Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер


Білім беру бағдарламасы. Мектептегі оқыту әдістемесімен сәйкестігі



бет2/17
Дата03.02.2024
өлшемі116.13 Kb.
#490708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Дәpiс тезис Cөзжасам, морфология және оқыту-05.22.023

Білім беру бағдарламасы. Мектептегі оқыту әдістемесімен сәйкестігі. Білім саласындағы өзгерістер мен реформалар мектептегі оқушылардың білім алуына, олардың толыққанды тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер ету. Бұл тек қана қазақ тілінде білім алатын мектеп оқушылары арасындағы өзгеріс емес, жалпы білім беретін еліміздегі мектептердегі жаңашылдыққа ұмтылыс. Осымен байланысты Қазақстан республикасында ЖОО білімалушыларға толыққанды білім алуға, оны игеруге, практикалық жақтан пайдаланып, маман ретінде қалыптасуға барлық мүмкіндік жасалған. Білімалушылардың тілін, ойын, ойлау қабілеті мен шығармашылық белсенділігін дамыту үшін ең бірінші мәтінмен жұмыс істеу, оның оқыту технологиясын меңгеру маңызды кезең болып саналады.
ЖОО-да қазақ тілі сөзжасамы, морфологиясын оқыту білім алушыларға ғылыми курстың мазмұны мен жүйесін, оның өзіндік грамматикалық құрылымын, сауатты және мазмұнды жаза білуге, мәдениетті сөйлеуді қалыптастыруға, дұрыс оқуға, оқығанын түсінуге және айтуға мүмкіндік береді. Білімалушылар ғылыми еңбектерді оқу дағдыларын қалыптастыру арқылы еңбектенеді, іздейді.



1

2

Дәріс 2. ТУЫНДЫ СӨЗДЕР ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУ
1.Туынды сөздер. Туынды түбірлер.
2. Күрделі сөздер.
3. Сөзжасамдық ұя. Сөзжасамдық ұяның құрылымы
4. Сөзжасамдық норманың ерекшеліктері
Туынды сөздердің бәрі - мағыналы сөздер. Әр туынды сөздің мағынасы бар, олар алуан түрлі. Бұл лексикологияға қатысты. Бірақ сөзжасамдық мағынаның өз ерекшелігі бар. Өйткені, сөзжасамдық мағына белгілі сөзжасамдық бөліктер, тәсілдер арқылы жасалады.
Демек, сөзжасамдық мағына сөзжасамдық бірліктерге, яғни туынды сөздің морфемдік құрамына байланысты. Ал, туынды сөздің құрамындағы сөзжасамдық бірліктер, олардың түрлері туынды сөзде тілде қалыптасқан заңдылықтар бойынша орналасып, туынды сөздің мағынасын жасауға қызмет етеді. Бұл туынды сөздің морфемдік құрамы мен мағынасының байланыстылығын білдіреді. Сөзжасамда кездейсоқ ештеме жоқ. Туынды сөз жасайтын бірліктер, олардың атқаратын қызметі, тіпті олардың туынды сөзде орналасу тәртібі де, беретін мағыналары сөзжасамдық мағынаның түрлері де, олардың жасалу тәсілдері бәрі-бәрі тілде заңдылық ретінде әбден қалыптасқан. Туынды сөз жасауда уәждеме сөздің қатысуы міндетті және уәждеме сөздің толық мағыналы сөз болуы талап етіледі және оның өз себебі бар.
Уәждеме сөз туынды лексикалық мағынаның негізін жасайды. Туынды сөздің лексикалық мағынасы уәждеме сөздің лексикалық мағынасына негізделіп, сүйеніп жасалады. Сондықтан барлық туынды сөздің мағынасы уәждемелерінің мағынасымен байланысты болады. Мысалы, білім, өнім, ойлат, білімпаз, егін, жазушы, көгер, жақсар, сыйлы, ақылды, тарсыл, күндіз, кештік, бөлек, түнық т.б. осы сияқты т.б. туынды сөздердің бәрі -түрлі уәждеме сөздерден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір сөздер. Жаңа лексикалық мағына жасауға сөзжасамның екі бірлігі - уәждеме мен сөзжасамдық жұрнақ бірдей дәрежеде қатысады. Сондықтан да туынды сөз жасауға қажет, лайық уәждеме мен сөзжасамдық жұрнақ таңдалады, қолданылады. Мысалы, баспагер, бақытты, ақылды, ақта, көкте сияқты туынды түбір сөздер жасауда алдымен өмірде баспа, өндірісте бақыт, ақыл, ақ, көк ұғымды сөздері болған. Кейін баспада кызмет жасайтын маманды атау қажеттігі туған. Осы баспамен байланысты қажеттілікті өтеу үшін, баспагер туынды түбір сөзі жасалған.
Сөзжасамдық күрделендіру тәсілі – тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Сөзжасамдық күрделендіру тәсілі деп екі я одан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғау, Нұрдәулет, Қызылорда, баспасөз, он сегіз, келіп кет т.б. Бұл мысалдардың бірншісі үш сөзден, қалғандары екі сөзден құралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет