Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 №1-дәріс. Тақырыбы: Психология ғылымының жалпы мәселелері


§3. Тұлға құрылымындағы дүниетаным, сенім, мұрат



бет21/51
Дата12.11.2022
өлшемі0.79 Mb.
#464642
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Дәрістер тезистері

§3. Тұлға құрылымындағы дүниетаным, сенім, мұрат.
Тұлға психологиясының негізгі компонеттердің бірі - адамның дүниетанымы мен сенімі, мұраты. Дүниетаным дегеніміз - адамның табиғат жөніндегі, қоғам мен адамзат ақыл-ойының дамуы туралы білімдерінің жүйесі. Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмді, оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жанкиярлық күреске баулиды. Тұлғаның дүниетанымы белгілі бір идеологияның ықпал етуімен қалыптасады. Дүниетаным тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетінін жоғарғы реттеушісі қызметін атқарады. Дүниетанымның беріктігі адамның бойында айқындық пен орнықтылық сезімін туғызады. Дүниетаным тұлғаның мінезін орнықты да табанды ете отырып, оның жалпы бағыттылығын, мақсаттылығын айқындап қана қоймайды,- ол адамның бүкіл бет-бейнесінен, мінез-құлқы мен іс-әрекетінен, әдеті мен бейімділігінен, осы сияқты барлық бітім болмасынан да айқын аңғарылып тұрады. Дүниетанымның мынадай сапалары болады. 1) мазмұндылығы мен ғылымилығы; 2) жүйелілігі және мақсаттылығы; 3) логикалық дәйектілігі мең дәлелділігі; 4) жалпылау дәрежесі мен нақтылығы; 5) іс-әрекетпен жане мінез құлықпен байланыстары. Дүниетанымның мазмұндылығы мен ғылымилығы адамды білімінің байлығы мен тереңдігі жағынан сипаттайды. Тек ғылыми дүниетаным ғана адамды ырымшылдықтан, табиғат пен қоғамның қауіпі алдында қорқу мен сенімсіздіктен құтқарады. Дүниетанымның ғылымилығы адамның өмірде өзі басшылыққа алып жүрген принциптерінің терең, түсінілгендігінің белгісі. Тұлғаның іс-әрекетінің мәселелері, көзқарастары үйлесім тауып, жүйелі құрылса дүниетаным жүйелі және мақсатты болмақ. Мұндай дүниетанымға ие болған адам нақты өмірлік позиция ұстанады, көздеген мақсатына жетеді. Керісінше, дүниетанымы іштей қарама-қайшы адам көбіне құбылыстарды бағалауда жағымсыз мінез-құлықтар, дәйексіздік танытады. Көзқарастар жүйесі ретінде дүниетаным қашан да жалпылама болып келеді. Дүниетаным сапаларының дұрыс үйлесімі келе-келе тұлғаның терең сеніміне айналады. Адамның аддына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Оны өмір толқыны біресе анда, біресе мында соқтықтырады да, мінез-құлықын көлденеңнен кез келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп отырады. Сенім дегеніміз - адамның өмірде өзі ұстанатын принциптері мен мұраттарына терең әрі негізделгең нанымы. Кімде кімнің идеялары өз сезімі мен еркімен тоғысып жатса, кім де кім өз принциптеріне кереғар келетін қылықтардан бойын аулақ ұстаса, сол адамның сенімі зор болып саналады. Сенімі зор адам дегеніміз - өзінің көзқарастары мен ісін қорғап қала алатын, өз борышын өтеу жолында құрбандыққа бас тігуге әзір, жаны жайсан, жігерлі адам. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім, пікірталас, көзқарас қақтығысыңда, ынтымаққа кең жол ашылғанда ғана шыңдала түседі. Тұлғаның психикасын нұрлаңдыратын қасиеттің енді бірі - мұрат (идеал). Бұл - адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат - адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді. Мұрат өмірді бейнелейді. Дұрыс мұрат болмыста бар нәрселердің барлық жақсы жақтарын жалпылау нәтижесінде пайда болады. Демек, нақтылы адамның мінез-құлқы мен іс әрекеті оны өзіне үлгі тұтқан басқа бір адам үшін мұрат санала алады екен. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар рухына тәрбиелеу мектеп мұғалімдерінің де басты міндеттерінің бірі.
Осы дәріске тест тапсырмалары және сұрақтар:
Тұлға теориясындағы диспозиционалды бағыттың негізін салушы:
A) З.Фрейд
B) К.Роджерс
C)& Г.Олпорт
D) А.Адлер
E) А.Маслоу
*****
К.Юнгтің тұлға теориясындағы негізгі ұғым
A) &Архетиптер
B) Экстраверсия
C) Интроверсия
D) Өзімдік және идеалды өзімдік
E) қажеттіліктер иерархиясы
*****
К.Роджерс тұлғаға байланысты ............. зерттеді:
A) психиканың құрылымы мен динамикасын
B) жеткіншек жастағы эгосәйкестенуді
C)& өзімділіктің феноменологиясын
D) өзіндік сананы
E) бейімделу формасын
*****
А.Адлер ұстанған тұлға теориясының ішіндегі бағыт:
A) & Неофрейдистік бағыт
B) Гуманистік
C) Фрейдистік
D) Нейротизм
E) Диспозиционалды
*****
Тұлғаны қалыптастыратын процесс:
A) & Іс-әрекет
B) Тәрбие
C) Оқыту
D) Синестезия
E) Сенсибилизация
*****
Тұлғалық туа біткен ерекшеліктерге жататын қасиет ..........:
A) & Темперамент
B) қабілеттер
C) Мінез
D) Ес
E) Ойлау
*****
Адамды тұлға ретінде сипаттайтын қасиет,ол ......:
A) & ұқыптылық қасиеті
B) шығармашылық
C) ұяңдық
D) ұялшақтық
E) ашушандық
*****
К.Хорнидің пайымдауынша тұлғаның дамуына басымды ықпал ететін фактор:
A) & қоғам, әлеуметтік қоршау
B) туа біткен инстинкттер
C) агрессиялар инстинкті
D) қарым-қатынас
E) дағдарыс кезеңі
*****
К.Хорни тұлға құрылымындағы басымдылық деп санайды:
A) & санадан тыс мазасыздану сезімі
B) ұйқысыздық
C) туа біткен инстинкттер
D) қарым-қатынас
E) агрессиялар инстинкті
*****
Тұлғаның басқа адамға, оның қызығуы мен ниеттеріне бағытталған құндылық бағдары:
A) & Альтруизм
B) Ізеттілік
C) Импульсивтілік
D) Өзіне сенімділі
E) Сезімге берілгіштік
*****
Тұлғаны жеке адам ретінде сипаттайды:
A) енжарлық
B) Ізеттілік
C) &Эмоцияға берілгіштік
D) ұяңдылық
E) қызбалық
*****
К.Хорни ендірген тұлға теориясындағы ұғым:
A) экстраверсия
B) интроверсия
C) & Мен бейнесі
D) Супер-Эго
E) қызбалық
*****
Тұлға дегеніміз:
A) Белсенді іс-әрекет иесі
B) Саналы индивид
C) & Қоғамдық даму жемісі, қоғамда өзіндік орны бар нақты саналы индивид
D) Супер-Эго
E) Психологиялық сипаттамалар жүйесі
*****
Э.Фромм бойынша тұлға дамуының қозғаушы күші:
A) органикалық қажеттілік
B) биологиялық қажеттілік
C) & көпшілдікке және даралануға қажеттілігі
D) эстетикалық қажеттілік
E) әлеуметтік қажеттілік
*****
Тұлғаның құрылымын құрайтын құбылыстар:
A) бағыттылық
B) биологиялық қажеттілік
C) & психикалық қасиеттер
D) психикалық сапалар
E) әдеттер
*****
Жеке адамның туылғаннан өмірінің соңына дейінгі дамуы:
A) бағыттылық
B) Фенотип
C) & Онтогенез
D) психикалық сапалар
E) Биогенез
*****
Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар:
1. Тұлға, индивид, даралық дегенді қалай түсінесіздер?
2. Жеке тұлғаның қалыптасуында сенім мен мұрат қандай маңыз алады?
3. Дүниетаным сапаларын атаңыз?
4. Қажеттілік дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
5. Қызығудың қандай түрлері бар?

1

7

6-дәріс. Тақырыбы: Адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясы.
Жоспар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет