісі
С) тұлға - қоғам қатынастарға тәуелділік шарттасқан жүйе
D) тұлға - ерекше өмірлік рухани негіз
Е) тұлға -қоғамдық қатынастармен анықталатын тіршілік иесі
***
Тұлға туралы диспозициялық бағытында негізгі көрініске сәйкес келетіні:
А) & тұлға-қоғам қатынастарға тәуелділік шарттасқан жүйе
В) тұлға-әлеуметтік қатынастардың субьектісі
С) тұлға-ерекше өмірлік рухани негіз
D) тұлға-санадан тыс әуестіктердің жиынтығы
Е) тұлға - қоғамдық қатынастармен анықталатын
Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар:

  1. Жеке адамның мотивациялық сферасының құрылымы мен негiзгi өлшемдерi (кеңдiгi, икемдiлiгi, иерархиялылығы)

  2. Мотивация және iс-әрекет (каузальды атрибуция түсiнiгi, табысқа жету және сәтсiздiктен қашу мотивациясы;

  3. Мотивация факторлары және жеке адам (өзiндiк бағалау, мазасыздану және талаптану деңгейi, альтруизм, агрессия, фрустрация, аффилиация т.б.)

  4. Мотивацияның психологиялық теориялары

  5. Мотивация және жеке адам

1

4-5

4-дәріс. Тақырыбы: Эмоция. Эмоционалды интеллект.
Жоспар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет