Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері:
1. Ой толғаныс әдісі
2. Ассоциация әдісі
3. Салыстыру әдісі
4. Раунд-Робин әдісі
5. Топтастыру әдісі
1. Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те атайды. Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мысалы жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.
2. Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады. Мыс: Жалпы отбасы: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні
3. Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды. Мысалы: Алма мен қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы.
4. Раунд-Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс: «Гүлдер» тақырыбында:
- Гүл өсімдік
- Гүл әдемі
- Гүлді жұлуға болмайды
- Анамызға сыйлаймыз
- Достарымызға сыйлаймыз т.б.
Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.
Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде:
І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.
ІІ топ – Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.
ІІІ топ – Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру.
Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғары технологияның, ғылым мен білімнің заманы.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар
1. Дамыта оқыту дегеніміз не?
2. Дамыта оқытудың маңызы, мазмұны неде?
3. Дамыта оқытудың негізін қалаған ғалымдарды атаңыз?
4. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы неде?
Достарыңызбен бөлісу: |