ДӘріс тезистері тақырып Нарықты зерттеу және сегменттеудің пәні мен әдістері. Тақырып мақсаты


Дамыған нарықты инфрақұрылым кәсіпкерліктің барынша пайдалы бағыттары мен нысандарын іздеуді едәуір жеңілдетеді



бет2/2
Дата14.06.2016
өлшемі366 Kb.
#135120
1   2

Дамыған нарықты инфрақұрылым кәсіпкерліктің барынша пайдалы бағыттары мен нысандарын іздеуді едәуір жеңілдетеді.

Көтерме сауда-бұл бір фирманың екіншісіне тауарлардың ірі партиясын сатуы. Сауда және өнеркәсіп кәсіпкерлері мен сауда-коммерциялықтардың арасында,сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарымен жүргізіледі.Әдетте бұл дәстүрлі көтерме сауда орталықтарында жүзеге асады: арнайы көтерме нарығында, жәрмеңке, аукцион және тауар биржаларында. АҚШ-да 420 мыңға жуық көтерме сауда орталықтары бар және олар жалпы көлемі екі триллион доллардан астам сауда көлемін жүргізеді.

Көтерме қызметті ұйымдастырудың жалпы үш категориясы бар: өндірушілердің көтерме қызметі; өз бетінше іс-әрекеттегі коммерциялық ұйымдардың көтерме қызметі; өз бетінше іс-әрекеттегі коммерциялық ұйымдардың көтерме қызметі; агент пен брокерлер арқылы көтерме қызмет.

Көтерме сауда-бұл тұтынушыға тікелей көтерме саудагерлердің тауарды саудагерлердің тауарды сатуы.

Сауданың ең маңызды объектілеріне өз ассортиментті арнайы магазиндер, сондай-ақ универсам, универмаг, кең профилді универсамдар жатады. Соңғы аталған объекті қалыпты универсамның сауда көлемі мөлшерінен асып түседі және сатып алушыларды тамақ өнімдерімен толық қанағаттандыруға арналады. Сонымен қатар сауда кешендері бар, олар өздеріне универсам мен бөлшек қойма –магазиндерін ендіреді. Бөлшек сауда саласында дүкеннен басқа әртүрлі қызмет көрсететін бөлшек кәсіпорындар да жатады: клуб, мейманхана, асхана, шаштараз, киім тазарту мекемесі т.б.

Бағалы қағаздар сауда-саттығының орталығы қор биржасы болады. Бұл тұрақты жұмыс істейтін, тәртіптілікті катаң сақтайтын қаржы мекемесі немесе сатушы мен сатып алушы белгілі уақытта бір-бірін табатын тұрақты орын. Биржалық комиссия экспертизасынан мұқият өткен, айналымға шығарылып, оны реттеп отыратын қағаздарды қайта сатады. Сөйтіп қор биржасы екінші аталатын бағалы қағаздар нарығына қызмет жасайды. Қор биржасы нарықты зерттеу және сегменттеудің негізгі элементі бола отырып, уақытша босаған ақша қорларын бағалы қағаздар арқылы сатуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ компаниялардың акциясы мен облигациясына нарықты құнды белгілейді. Бағалы қағаздарды биржада сату мен сатып алу биржалық курс негізінде жүзеге асады.

Биржалық курс дегеніміз-қор биржасы айналымындағы бағалы қағаздың сатылу бағасы. Биржалық курс дивиденд көлеміне тікелей, ал қарыз пайызының мөлшеріне кері байланысты болады. Биржалық курстың кәдімгі акциясы облигация мен жеңілдетілген акцияға қарағанда көп болады. Оның табыс деңгейі алдын-ала белгілі емес, себебі конъюктураның тербелісіне ұшыраған. Тіркелген биржалық курс биржалық бюллетенде жарық көрі, мерзімді басылымда қайта шығарады. Мұндай курс сұраным мен ұсынымға байланысты және оған төленетін дивиденд мөлшерінің әсері де ықпал етеді.

Қор биржасы көп жағдайда жабық болады. Себебі қор саудасында қор мүшелері ғана қатыса алады. Қор мүшелері маклер мен диллерге бөледі. Олар табысының бір бөлігін биржада клиенттер тапсырмасын орындап, делдалдық операция жасау арқылы табады. Биржа мүшелерінің құрамынан биржа комитеті сайланып, арнайы комиссия ұйымдастырылады. Комиссия бағалы қағаздарды биржа операциясына жіберу туралы шешім қабылдайды.

Бағалы қағаздар-иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын мүліктеріне қатысы барлығын куәландыратын коммерциялық документ.

Бағалы қағаздардың түрлері келесі:

- депозиттік сертификат;

- жинақтық сертификат;

- чек;

-вексель;



-аудармалы вексель (тратта);

-акция;


-облигация.
Әдибиеттер:


  1. Современная зерттеу және сегменттеу. Многоуровневая учебное пособие (Под ред. О.Ю.Маметова-Ростов на Дону, Феникс 2001)

  2. Блинов А.О. Малое предпринимательство. Организационные и правовые основы деятельности. М. Ось-89. 1998г.

  3. Рузавин Г.И. Основы экономики. М.Банки и биржи. 1999г.


Бақылау сұрақтары:


  1. Нарықты инфрақұрылымы.

  2. Өнімді бөлу, бөлу амалдары.

  3. Бөлшек сауда оның қызметтері.

  4. Көтерме сауда оның қызметтері.

  5. Тауар биржасының түсінігі, оның белгілері мен қызметтері.


Тақырып 12. Нарықты мемлекеттік реттеу.

Тақырып мақсаты: Зерттеу және сегменттеудің құқықтыұ тиімділігін қамтамассыз ету. Антимонополиялық заңдылық. Бағаны реттеу. Табысты қайта бөлу. Мемлекеттік реттеудің қүралдары.

Сүрақтар:

  1. Зерттеу және сегменттеудің құқықтыұ тиімділігін қамтамассыз ету.

  2. Антимонополиялық заңдылық.

  3. Бағаны реттеу.

  4. Табысты қайта бөлу.

  5. Мемлекеттік реттеудің қүралдары.

Мемлекет пен нарықтың өзара қатынасы нарықты қоғамда маңызды мәселелердің бірі, себебі бұл зерттеу және сегменттеу жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді атқарады. Кез-келген елдің зерттеу және сегменттеу жүйесіндегі мемлекеттің ролі оның қызметі арқылы байқалады. Зерттеу және сегменттеу қызметтің түрлері өте көп, сондықтан оны топтап, негізгі блоктарға біріктіру қажет:

Біріншіден, нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойнына алады: стратегиялық, зерттеу және сегменттеу, құрылымдық, техникалық, әлеуметтік, демографиялық болжау мен жоспарлау;

Екіншіден, мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады. Ол қоғамға қажет мемлекеттік кәсіпорын мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды. Олар: темір жол мен жалпы ұлттық шоссе жолдары, көпір, каналдар, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер;

Үшіншіден, нарықты жүйе қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, өнім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықты зерттеу және сегменттеуда монополизмнің болуына барынша күрес жүргізу, ол үшін белгілі құқықтық база жасалады. Мемлекет бұл жағдайда өзіне қоғамдық әрбір қызметін алғаны жөн;

Төртіншіден, мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атқаруды бюджет саясатының көмегімен ұлттық табысты үлестіру арқылы жүргізеді. Тұрғындардың толық жұмыспен қамтамасыз етілуін қолдап, зерттеу және сегменттеуны тұрақтандыру қызметін жүзеге асырады;

Бесіншіден, мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне алады. Оларға-оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер мен көп балалы отбасын жатқызамыз.

Нарықты реттеу тәсілдері-бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсатты бағыт беру әдісі.Ол нарықты маеханизм қызметіне қалыпты жағдайы қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеудің мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды.Реттеуші субъектілеріне байланысты реттеу тәсілін шартты түрде былай жіктеуге болады: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықты тепе-теңдікке әсер ету әдісіне қарай-тікелей және жанама.

Реттеудің тікелей тәсілі зерттеу және сегменттеу процестің өзіне және оның параметріне өктемділеу әсер етумен байланысты. Әдетте, олар белгілі объектіге бағытталып, адрестік сипатқа ие болады. Нарықты тікелей реттеу тәсіліне жиынтық сұраныс төлем қабілеттілігінің қалыптасуы үшін және халық шаруашылығы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталықтан қолданатын әдістер жатады..

Реттеудің жанама тәсілі негізінен адрессіз болғанымен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар зерттеу және сегменттеу қызметтің жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады.

Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласып кеткен және меншік типі мен объектіге әсер етуіне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады.


Мемлекттік реттеудің ең маңызды инструменттеріне мыналар жатады:



  • Фискалдық саясат;

  • Несие-ақша саясаты;

  • Баға мен табысы реттеу саясаты;

  • Әлеуметтік саясат;

  • Сыртқы зерттеу және сегменттеу саясат;

  • Әкімшілік реттеу;

  • Қысқа мерзімді реттеу;

  • Ұзақ мерзімді реттеу;

  • Аймақтық реттеу.


Фискалдық саясат мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.

Фискалдық саясаттың ең маңызды бөлігі салықты реттеу болып табылады. Салықты реттеудің ең кең тараған түрлері мыналар болып табылады:

- кейбір зерттеу және сегменттеу процестерді ынталандыру мен шектеу мақсатында салық ставкасын өзгерту.

- ставканы өзгертпей сақтай отырып, салық төлемі ережесін өзгерту.

-салық жеңілдіктерін алып тастау немесе ендіру.

Несие-ақша саясаты.Келесі түрлері жие қолданылады:

- банктің есептеу ставкасын өзгерту.

- эмиссиялық банктегі міндетті минималды салымның көтерілуі.

- «ашық нарықтағы операциялар».



Баға және табыстарды реттеу саясаты. Фискалды және несие саясаты тәсілдері көбінесе баға мен табыстарды реттеуде тиімсіз құрал болып қалады.

Әлеметтік сасат өзіне табысты индексациялау, төменгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады.

Сыртқы зерттеу және сегменттеу реттеуге мыналар енеді: мемлекеттің сауда саясаты, валюталық курсты басқару, сыртқы сауда тарифтер жүйесі, квота, лицензия.

Әкімшілік реттеу әртүрлі бақылау шараларын жүзеге асырады. Олар арнайы кейбір оқшауланған салаларға байланысты қолданылады, мысалы, қоғамдық, қолдану салаларын реттеу, қор биржасы мен несие банк мекемелеріне әкімшілік бақылау, жеке бәсекелестіктің ережесін сақтауды бақылау.

Қысқа мерзімді реттеудің негізгі мақсаты-бағаның тым қарқынды өсуімен күресу, инфляцияны тоқтатуға күш салу болады. Оны дефляциялық саясат деп те атайды. Ұзақ мерзімді реттеудің мақсаты зерттеу және сегменттеудің белгілі ұзақ өсу қарқынын қолдау, оны зерттеу және сегменттеу өсу саясат деп те атайды.

Әдебиеттер:

  1. Блинов А.О. Малое предпринимательство. Организационные и правовые основы деятельности. М. Ось-89. 1998г.

  2. Мамыров Н.К. Смагулов Н.Т. Яновская О.А. и др. Основы предпринимательства. Учебное пособие - Алматы 1997г-72с.

  3. Зерттеу және сегменттеу предприятия. О.И. Волков. М. Инфра – М 1998г

  4. Камаев В.Д. и др. Основы экономики .-М.: 1992.

Бақылау сұрақтары:

  1. Антимонополиялық заңдылық.

  2. Бағаны реттеу.

  3. Табысты қайта бөлу.

  4. Мемлекеттік реттеудің қүралдары.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет