Дәріс тезистері №1 дәріс. Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар оқу пәні ретінде



бет10/30
Дата08.04.2023
өлшемі142.98 Kb.
#471933
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Дәріс Инновация 2023

Сюжетті-рөлдік ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті –рөлдік ойында бейнелеу құрлыс рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда сатушымен сатып алушының әрекеттерін, ал «Аурухана» болып ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттерін еліктейді. Педагог өткізілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөлдік ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. Сюжеттік-рөлдік ойындарды балалар өз беттерімен үш-төртеуі бірігіп ойнай береді. Бірақ олардың сюжетті өрбіте алмай, қарапайым ғана ойнап, әрі қарай не істерлерін білмей дағдаратын кездерін жиі байқауға болады. Соған орай тәрбиешінің міндеті - бастапқы кездері басшылық жасай отырып, ойынды өз мәнінде ойнай білуге үйрету. Ол үшін сюжетті-рольдік ойындарды талдап, ойнау жолдарын қалай кеңейтуге болатынын жан-жақты ойластырған жөн.
Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжетті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті-рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Дидактикалық құрылыс ойыны – балалар әрекетінің біртүрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті - рөлді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу - қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер, т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді. 
Дидактикалық ойын балаларға мейліне тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы, «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» - деген ойында балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қою. Ойын міндеті - қалпақ астында не бар екенін білу.
Қазақ халқының тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік шақтағы балалар тәрбиесіне пайдаланылады. Ал қазіргі кезде ұлттық ойындардың көпшілігі тәлім - тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналады. Ойын тек қана көңіл көтеру, көңілін шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған. Ұлттық ойын түрлері өскелең ұрпақтың көңіл көтеруі, ойын – сауық пен шұғылдануымен ғана шектелмейді, олар сол халықтың салт - санасын, дәстүрін, тұрмысын жағдайын білдіретін әрекетті көрсетеді. Кез келген ойынның түр сипаты - халықтың тіршілік тынысын бейнелейтін құбылыс. Мысалы, қазақтың «Көкпар» ойыны бір жағынан, халықтың әдет- ғұрыпын, салтын білдіретін болса, ал екінші жағынан адамның дене шынықтырып, ой–әрекетін дамытатын дәстүр болған. Ал «Ақсүйек» ойыны түнгі мезгілде балалардың байқампаздық қабілетін дамытуға әсерін тигізеді. Міне осындай түрлі ойындар арқылы халқымыз өз ұрпағын ойшылдыққа, тапқырлыққа, шеберлікке, дәлдік пен мергендікке тәрбиелеп отырған. Сондай - ақ ойын барысында бала қатар құрбыларымен қарым - қатынас жасау нәтижесінде жеке басының қасиеттерін дамыту мүмкіндіктеріне ие болады.
Іскерлік ойындар дегеніміз болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу, елестету.
Адам тәжірибесінде ойын іс-әрекеттілігі мынандай қызметтерді орындайды:

  • Көңіл көтеруші: (бұл ойынның негізгі қызметі – шаттану, ләззат алу, қызығушылық ояту); 

  • Коммуникативті: қарым-қатынас диалектикасын меңгеру; өзіндік жүзеге асыру; 

  • Ойын терапиясы: өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу

  • Диагностикалық: өзін-өзі тану ойын процесінде (ережеге сай мінез-құлықтан ауытқушылықтың пайда болуы); 

  • Коррекция қызметі: тұлғаның құрылымдық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу; 

  • Ұлтаралық - коммуникациялық қызметі бойынша: барлық адамдарға ортақ әлеуметтік-мәдени құндылықтарды меңгеру; 

  • Әлеуметтендіруші: адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне бекіту. 

Ойындардың көбісі өздеріне мынандай 4 басты қырлары болады (С.А.Шмаков бойынша): 
- Еркін дамушы іс-әрекеттілік нәтижесімен немесе іс-әрекеттілік процессінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады. 
- Шығармашылық, белгілі деңгейдегі импровизациялық осы іс-әрекеттіліктің өте белсенді мінездемесі (шығармашылық «жолы»). 
- Эмоционалды көтеріңкілік, қарсыластық, конкуренттілік және т.б.(ойынның табиғи сезімділігі «эмоционалдық кернеулік»). 
- Түзу немесе жанама ережелердің бар болуы, ойын дамуындағы логикалық мазмұнды ашу. 
Ойын құрылымына оның процесі ретінде:
- Ойнаушының өзіне алған рөлі
- Осы рөлдер реализациясының қоспасы ретінде ойын іс- әрекеті; 
- Пәндерді ойын түрінде пайдалану; 
- Ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас; 
- Сюжет (мазмұн) – ойындағы «шындық аумағы». 
Іскерлік ойындарды дайындау барысында төмендегідей психологиялық-педагогикалық принциптерді жүзеге асыру қажет:
- Өндірістің нақты жағдайлары мен динамикасын, кәсіби қызметтің іс-әрекеттің мазмұнын имитациялық модельдеу принципі; 
- Балалардың кейбір қиындықтар мен ойлу қайшылықтарын тудыратын тапсырмалық ойындар жүйесі арқылы берілген кәсіби қызметке тән проблемалық ахуалдарды жасау принципі; 
- Ойында көрсетілетін өндіріс мамандарының фунцияларын бейнелеуге қатысушылардың бірлескен қызметінің принципі
- Оқу тапсырмаларын шешуде, келісімді шешімдерді дайындауда және қабылдауда серіктестердің іс-әрекеттік және диалогтық қарым-қатынастарының шешуші рөл атқаруы принципі; 
- Оқу ойын іс-әрекеттің екі мақсаттылығы принципі. Іскерлік ойын болашақ маман тұлғасын дамытуда біршама маңызды міндеттерді шешеді: балалар мамандығына қажет білімдер мен дағдыларды меңгереді, әлеуметтік және кәсіби біліктіліктерді игереді. Бірақ, бұл маңызды іс-әрекет ойын формасында іске асырылаы да, оқушыларға интеллектуалдық, эмоциялық және шығармашылық тұрғыдан өзін көрсете білуіне мүмкіндік береді. 
Оқытудың ойындық түрлері білімді игерудің барлық деңгейлерін пайдалануға мүмкіндік береді: өндеуден қайта жасауға, одан әрі негізгі мақсат- шығармашылық ізденімпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе оқушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере алады.Ойынды қолдана отырып оқыту технологиясының мақсаты да- оқушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы нәтижелерін алдын ала болжай білуге үйрету.Ойынның функциясы өте көп: дидактикалық, танымдық, оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеуілік т.б. Барлық ойынды танымдық деп атасақ қателеспейміз.«Дидактикалық ойындар» термині дидактика бөліміне мақсатты түрде кіргізілетін ойындардың бәріне тән. Баланың танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет