Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер


Сөзжасам теориясын интерактивті технологиямен оқыту



бет6/17
Дата03.02.2024
өлшемі116.13 Kb.
#490708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Дәpiс тезис Cөзжасам, морфология және оқыту-05.22.023

Сөзжасам теориясын интерактивті технологиямен оқыту.
ЖОО-да білім берудің тиімді бағыты студенттердің жеке басының белсенділігін артыру, белсенді орта қалыптастыру, оқытушы қызметін жаңаша құруда белгілі бір дидактикалық принциптерге, әдістерге сүйену, білім мен тәжірибені ұштастыра оқыту, маманның кәсіби біліктілігін, шеберлігін қалыптастыру болып табылады. Студентті белсенді өмірге қызығушылығын, белсенділігін оята білу маңызды. Оқытудың белсенді әдістерін пайдалану арқылы студенттің:
 танымдық ізденімпаздығын;
 кәсіби мамандығына қызығушылығын;
 пәннің мазмұнын саналы меңгеруін;
ұжыммен жұмыс істей білуін;
 әлеуметтік кәсіби іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Оқытудың сапасы көзделген нәтиженің мақсаттан шығатын жолын іздеу қажет. Ондай жол оқытудың жаңа технологиялары екендігін еліміздің ғылым-әдіскерлері ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеп, оқыту үрдісіне енгізуде. Мысалы, жаңаша жаңғыртып оқыту (Қадашева Қ.), қатысым түрлерімен байланысты оқыту ( оразбаева Ф.Ш., деңгейлеп оқыту (Қараев Ж.А.), модульдік оқыту (Жақсылықова К.Б., Бейсенбаева З.Б.), дамыта оқыту (Құрманова Н.Ж., Балтабаева Ж.Қ.), т.б. технологиялары жастардың біліктілігін қалыптастырудың ең тиімді жолы ретінде сипатталып, нәтижесін беруде. Өйткені аталған технологиялардың бәріне тән ерекшелік – белгілі бір үлгілі, жобаға құрылған дидактикалық бірлік арқылы нәтижелі білім беру, білім алушыың өз бетімен іздеуіне, рухани-шығармашылық жағынан қалыптасуына, өзін-өзі дамытуына толық жағдай жасау.



1

4

Дәріс 4. СЫН ЕСІМ,САН ЕСІМ, ЕСІМДІКТІҢ СӨЗЖАСАМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАНЫМДЫҚ ТҰРҒЫДА ОҚЫТУ
1. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтар арқылы жасалуы
2. Күрделендіру тәсілі арқылы сын есімнің жасалуы
3. Сан есімнің сөзжасам тәсілдері
4.Есімдіктің сөзжасамы
6. Сын есім, сан есім, есімдіктің сөзжасамын оқыту
Сын есім туындылар есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Мысалы, хабардар, мәдени, жолақ-зат есімнен, жетілік-үштік( шам)-сан есімнен, жақсылы-жаманды, ұзынды-қысқалы - сын есімнен жасалған сын есім туындылары. Сын есім туындыларға негіз болатын сөздер негізгі түбір, күрделі түбір, күрделі сөздерден де болады: сақалды, ақылды-негізгі түбірден, ерттеулі, жинаулы-туынды түбірден, адырақ көзді, қабырға қайысарлық, майда тілді-күрделі негізден жасалған сын есім туындылары.
Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақтар бір ғана морфемадан тұрады, құрамын бөлуге болмайды. Мысалы мұртты, күндік, батыл, қарыздар, тарихи, ызақор туынды түбірлеріндегі-ты,-дік,-ыл,-дар,-и –қор жұрнақтары-дара жұрнақтар.
Сын есімнің туынды атаулары құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді. Дара туындыларға бір сөзден тұратын жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір сын атаулары жатады. Мысалы, көктемгі, атақты, ақылсыз, инабатты, қалалық, пікірлес, көйлекшең, ашушаң.т.б.
Күрделі сын атаулары екі не одан да көп сыңарлардан жасалып, бір сындық белгінің атын білдіреді. Мысалы, қара көк, күрең қоңыр, теке сақалды, қара кер, қара шұбар т.б.Есім сөздерден туынды түбір жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар сөзжасамдық қабілеті жағынан өнімді және өнімсіз болып бөлінеді. Тілге көптеген туынды түбір сын есім қосқан жұрнақтар өнімді болып саналады. Өнімсіз жұрнақтар тілге жекелеген туынды түбір сын аталымдарын ғана қосқан, сондықтан олар өнімсіз жұрнақ аталады. Мысалы, - қы - кі жұрнағы арқылы жинақы, күлдіргі сияқты туынды сын атаулары ғана жасалған. Сол сияқты –ын, -ін жұрнағы да аз ғана туынды жасаған. Мысалы, бүтін, ұзын, ортан (қолдай).
Сын есім сөзжасамы сөзжасамдық жұрнақтарға байлығы жағынан ерекше орында болмаса да, сөзжасамдық жұрнақтарының мағынасы бірсыпыра.
«Күрделі сын есімдер» деген термин 1952 жылы А. Ысқақов пен Қ. Аханов автолығымен шыққан мектеп грамматикасынан бастап, ғылыми айналымға түсті.
Күрделі сындар деп екі не одан да көп сыңарлардан құралып, бір сындық, ұғымды, белгіні білдіретін сөздер аталады. Мысалы, қоңыр қошқыл, ал қызыл, қара көк, қоңқақ мұрынды т.б.Күрделі сындар бір белгіні білдіретін бір сөз, бір лексема болып саналады, ол қаншама сыңарлардан құралса да, бір сөздің қызметін атқарады, сөзге қойылатын талаптардың бәріне де сай келеді.Күрделі сын есім сөздер бір сындық белгіні білдіретін сөз болғандықтан, сөйлемде бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір мүшесі болады.
Сан атаулары - өте көне заманнан келе жатқан сөздер, оларды барлық көне жазба ескерткіштерден кездестіруге болады. Сан есім сөздердің сөзжасам жүйесі ерте қалыптасқан, өзіндік сөзжасамдық бірліктері бар, ерекшеліктері бар.
Сан есімнің сөзжасамдық бірліктеріне сан атаулары және сөзжасамдық жұрнақтар жатады. Сан атаулары сөзжасамда негіз сөз қызметін атқарады. Сан есімнің жұрнақтары сөзжасамдық қосымшалар қызметін атқарады. Басқа сөз таптарының сөздері қатыспайды, Яғни басқа сөз табынан сан есім сөздер жасалмайды.
Сан есім сөзжасамында тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдердің біразы қолданылады, бірақ бәрі емес. Мысалы, сан есімде семантикалық тәсіл қолданылмайды, синтетикалық тәсіл өте өнімсіз, ал сөзжасамның аналитикалық тәсілі сан есім сөзжасамында негізгі қызмет атқарады.
Сан есімнің сөзжасамдық бірліктерінің қызметі белгілі заңдылықтарға негізделген. Сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы белгілі қосымшалармен ғана байланысты. Сан есім-қосымшаға өте кедей сөз табы.Сан есім қосымшалары жаңа сан атауларын жасай алмайды, тек сандық атауларды түрлендіріп, оған түрлі мағына үстейді. Мысалы, Екінші, үшінші күндері ағаш отырғызушылардың тобы көбейе түсті.Мұндай сан есім қосымшалары көп емес, оларға реттік, жинақтық сан есімдердің қосымшалары жатады. Сан есімнің сөзжасамдық жұрнақтары сан есімнің мағыналық топтарын жасайды.
Сын есімдердің сөзжасамын оқытқанда заттың өзіндік белгілерін тануға жетелейтін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану керек. Сұрақ-жауап әдісін қолданғанда, әсіресе, риторикалық сұраулар қолданғанда балалар бойында белгілі танымдық көкжиек пайда болып, бала ойланып, мұнда концептілік, яғни тұтас ойлау үрдісі жүреді. Сын есімдерді ұлттық танымдық санамен байланыстыра меңгерту арқылы сын есімдерді ажырата отырып, сындық белгілердің қандай зат, құбылыстарға қатысты екендігін де түсінетін болады. Сөйтіп, оқушылар сындық ұғымды білдіретін сөздерді танымдық тұрғыда меңгереді, тілдік бірліктер арқылы қоршаған ортаның, заттар мен құбылыстардың өздеріне тән сапасын, түрін, түсін, көлемін, дәмін, иісін, т.б. ерекшеліктерін түсінеді. Оқушылар заттар мен құбылыстардың сындық белгілерін тілдік бейненің бір бөлшегі ретінде меңгертуге ерекше назар аударылуы қажет. Ол үшін студенттер заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерін, қасиеттерін көрсетіп сын есімдерді қарапайымнан күрделі ұғымдарға дейін түсінетіндей етіп меңгерту мақсатында жұмыстар жүргізілуі тиіс. Ұлттық танымды білдіретін сындық ұғымдарды түсіну, олардың когнитивтік белгілерін айыра білуге үйрету оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сондықтан сын есімді когнитивті бағытта оқыту оларды ұлттық мінез, таным қалыптастыруға ықпал етеді. Мысалы, адам сөзіне қатысты сын есімдер – бауырмал, туысшыл, әңгімешіл т.б. Осы сынт есімдердің қандай тәсіл арқылы жасалып тұрғанын талдау арқылы білімалушылар олардың құрылымын түсінетін болады.
Оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай әдістердің бірі – коммуникативтік оқыту технологиясы. Коммуникативтік оқыту технологиясы – пікір алысуға негізделген әдістеме. Қазақ тілінің сөзжасамы, морфологиясы пәнін меңгертуде білім алушылардың жалаң сөздерге емес, белгілі бір дәрежеде ғылыми курстағы түрлі тақырыптарды оқытуда, өз ойын басқаға жеткізе алатын, сөйлеген сөзін, жазғанын, ойын түсіне алатын дәрежеге жеткізу мақсатында әр түрлі технологиялармен үйреткен дұрыс. Себебі, жеке атау тұлғалы сөздер де, туынды сөздер де грамматикалық формалар да өзара бір-бірімен байланысып, сөйлем құрамына енгенде ғана тұтас аяқталған тиянақты ойды білдіре алады. Мәселен, Е.Пассов коммуникативтік оқытуда «ситуация» мен «ситуативтілікті» анықтап алу қажет екенін алға тартады. «Ситуация» – қарым-қатынас жасаушылардың, сөйлесушілердің санасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасының жүйесідейді; екінші «ситуативтілік – қарым-қатынастармен байланыс» деп тұжырымдайды.
Коммуникативтіліктің қандай жағдайда пайдалы, тиімді болатынына білім алушының тигізер ықпалы зор және оқыту барысындағы білім сапасына да оқытушының әрқашан назарда ұстауы аса маңызды. Сондықтан, қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясын оқытуда коммуникативтік оқыту әдісін қолдану – білім алушылардың туынды сөздерді грамматикалық тұрғыдан бір-бірімен дұрыс байланыстырып, қарым-қатынасқа түскенде сол туынды сөздерді ойын жеткізуіне, сөйлей білуіне мүмкіндік береді. Қазақ сөзжасамын оқытуда коммуникативті мақсатқа жетуде ауызекі сөйлеудің қызметі өте маңызды. Себебі, ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген ақпаратты, айтылған хабарға өзінің ойын, пікірін білдіреді.



1

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет