Әдебиеттер тізімі: 1, 192-194 бет
Пысықтау сұрақтары:
1 Неге зертханалық және танымжорық сабақ түрлерін «Білімді бекіту сабағы» типіне жатқызамыз?
15 тақырып Оқытудың жаңа технологиясы Мақсаттар:
оқытудың жаңа технологиясы тәсілдерінің ерекшеліктері туралы ұғым беру,
дәстүрлі емес сабақтар,олардағы түсініктерді қалыптастыру
Жоспар:
Оқыту технологиясы ұғымы.
Жаңа технологиялық сабақтар
Дәстүрлі емес сабақтар
1 Әдістемелік әдебиеттерде қазіргі кезде педагогикалық технология, оқыту технологиясы, білім беру технологиясы деген ұғымдар жиі кездеседі. Осы ұғымдар білім беру теориясы мен практикасына кеңінен кірген. Биология оқыту әдістемесі аталған ұғымдармен тығыз қатыста.
«Технология» ұғымы педагогикаға техника жағынан келген. Технология (грекше - өнер, шеберлік – logos-ұғым) шетел сөздері сөздігінде: 1) әдістер жиынтығы; 2) жасау тәсілдері жөніндегі ғылым. Осы терминнің педагогикалық әдебиеттерде пайда болуы оның әртүрлі түсіндірілуімен көрінуде. Техникада кез-келген өндірісте «технология» сөзі белгілі бір операцияларды, жұмыстар ретін және қандай да бір өнімнің дайындалу тәсілдері деп кабылданады, өнімді дайындауға байланысты белгілі әрекет көрсетіледі. Технология -бұл ерекше белгі, мазмұн жөнінде, кұрам жөнінде және әрекетті жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылдың нұсқауы. Сондықтан оқыту технологиясы да мақсат және болжам түрінде түпкі ойды, әрекетті жоспарлауды беретін оқу-тәрбие жұмысын және олардың жүйесін нобайлау мен оны жүзеге асыруда карастырады.
Білім беру жүйесі технологияны жасау үшін негіз болып саналады, сондықтан педагогикалық технология практикада жүзеге асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы ретінде анықталады. Бұнда негізгі көңіл оқу-тәрбие үрдісінің жұмысын алдын-ала жобалауға бөлінеді. Осыдан барып педагогикада осы ұғымға анықтама беріледі.
Педагогикалық технология - бұл оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаттарына және оқушы тұлғасын дамыту мақсаттарына жетуге бағытталған педагогикалық әрекетті ретімен ашып керсету жүйесінің жобасы және оны жүзеге асыру.
Басқа педагогтардың анықтамасы бойынша, педагогикалық технология -бұл қажетті нәтижеге жету үшін білім беру үрдісінде құралдар жүйесін жоспарлау мен қолдану.
Жалпы педагогикалық технология жөнінде жәнс жеке алғанда оқыту технологиясы ұғымдарының түсіндірілуінің көптігіне карамастан барлық авторлар аса маңызды үi ұстанымды атап көрсетеді:
оқытуды оқушының бақыланған әрекеттерінің жиынтығы түрінде кажет етіп
отырған эталонды нақты анықтау негізінде жоспарлау;
барлық оқыту үрдісін бағдарламалау: мұғалім әрекетінің катаң реттілігі және
оқып үйренуге жағдай жасау;
- жетістікке кепіл болатын әрекеттердің реттілігі.
2 Бүгінгі күні оқу ағарту ісінде вариативтік принцип жарияланған, соның нәтижесінде педагогтік ұжымдар оқыту үрдісінде кез-келген нобайлар,
авторлық нобайлар таңдап алуларына мүмкіндік туды. Осы бағытта білім беруде прогресс жүруде: білім беру құрылымының пәрменділігін арттыруда қазіргі дидактика мүмкіндіктерін пайдалану, оның әр түрлі жолдарын жасау оқытудың жаңа технологиялары мен ой- пікірлерді ғылыми және тәжірибелі негіздеу. Қазіргі кезде мектептерде біраз мұғалімдер колданып жүрген оқыту үрдісіндегі блокты - модульді окыту жүйесі ерекше орын алады. Осы сабақтың түрлері, әсіресе, орыс мектептерінде кең тараған. Бұл сабақтардың ерекшеліктері - бір пәнді бір немесе екі блокта, тоқсанда оқытып бітіру қортынды сынақ немесе емтиханды тапсыру.
Модульді сабақ кезінде мұғалім тақырыптардан модульдер құрып қиын жеңілдігіне байланыстьі біріктіреді. Осындай сабақтың кәдімгі дәстүрі сабақтардан айырмашылығы - оқушылар өз бетімен ойланып жұмыс істеуін шығармашылыкқа үйренеді. Бір-бірімен қарым-қатынас жасап, көмектеседі өзінің және жолдасының жұмысын бағалайды. Мұғалім ондай сабақ кезін оқушыларға бақылау, қысым жасау «бюрократтығынан» босап тек оқушы жұмысын басқарады. Сабақты осылай ұйымдастырудың арқасында ұстаз іс жүзінде әрбір оқушымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады, төмен орташа үлгерімдегілерге көмектесіп жақсы, мықты оқушыларды дәріптейді.
Шаталовтың әдістемелік жүйесі. Оқытудың көптеген проблемаларын шешуге бағытталған педагогикалық үрдісті құрудың ұйымдастыру -әдістемелік жүйесінің бірі - В.Ф. Шаталов тәжірибесі. Шаталов жүйесінің негізті басымдылығы оның әлеуметтік бағыттылығы: «Шаталов бойынша» жоғары дәрежеде оқытылған балаларда оқудан жирену, ондағы күйреу, мектепті, ұстаздар, балалар ұжымын жатсыну болмайды. Жүйелі адал еңбекке, жолдастық өзара көмекке, ашық сынға және өзін-өзі қатал бағалауға калыптасады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау - күрделі ойлау әдісі, ол ақпаратты алудан басталып шешім қабылдаумен аяқталады. Бұл өз тұғырнамаңды жасау жолында ой-пікірлерді кіріктіру және оларды шығармашылықпен түйсіну.
Сын түрғысынан ойлау психология, лингвистика, дидактика т.б. сиякты әлеуметтік-гуманитарлық пәпдердің қазіргі жетістіктеріне негізделген білім беру философиясы.
Сын тұрғысынан ойлау - оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ауызша және жазбаша тілдің барлық түрлсрін меңгеруге және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталган педагогакалық технология.
Осы техдологияның психологиялық-педагогикалық негізіне Л.С.Выготскийдің (оқушылармен жұмыс кезінде олардың келешек дамуының жақын аймағын тиімді қалыптастыру қажеттігі) пікірлері, Ж.ІІиаженің (интеллекті дамыту үшін «жағдаятты» тудыру) және Д.Дьюдің («жасау жолымен» оқыту жөнінде) пікірлері алынған. Технология авторлары АҚШ-тың тәжірибелі педагогтары.
Мектептерде оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі және басты формасы осы күнге дейін сабақ екендігі айтылды. Бірақ дидактикалық талаптарға сай, ұйымдастырылған оқыту формасы оқушының оқуга деген қызығушылығын арттырып, білім игеруде ерекше ыкылас тудырып ұстазға да шәкіртке де шексіз шығармашылық мүмкіндік береді. Сабақ 40-45 мин. уақыт қана емес, ол берілген шығармашыл еңбек көлемі.
Оқытудың ойын формасы - соңғы жылдардағы педагогикалық жаңалықтың ішіндегі бір колайлысы. Себебі оқушы ғана емес, жалпы адам үшін ойын -белсенділікпен, озін көрсетуге, сөйте отырып үйренугс әсер етеді. Ойын - өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы, ғалымдар тірі табиғаттағы жұмбақтың бірі — ойын екенін оның құбылыстары мен үрдістері әлі адамзатпен толық зерттеліп ашылмаған, сөйтіп дәл анықтамасы берілмеген деген қорытындыға келген.
Ойын өзінің тек мазмұнымен де балаларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сынып сабақтарындағы үндемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездері жиі кездеседі. Өйткені ойын кезінде ол тең құқыққа, ғана қолы жетіп қоймай, аядыңғы қатарлы, әрекетшіл болып, басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Олардың әрекеттері еркін және батыл болып ойлаудың тереңдігін көрсете бастайды. Бұл - ойлаудың өжеттігі, дәстүрлі еместігі. Басқа әрекеттер сияқты сабактағы ойын әрекеті де негізделген болып, оқушылар оның қажеттігін сезіну керек.
Саяхат сабақтарының ерекшеліктері биологиялық саяхатқа қатынасатын оқушылар санының көптігінде. Кейбір жағдайларда оқушылардың әртүрлі жануар, өсімдіктер аттарынан сөйлеп, солардыц кейпінде болуы. Осындай сабақтар кезінде баланың ықыластылығы мен бақылағыштығы, өз аймақтарының флорасы мен фаунасы жайлы білімдері жетіліп дамиды. Сабақтың осылай аталуының өзі жаңа білім игеруде оқушыны жаңа бір өлшемге, кеңістікке жетелейді. Саяхат барысында бұрын игерген білім, білік, дағдыларға еркін сүйеніп дәстүрлі емес тапсырмаларды шешуде өз ойларын айқындай түседі.
Келесі сабақ түрі- аукцион сабақ. Дәстүрлі емес сабақтар ішінде бұл сабақтың орны ерекше. Тәжірибеде байкалғандай бұл сабақты өткізу алдында оқушылар берілген тапсырманы орындау барысында жекелей ізденушілік, зерттеушілік жұмыстар жүргізеді. Ол үшін қосымша материалдардан оқулықта жок көптеген деректер тауып дәрумендердің ағзадағы ролін толық көрсеткендігі дәлел болады.
Ұстаз тәжірибесінде жақсы жетістікпен өтетін сабактың бірі интеграциялық сабақ. «Тірі ағзалардың химиялық құрамы» тақырыбындағы осындай сабақ оған мысал болады. Бұл сабақты үш пән мүғалімі (биология, химия, физика) бірігіп өткізеді.
Спектакль түріндегі сабақтар өте жоғары деңгейде өтеді. Оқылатын тақырып толық беріліп, барлық мүмкін ақпараттар жинақталып ұстаз сценарий жазады, оқушылар көмектеседі. Балалардың бірі актер, бірі суретші, бірі дыбысын көркемдеуші т.б. болып сыныптағы көпшілік оқушы қатысады. Бұнда біржасушалыдан бастап тіршіліктің жоғарғы калыптарына дейін түрлі - түрлі сценарийлер құруға болады. Балалардың қатысуымен жазылған пьесалар олардың түсінігіне жақын. Әрине, толық ынта-жігермен, қиялмен, ғылыми негізінен ауытқымай құрылуы қажет. Театрлық шығармашылық балаларға жақын, себебі, «барлық драмаландыру ойынмен» байланысты және «көркем шығармашылықты жекелей әсерленушілікпен байланыстырады», өйткені драма - өзінде барлық шығармашылық түрлерін топтастырған. Шын мәнінде осындай сабақтың жүргізілуі қазіргі экологиялық проблемаларға ешкімнің бей-жай қарай алмайтынын көрсетеді. Тіршілікте экологиялық жүйенің тепе-теңдігінің маңызын көрсететін қорытынды сабақ осындай тұрғыда болады.
Әдебиеттер тізімі: 1, 227-270 бет
Пысықтау сұрақтары:
Педагогикалық технология дегеніміз не, олардың басты қызметі қандай?
Жаңа технологиялық сабақтарға қандай сабақ түрлерін жатқызуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |