3. Қазіргі кезде кеден қызметін Қазақстанның сыртқы саудасын мемлекеттік реттеудің нақты әрекет ететш құрамына жаңғырту үшін күштер салынуда. Бұл үшін жаңа басқару жүйесімен жетілдірілген кеден қызметін ұйымдастыру және қолданылатын дәстүрлі кеден процедураларын бақылау мен жетілдіру саласындағы жаңа стратегияларды әзірлеу қажет.
Осы күш салудың негізгі мақсаты —фискалдық саясатты жүргізу, сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларындағы кеден органдарының алдында түрған міңдеттерді орындаудың едәуір тиімді, оңтайлы жолдарын іздестіру.
Сыртқы экономикалық байлайыстардың дамуына тиімді көмектесудің қажеттілігі Қазақстан кеденінің алдына кеден ісін дамытуға деген жаңа көзқарасты әзірлеу мәселесін қойды.
Тиімді кедендік бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу қызметін орындау арқылы кұрылады. Осы қызметтің мақсаты, тиімді құжаттық және нақты кедендік бақылау үшін, сонымен қатар валюталық , экспорттық, ветеринарлық -экологиялық бақылау үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету мақсатына өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы толық, сенімді құжаттық акпараттық негізді қалыптастыру, мәліметтерді есепке алу мен тіркеу; сыртқы сауданың кедендік статистикасын және арнайы кеден статистикасын жүргізу; сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруда, осы режимнің сақталуы мен оның қызметін өз уақытысында аяқтауда СЭҚ қатысушыларына көмек көрсету.
Кедендік ресімдеу СЭҚ-ке қатысушылардың барлық тауарлар мен көлік кұралдарын міндетті түрде декларациялау (кеден органдарына мәліметтерді мәлімдеу) туралы заңдылық талаптары орындалуына негізделеді. Мәлімдеу ауызша, жазбаша немесе электрондық түрде кедендік декларацияны, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауға қажетті өзге де құжаттар мен мәліметтерді ұсынуында көрінеді. Тауарлар мен көлік құралдарының әкелінуі, шығарылуы және транзиті кезіндегі декларанттар болатын әр түрлі жағдайларына байланысты мәлімдеу процесі, формасы, мазмұны, уақыт аралықтары және т.б. бойынша, соның ішінде декларанттың таңдалған кеден режимінің түріне байланысты қатты ерекшеленуі мүмкін. Сәйкесінше, кедендік ресімдеу процесі де әрбір нақты жағдайда ерекше болады, бірақ, жалпы жағдайда оның мәні өзгермейді. Оның басты мақсаты — тауар туралы мәліметтерді, оның кеден шекарасы арқылы өтуі туралы, оны бақылау процедурасы немесе еркін айналысқа шығару туралы қабылданған шешімдерді құжаттық белгілеу.
Қандай да бір тәуелсіз мелекетті алып қарасақ, өз елдеріндегі шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің тәртібі мен шарттарын құрайтын кеден ісіне ерекше көңіл бөледі. Себебі кеден жүйесі қызметінің маңыздылығы кеден төлемдері мен салықтар мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің ең тұрақты көзі болатындығында. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабына сай, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу біздің елдің әр азаматының міндеті болып табылады. Сондай-ақ азаматтар біле тұра, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмысы еліміздің экономикасына үлкен шығын кетіре отырып, бюджеттің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Бірақ, өкінішке орай, еліміздің кейбір азаматтарының аталған міндеттерді орындамау арқылы еліміздің экономикасының дамуына да кері әсерін тигізіп отыр. Жалпы кедендік ережелердің бұзылуына әкеліп соқтыратын қылмыстар бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі.
Сонымен сыртқы экономикалық саясатты және Қазақстанның ішкі нарығын мемлекеттік реттеудегі маңызды құралдарының бірі кедендік шекарадан өтетін тауарлардан алымдар алу ережесін қалыптастыру тәртібі болып табылады. Ал, кеден төлемдері мен алымдарын төлеу тәртібін және механизмін бұзу еліміздің мемлекеттік ақшалық қорды құрау саласындағы еліміздің экономикасына елеулі шығын келтіреді.
Дәріс 8. Кеден төлемдерін бұзғаны үшін жауапқа тарту.
Мазмұны:
1. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару кезінде Қазақстан Республикасындағы жауапкершілік.
2. Кедендік қылмыс ретінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару белгілері.
3.Кедендік қылмыс түсінігі.
1. төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамын салықтық қылмыстар қатары жатқызуды қолдайтын ғалымдардың пікірлерімен толығымен келісуге болмайды. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуді жалтару құрамын салықтық қылмыс ретінде қарастыру оның кедендік бақылау аясында орын алатын қылмыс құрамы ретіндегі өзіндік ерекшеліктерін жоққа шығарады. Бұл пікірмен отандық И.Ш. Борчашвили, Т.К. Рахимжанова, И.И. Рогов сынды ғалымдар толығымен келіседі. Олар аталған қылмыс құрамының объектісі ретінде мемлекеттің кедендік саясатының бір бөлігін құрайтын кедендік-тарифтік реттеу аясындағы қоғамдық қатынастарды таниды.
Жалпы кедендік ережелердің бұзылуына əкеліп соқтыратын қылмыстар – бүгінгі күні өзекті мəселелердің бірі. Себебі, бұл қылмыстар еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне қол сұғады. Соның ішінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмысы еліміздің экономикасына үлкен шығын келтіре отырып, еліміздің бюджетін қалыптастыруға кері əсерін тигізеді. Ал мемлекеттің бюджетінің толығуынан жалпы халқымыздың əлеуметтік жағдайын көтеру көп тəуелді. Сол себептен осы бағытта еліміздің бюджетін толықтыру мақсатында кеден органда- рымен көптеген жұмыстар жүзеге асырылып отыр. Оны келесі кеден органдарының ұсынған статистикалық мəлімдемелерінен көруге болады. Мысалы, 2009 жылы кеден төлемдерін төлеуден бюджетке түскен ақшаның саны 96,2 млрд. теңгені құраса, ал 2010 жылы осы аталып отырған салық түрінен бюджетке түскен кіріс 124,6 млрд. теңгені құрап отыр. Бұдан біз кеден төлемдерінен түсетін ақшаның Қазақстан Республикасының бюджетінің айтарлықтай бөлігін құрайтынын көруімізге болады. Кеден төлемдерін жəне де басқа да алымдарды төлеуден жалтару қылмысы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 214-бабында қарастырылған. Мұнда ірі мөлшерде кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергені үшін алынатын алымдарды немесе басқа кедендік төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. .
2. Кедендік қылмыс ретінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару келесі белгілермен анықталады:
-
бұл қылмыс құрамының пәні болып, тек кеден төлемдері мен алымдары танылады;
-
ол кедендік шекарадан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу барысындағы өткізу шарттары мен тәртібін бұзуға бағытталады;
-
сыртқы экономикалық қызметтің жүзеге асырылуы барысында жасалады.
Әрине, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару мемлекеттің қаржы саласындағы, оның ішіндегі мемлекеттік бюджетті қалыптастыру барысындағы құқықтық қатынастарға қол сұғатыныдығы белгілі. Аталған қылмыс құрамының жоғарыда аталып өткен белгілермен сипатталуы оны салықтық қылмыстардан ажыратып қарастыруға мұмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл қылмыс құрамын кедендік қылмыс ретінде тану барысында, оның қол сұғатын объектісіне сүйенетіндігіміз белгілі. Біздің пікірімізше, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың топтық объектісі ретінде кеден заңдарымен реттелетін кеден орғандарының қызметі, кедендік шекарадан тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге байланысты қоғамдық қатынастар танылады. Ал, оның тікелей объектісі ретінде мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға байланысты қаржы мен кеден-тарифтік реттеу аясындағы қоғамдық қатынастар танылады. Аталған қылмыс құрамының топтық және тікелей объектілерінің жоғарыда аталғандай анықталуы оның кедендік реттеу аясындағы қылмыс екендіғін дәлелдейді.
Жалпы бүгінгі күні қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 65-бабы, 2 тармағы, 5 тармақшасына сәйкес, контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару істері бойынша кеден органдары анықтау органы болып табылатындығын атап кеткен жөн. Ал, аталған Кодекстің 285-бабының 4 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабының бірінші бөлігінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды тек қана кеден органдары жүргізеді. Аталған Кодекстің 285-бабының 9 тармағында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209-бабының бірінші бөлігінде («Экономикалық контрабанда») және 250-баптың бірінші бөлігінде («Айналыстан алынған заттардың және айналысы шектелген заттардың контрабандасы») көрсетілген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық істі қозғаған ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясының органдары немесе кеден органдары жүргізеді.
Осыған орай, кедендік қылмыстарға:
-
экономикалық контрабанда (ҚР ҚК 209-бабының 1 бөлігі);
-
кедендік төлемдер мен айналымдарды төлеуден жалтару (ҚР ҚК 214-бабының 1 бөлігі);
-
айналыстан алынған заттардың және айналысы шектелген заттардың контрабандасы (ҚР ҚК 250-ба-бының 1 бөлігі) жатады.
Ал Т.А. Диканова мен В.Е. Осиповтың айтуынша, кеден саласындағы қылмыстарға тек қана экономика-лық қылмыстардың түсінігі тұрғысынан ғана емес сонымен бірге басқа жағынан да қарауымыз керек. Мәселен, қару-жарақ контрабандасына келетін болсақ, ол экономикамен емес, керісінше, саясатпен байланысты. Біз осы айтылған көзқарастарды қолдай отырып, кедендік қылмыстарға тек қана сыртқы экономикалық қызметтер саласында жасалатын қылмыстарды ғана жатқызып қоймай, сонымен бірге кеден саласында жасалатын басқа да қылмыстарды жатқызған дұрыс деп ойлаймыз.
3. Біздің көзқарасымызша бүгінгі күнгі өзекті меселелердің бірі кедендік қылмыстардың түсінігін берудің қажеттілігі. Қазіргі уақытта кедендік қылмыстардың түсінігі бойынша әртүрлі ғалымдардың пікірлері қалыптасқан, мәселен И.А. Жандарбеков және В.А. Некрасовтар өз еңбектерінде кедендік қылмыстарға Қазақстан Республикасы кеден органдарының айналысып жүрген жас ғалым Д. Досмырзаның пікірінше кедендік қылмыстарға анықтау жүргізу Қазақстан Республикасының кеден органдары құзіретіне жататын, Қазақстан Республикасының кедендік шекасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарның белгіленген тәртібіне, олардың кедендік бақылау және кедендік ресімдеу тәртібіне, және кедендік төлемдер мен салықтарды алу мен белгілеудің тәртібіне қол сұғатын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) жатады.
Кейбір заң әдебиеттерінде кеден саласында жасалатын қоғамға қауіпті әрекеттер қылмыстық заңға енгізіліп, оларды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бекітілуі келесі факторлармен байланыстырылады:
-
кеден ісі саласының дербес құқық саласы ретінде қалыптасуы;
-
аталған қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың кеңінен таралуы және олардың өсу тенденциясының байқалуы;
-
аталған қылмыс құрамдары келтіретін зардаптардың аса үлкен мөлшерде болатындығы;
кеден ісі саласын, басқа да құқық салаларының жеткілікті дәрежеде қорғай алмауы, аталған саланы қылмыстық құқықтық қорғаудың тиімділігі Сонымен қорыта айта кетсек кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмысы еліміздің экономикасына үлкен шығын келтіре отырып, бюджеттің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Ал, мемлекеттік бюджеттің толығуынан жалпы халқымыздың әлеуметтік жағдайының көтерілуі көп тәуелді. Сол себептен осы бағытта еліміздің бюджетін толықтыру мақсатында кеден органдарымен көптеген жұмыстар жүзеге асырылып отыр. Жалпы кедендік ережелердің бұзылуына әкеліп соқтыратын қылмыстар бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі. Себебі бұл қылмыстар еліміздің экономикалық дұрыс дамуына теріс ықпалын келтіріп, мемлекетіміздің сыртқы экономикалық қауіпсіздігіне қол сұғады.
Дәріс 9 Кедендік төлемдер мен салықтарды мемлекеттік
бюджетке төлеудің тәртібі
Мазмұны:
1. Кедендік төлеушілер
2.Кедендік төлеу ережелері.
3. Артық төленген кедендік төлемдер мен салықтарды
есепке алудың және қайдтаруың тәртібі
1. Төлеушілер кедендік төлемдер мен салықтарды Қазақстан Республикасының салықтық және кедендік заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік бюджетке төлейді. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі кедендік төлем мен салықтың түріне сәйкес жыл сайын бекітетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктеменің сәйкес коды бойынша (бұдан әрі - бюджеттік жіктеме коды) жүргізіледі. Төлемдер мен салықтарды төлеуді төлеушілер Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар арқылы жүргізеді. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге арналған төлем құжаттарында төлеушілер кеден органы тіркелген орын бойынша орналасқан салық органының (бұдан әрі - бенефициар-салық органы) деректемелерін көрсетеді.
Осы Ережеге сәйкес мынадай кедендік төлемдер мен салықтар төленеді:
1) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес есептелетін және төлеуге жататын кедендік төлемдер;
2) Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес алынатын акциздер, қосымша құн салығы;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен уақытша шаралар ретінде енгізілгендерді қоспағанда, демпингке қарсы, қорғаныштық және өтемдік баждар.
Төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша алдағы міндеттемелер есебінен кедендік төлемдер мен салықтарды аванспен енгізуге құқығы бар. Кедендік төлемдер мен салықтарды олардың түрлері бойынша аванспен енгізу бюджеттік жіктеме кодтары бойынша жүргізіледі.
2. төлемдер мен салықтарды, оның ішінде аванспен енгізілгендерін есептеуді төлеуші Қазақстан Республикасының салықтық және кедендік заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Кеден органы кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу, қосымша есептеу кезінде төлеушіге оның негізінде ол кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді жүргізетін Төлеу шоты (1-қосымша) беріледі.
Қазынашылық кеден органы мен бенефициар-салық органына күн сайын ұсынатын Бұйрықпен бекітілген 040-К немесе Қаулымен бекітілген 2-43 нысандарының деректері жоғарыда көрсетілген органдар үшін төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтарды мемлекеттік бюджетке төлегендігін растау болып табылады.
Кеден органдары осы Ереженің 9-тармағына сәйкес Қазынашылықтың Бұйрықпен бекітілген 040-К немесе Қаулымен бекітілген 2-43 нысандарының деректерімен қоса төлеуге есептелген (есептелген, қосымша есептелген) кеден төлемінің немесе салықтың әрбір түрін салыстыру жолымен төлеушіден мемлекеттік бюджеттің кірісіне кедендік төлемдер мен салықтардың түсуінің уақытылығын және толықтығын бақылауды жүзеге асырады.
Егер кеден органдары осы Ереженің 11-тармағына сәйкес жүргізілген салыстыру қорытындылары бойынша мемлекеттік бюджетке енгізілген сомалар есептелген және төлеуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардың жалпы сомасын жабатындығын, бірақ кедендік төлемдер мен салықтардың жекелеген түрлері бойынша есептелген және төлеуге жататын сомаларды жаппайтындығын анықтаса, төлеуші:
жетпейтін сомаларды мемлекеттік бюджетке осы Ережеге сәйкес енгізуге;
осы Ереженің 3-бөлімінде белгіленген тәртіппен басқа кедендік төлемдер мен салықтар жөніндегі міндеттемелерінің шотына артық есептелген сомаларды есепке алуды жүргізу үшін бенифициар-салық органына одан әрі жүгіну мақсатында Кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомаларының бар екендігі туралы растау (бұдан әрі - Растау) (2-қосымша) алу үшін кеден органына жүгінуге құқылы.
Кедендік төлемдер мен салықтардың жетпейтін сомаларын төлеу фактісі, оның ішінде есепке алуды жүргізу кезіндегі, осы Ереженің 10-тармағына сәйкес куәландырылады.
Төлеуші Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша есептерді бюджетпен салыстыру актісін (бұдан әрі - Салыстыру актісі) (3-қосымша) алу үшін кеден органына жүгінуге құқылы.
3. Артық төленген кедендік төлемдер мен салықтарды есепке алуды немесе қайтаруды бенифициар-салық органы салықтық заңнамаға сәйкес жүргізеді.
Бенифициар-салық органы артық төленген кедендік төлемдер мен салықтарды есепке алуды немесе қайтаруды жүзеге асыруы үшін төлеуші Растау алу үшін кеден органына өтінішпен жүгінеді.
Өтінішке мынадай құжаттардың:
1) ол бойынша есепке алуға немесе қайтаруға жататын сомаларды төлеу жүргізілген төлем құжатының;
2) ол бойынша кедендік төлемдер мен салықтар есептелген және төленген кеден органы ресімдейтін кедендік декларацияның (кедендік декларация ресімделген жағдайда ұсынылады);
3) оларды жүзеге асырғаны үшін кедендік төлемдер мен салықтар енгізілген өзге де әрекеттерді жасау кезінде кеден органдары ресімдейтін өзге де құжаттардың (кедендік төлемдер кедендік декларацияны ресімдеу жүргізілместен төлеу жүргізілген жағдайда ұсынылады) көшірмелері қоса беріледі.
Кеден органдарының өтінішті қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Растауды ресімдеуді кеден органдары Салыстыру актісінің негізінде жүргізеді.Бенифициар-салық органы артық төленген кедендік төлемдер мен салықтарды есепке алу, не қайтару туралы шешім шығарған жағдайда, бенифициар-салық органы Растаудың деректемелерін көрсете отырып қорытындыны және кедендік төлемдер мен салықтар бойынша артық төленген сомаларды есепке алуға немесе қайтаруға арналған төлем тапсырмасын ресімдейді және Қазынашылыққа береді.
Қазынашылық салық органдары ұсынған құжаттардың негізінде артық төленген сомаларды есепке алуды немесе қайтаруды жүргізгеннен кейін, бірінші дананы бенифициар-салық органына қайтарады, екінші дананы кеден органына береді.
Дәріс 10 Кеден баждары мен салықтарын төлеуді қамтамасыз ету
сомаларын депозитке енгізудің және оларды қайтарудың
тәртібі .
Мазмұны:
1. Кеден баждары мен салықтарын төлеуді қамтамасыз ету
сомаларын депозитке енгізудің және оларды қайтарудың
тәртібі .
2 Кеден органының депозитiне ақшаларды
енгiзудiң тәртiбi
3. Кеден органының депозитiне енгізiлген
ақшаларға қожалық ету
1. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) 138-бабына сәйкес кеден баждарын және (немесе) салықтарын қамтамасыз ету нысандарының бiрi Қазақстан Республикасы кеден органдарының депозитiне тиесiлi сомаларды енгiзу (бұдан әрi - депозит) болып табылады.
Осы Тәртiпте мынадай түсiнiктер пайдаланылады:
iшкi кеден органы - қызмет ету аймағында кедендiк ресiмдеудi жүргiзудің орны мен уақыты туралы Нұсқаулыққа сәйкес алушының (жөнелтушiнің) тауарына кедендiк ресiмдеу жүргiзiлуi тиiс Қазақстан Республикасының кеден органы;
жөнелтушi кеден органы - қызмет ету аймағында Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды нақты әкелу жүргiзiлетiн өткiзу пунктi орналасқан Қазақстан Республикасының кеден органы;
жiберiлген кеден органы - қызмет ету аймағында Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды нақты әкету жүргiзiлетiн өткiзу пунктi орналасқан Қазақстан Республикасының кеден органы;
жеткiзiлетiн тауарлар - оларды iшкi кеден органына жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлар, не оларды жiберiлген кеден органына жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкету үшiн арналған тауарлар;
транзиттiк тауарлар - Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы тауарлардың транзитi кедендiк режимiне сәйкес тасымалданатын тауарлар.
Кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке сомаларды енгiзу тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден iсi туралы заңның 165-бабына сәйкес және жекелеген кеден режимдерiнің шеңберiнде жеткiзу кезiнде қолданылады.
Кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке сомаларды енгiзу мынадай кеден режимдерiнде қолданылады:
1) Кеден iсi туралы заңның 35-бабына сәйкес тауарлардың транзитi;
2) Кеден iсi туралы заңның 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында тауарларды қайта өңдеу;
3) Кеден iсi туралы заңның 85-бабына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу;
4) Кеден iсi туралы заңның 99-бабына сәйкес акцизделетiн тауарлардың керi экспорты;
5) тауарлардың экспорты. Сомаларды депозитке енгiзу Кеден iсi туралы заңның 96-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағының шегiнен шығармау кезiнде төлеуге жататын салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде қолданылады.
Кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде сомаларды енгiзу Кеден iсi туралы заңда және осы Тәртiпте қарастырылған тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Тауарлар транзитi кеден режимiнен басқа, жеткiзiлетiн тауарларға және осы Тәртiптің 3-тармағында көрсетiлген кеден режимдерiнде ресiмделген тауарларға қатысты кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде ақшаларды енгiзу iшкi кеден органының депозитiне жүргiзiледi.
Транзиттiк тауарларға қатысты кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде ақшаларды енгiзу, егер өзгелер Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің Кеден комитетiмен рұқсат етiлмеген болса, жөнелтушi кеден органының депозитiне жүргiзiледi.
Егер кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде ақшалар кеден органының кассасына Қазақстан Республикасының резидентi емес адамнан нақты ақшалай енгiзiлген жағдайда, берiлген ақшалар сомасы үш банктiк күннен кешiктiрiлмей осы кеден органының депозитiне аударылуға тиiстi. Бұл ретте ақшаларды депозитке аудару кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету үшiн ақша енгiзген адам есебiнен жүргiзiледi.
Кеден органдарының валюталық шоты болмаған жағдайда кеден баждары мен (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке ақшаларды енгiзу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізiледi.
Кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету үшiн қажеттi сомалардың көлемi, төлеуге тиесiлi кедендiк баждардың және (немесе) салықтардың сомасынан кем болмауы тиiс:
егер тауарлар, тауарларды еркiн айналысқа шығарған кезде тауарлардың транзитi кедендiк режимiне сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы оларды тасымалдау үшiн әкелген жағдайда, не егер тауарлар, экспорт кезiнде шет мемлекеттің аумағы арқылы тауарлардың транзитi кедендiк режимiне сәйкес оларды тасымалдау үшiн әкетiлген жағдайда;
тауарларды еркiн айналысқа шығару кезiнде, тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қайта өңдеу кедендiк режимiне сәйкес әкелiнген тауарлар үшiн;
экспорттау кезiнде, тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу кедендiк режимiне сәйкес әкетiлетiн тауарлар үшін;
тауарларды еркiн айналысқа шығару кезiнде, тауарлардың керi экспорты кедендiк режимiмен орналастырылатын акцизделетiн тауарлар үшiн;
тауарларды еркiн айналысқа шығару кезiнде не экспорт кезiнде, жеткiзiлетiн тауарлар үшiн тауарларды әкету кезiнде.
Жеткiзiлетiн акцизделетiн тауарлар қатысында депозитке ақшаларды енгiзу iшкi кеден органының уақытша кеден декларациясын қабылдауына дейiн немесе қабылдау сәтiнде жүргiзiледi.
Егер IТҚ-да (iшкi транзит құжаты) көрсетiлген қамтамасыз ету сомасы, аталған сомалар арасындағы айырма қамтамасыз ету сомалары есептелген шетел валютасы бағамының өзгеруiнiң нәтижесiнде пайда болған жағдайдан басқа да, iшкi кеден органының депозитiне нақты енгiзiлген сомадан асқан жағдайда, iшкi кеден органының депозитiне жетпейтiн сомаларды нақты енгiзуге дейiн тауарлар iшкi кеден органына бағыттауға жатпайды.
Осы Тәртiптің 3-тармағында көрсетiлген кеден режимдерiнің шегiнде тасымалданатын тауарларға қатысты депозитке ақша енгiзу кеден декларациясын қабылдауға дейiн немесе тапсырылған күнi жүргiзiледi.
Кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке енгiзiлген ақша өзге төлемдер бойынша есепке алуға жатпайды.
Әр түрлi кеден органдарында ресiмделетiн тауарлар бойынша төлемдi қамтамасыз ету жеке төлем қағаздарымен енгiзiледi.
3. Кеден органының депозитiне нақты ақша енгiзген төлеушi немесе тұлға, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге транзиттiк тауарларды нақты әкеткенге дейiн не жеткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу аяқталғанға дейiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына тауарларды әкелуден бас тартқан жағдайдан басқа, осы Тәртiптің 3-тармағында көрсетiлген кедендiк режимдерде ресiмделетiн тауарларға қожалық етуге құқысыз.
Ішкi кеден органына жеткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген ақша көрсетiлген кеден режимiне сәйкес кедендiк төлемдерге және (немесе) салықтарға айналдыруға жатады.
Бұл ретте iшкi кеден органына төлеушiнің осы ақшаны кеден төлемдерінің және (немесе) салықтарының осы Тәртiпке 1-қосымшамен келiсiлген сәйкесiнше түрлерiне айналдыру туралы жазбаша өтiнiшi тапсырылады.
Өтiнiш болмаған жағдайда, тауарлар таңдап алынған кеден режимiне сәйкес тек жүктiк кедендiк декларациясы (бұдан әрi - ЖКД) бойынша төлеуге жататын барлық кедендiк төлемдер мен салықтарды кеден органының депозитiне не Кеден iсi туралы заңның 136-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен бiрлескен айқындалған тәртiпте (бұдан әрi - Тәртiп) мемлекеттiк бюджетке енгiзiлгеннен кейiн ғана шығарылуы мүмкiн.
Бұл ретте кеден баждары мен (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген ақша сомаларын төлеушiге не оның жазбаша өтiнiшi бойынша осы ақшаларды нақты енгiзген адамға қайтару тек ЖКД бойынша төлеуге жататын кедендiк төлемдер мен салықтарды iшкi кеден органының депозитiне не мемлекеттiк бюджетке Тәртiпке сәйкес енгiзгеннен кейiн ғана жүргiзiледi.
Егер кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде iшкi кеден органының депозитiне енгiзiлген сома ЖКД бойынша есептелген сомадан кем болған жағдайда, кеден төлемдерiнiң және (немесе) салықтарының жетпейтiн сомалары iшкi кеден органының депозитiне не мемлекеттiк бюджетке Тәртiпке сәйкес ЖКД-сын қабылдағанға дейiн немесе қабылдауымен бiр уақытта төленедi. Кеден төлемдерінің және (немесе) салықтарының жетiспейтiн сомаларын төлемеген кезде жеткiзiлген тауарлар шығаруға жатпайды.
Егер транзиттiк тауарлар қатысында кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде жөнелтушi кеден органының депозитiне енгiзiлген сома, төлеуге жататын сомадан кем болған жағдайда, егер тауарлар еркiн айналыс үшiн шығарылған болса, онда транзиттiк тауарлар жiберiлген кеден органына жөнелтуге жатпайды.
Егер кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке енгiзiлген сома ЖКД-сы бойынша есептелген сомадан артық болған жағдайда, iшкi кеден органы төлеушiнiң, нысаны осы Тәртiпке 2-қосымшада келтiрiлген жазбаша өтiнiшi бойынша, артық енгiзiлген ақшаны белгiленген тәртіппен төлеушiнің шотына немесе оның жазбаша өтiнiшi бойынша осы ақшаларды нақты енгiзген адамның шотына қайтаруды жүргiзедi не болашақ қамтамасыз етудің немесе болашақ кеден төлемдерi мен салықтарының шотына есептеудi жүргiзедi.
Жiберiлген кеден органына көрсетiлген мерзiмде транзиттiк тауарлар жеткiзiлген кезде, аталған тауарларға қатысты кедендік баждар мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде жөнелтушi кеден органының депозитiне енгiзiлген сомаларды қайтару жөнелтушi кеден органымен осы соманы енгiзген адамның, нысаны осы Тәртiпке 3-қосымшада келтiрiлген жазбаша өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
Бұл ретте транзиттiк тауарлар бойынша кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде кеден органының кассасына нақты ақшалай Қазақстан Республикасының резидентi емес - заңды және жеке тұлғалармен енгiзiлген және оның депозитiне аударылған ақшалар сомасын қайтару, жөнелтушi кеден органымен Қазақстан Республикасының резидентi емес адамның, нысаны осы Тәртiпке 4-қосымшада келтiрiлген жазбаша өтiнiшi бойынша тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағымен, одан тысқары жерде ашылуы мүмкiн шотына жүргiзiледi. Кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеуді қамтамасыз ету сомасын қайтару үшiн ақшаларды аудару бойынша банктiк операцияларды жүргiзу ақшаны алушының есебiнен жүргiзiледi.
Транзиттiк тауарларға қатысты кеден баждары мен төлемдерiн төлеудi қамтамасыз ету ретiнде жөнелтушi кеден органының депозитiне енгiзiлген сомалар, өтiнiш болмаған жағдайда, он бес күнтiзбелiк күн iшiнде мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне аударылады.
Тауарларды iшкi кеден органына жеткiзбеген не тауарлардың транзитi, тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу, экспорт кеден режимдерiнде тасымалданатын тауарларды Кеден iсi туралы заңда белгiленген мерзiмде жiберiлген кеден органына жеткiзбеген жағдайда, кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген сома он бес күнтiзбелiк күн iшiнде мемлекеттiк бюджеттің кiрiсiне аударылады.
Керi экспорт кедендiк режимiнде орналастырылған акцизделетiн тауарлардың әкелiнген күнiнен екi ай iшiнде Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге шығарылмауы жағдайында кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген сома он бес күнтiзбелiк күн ішінде мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне аударылады. Бұл ретте декларантпен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, керi экспортталатын тауарларды шығарудың Кеден iсi туралы заңмен белгiленген мерзiмi аяқталған күнiне қолданылған қайта қаржыландырудың 1,5 есе ресми ставкасы мөлшерiндегi өсу ақысы төленуi тиiс.
Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне аударылған ақшаны қайтару мынадай:
жiберiлген кеден органының тауарлардың транзитi кедендiк режимiне сәйкес ресiмделген тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан iс-жүзiнде әкетiлгендiгiн не транзиттiк тауарлардың аварияның немесе жеңуге келмейтiн күштер әрекетiнің салдарынан жойылуын немесе қайтарымсыз жоғалуын куәландыруы, сондай-ақ органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңсыз iс-әрекетiнің салдарынан олардың иелiктен шығарылуы фактiлерiн тиiстi құжаттармен куәландыруы;
отандық тауарлардың қайта өңдеу өнiмдерiн оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына еркiн айналысқа шығару үшiн не қайта өңдеу өнiмдерінің аварияның немесе жеңуге келмейтiн күштер әрекетiнің салдарынан жойылуын немесе қайтарымсыз жоғалуын Қазақстан Республикасының шетелдегi консулдық мекемелерiнің куәландыруы не Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша шетелдiк органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының заңсыз iс-әрекетiнiң салдарынан иелiктен шығарылуы фактiлерiн тиiстi құжаттармен куәландыруы;
шетел тауарларының қайта өңдеу өнiмдерінің экспорты;
акцизделетiн тауарлардың керi экспорты;
әкелiнген тауарлардың iшкi кеден органына жеткiзiлуi не жiберiлетiн кеден органына әкету үшiн арналған тауарлардың жеткiзiлуi сәйкесiнше кеден органының депозитiне тиесілі соманы енгiзген күннен бастап бес жылдан кешiктiрмей жүргiзiледi.
Бұл ретте ақшаларды қайтару кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз етудің сомасын депозитке енгiзген адамның, айыппұлдарды төлеген соң, сондай-ақ жеткiзiлетiн тауарларға, тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында қайта өңдеу, тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу кеден режимдерiнде тасымалданатын тауарларға қатысты ЖКД-сы бойынша төлеуге жататын барлық кедендiк төлемдерiн және (немесе) салықтарын Тәртiпке сәйкес iшкi кеден органы депозитiне немесе мемлекеттiк бюджетке енгiзгеннен кейiн, жазбаша өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.
Егер тұлға кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде ақша енгiзiлген тауарлар қатысында, оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелуден не тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлердi қайта өңдеуден немесе тауарлардың экспортынан бас тартқан жағдайда, iшкi кеден органы төлеушінің нысаны осы Тәртiпке 5-қосымшада келтiрiлген жазбаша өтiнiшi бойынша көрсетiлген ақшаларды төлеушінің не оның жазбаша өтiнiшi бойынша осы ақшаларды нақты енгiзген адамның шотына, не болашақ кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеуді қамтамасыз ету шотына қайтаруды жүргізеді.
Қамтамасыз ету сомаларын депозитте сақтау уақыты үшін пайыздар есептелмейді. Көрсетілген сомаларды индекстеу жүргізілмейді.
Дәріс 11 Кеден төлемдерiн алу.
Мазмұны:
1. Түрлері.
2. Кеден құжаттарын толтыру үшiн алынатын кеден алымдары.
3. Кеден төлемдерiнiң төлену мерзiмдерi
1. Белгiленген басқа жағдайларда төмендегiдей кеден төлемдерi белгiленедi:
1. кеден баж салығы;
2. маусымдық кеден баж салығы;
3. арнаулы кеден баж салығы;
4. антидемпинг баж салығы;
5. орнын толтыру баж салығы;
6. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия беруi үшiн төленетiн ақы;
7. кеден құжаттарын толтыру жөнiндегi маманға квалификациялық аттестат беру үшiн төленетiн ақы;
8. кеден құжаттарын толтыру үшiн кеден ақысы;
9. тауарларды сақтау үшiн кеден ақысы;
10. тауарларды кедендiк алып жүру үшiн төленетiн ақы;
11. хабарлау мен кеңес беру үшiн төлем ақы;
12. алдын ала шешiм қабылдау үшiн төлем ақы;
13. кеден аукциондарына қатысқаны үшiн төленетiн төлем ақы.
2. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар және көлiк үшiн кеден құжаттарын толтыру мақсатында кеден алымы алынады.
Кеден құжаттарын толтыру үшiн алынатын алым кеден декларациясы қабылдағанға дейiн не ол төленген кезде төленедi. Ал оны кейiнге қалдыру не бөлiп төлеуге рұқсат етiлмейдi. Осы Нұсқаудың 9 тарауындағы 9.6-тармағы "в" және "и" тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден құжаттарын төлеу үшiн алынған кеден алымдарының артық төленген сомасы иесiне қайтарылмайды.
Кеден құжаттарын толтыру үшiн алынатын кеден алымдары Қазақстан Республикасының валютасымен де курсын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi тауарлар мен көлiк құралдары құнының 0,2 % мөлшерiнде белгiлейтiн шетел валютасымен де алынады.
Тауарлар мен көлiк құралдары құжаттарын осыған арналған орыннан тыс жерде және Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде толтыру үшiн кеден құжаттарын толтыру үшiн кеден алымдары екi есе мөлшерде алынады.
Бұл жағдайда тауарды қабылдаушы (жiберушi немесе тауарларды қабылдаушы) жiберушi болып табылатын оның құрылымдық бөлiмшесi орналасқан кеден органының қызмет ету аумағынан тыс жерде тауарлар мен көлiк құралдарына құжат дайындау де кеден құжаттарын толтыру үшiн белгiленбеген жерде тауарлар мен көлiк құралдарына құжат толтыру ретiнде қарастырылады.
Тауарлар мен көлiк құралдарына кеден құжаттарын толтыру үшiн алынатын кеден алымдарынан есептеу кезiнде шыққан сомалар бүтiн санға дөңгелектенедi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 149-бабына сәйкес көлiк құралдары мен тауарларға кеден құжаттарын толтыру кеден алымдарын алудан босатылады.
Жеке адамдардың кеден құжаттарын толтыру үшiн алым төлеу мөлшерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасы аумағы арқылы жеке адамдардың тауар өткiзу ережелерiмен белгiленген.
2. Кеден құжаттарын толтыру үшiн алынатын кеден баж салықтарымен кеден алымдары кеден декларациясы қабылданғанға дейiн немесе ол қабылданған күнi төленедi.
Егер кеден декларациясы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығында бекiтiлген мерзiмде бермеген болса, онда кеден төлемдерiнiң төлену мерзiмдерi кеден декларациясы берiлуiнiң белгiленген мерзiмi бiткен күннен бастап есептеледi.
Айрықша жағдайларда, кеден органының шешiмi бойынша төлеушiге кеден төлемдерiнiң төлену мерзiмiн ұзарту немесе оны бөлiп төлеу ұсынылуы мүмкiн.
Кеден төлемдерiнiң төлену мерзiмiн ұзарту не бөлiп төлеудi ұсынудың тәртiбiн "кеден баж салығын төлеу бойынша мерзiм ұзарту (бөлiп төлеу) ұсыну тәртiбi туралы" Нұсқаумен белгiленген.
Тауарларды кеден қоймасына сақтау үшiн алынатын кеден алымдары осы тауарлар белгiленгенге дейiн немесе ол берiлген кезде төленедi.
Тауарларды кедендiк алып жүру үшiн кеден алымдары кеден органы тауарларды кедендiк алып жүрудi жүзеге асыру туралы кеден комитетiнiң бекiткен тәртiбiне сәйкес шешiм қабылдаған соң, бiрақ ол iс жүзiнде басталғанға дейiн төленедi.
Дәріс 12
Аванстық төлемдер
Мазмұны:
1. Аванстық төлемдер
2. Артық төленген кеден баж салықтарын қайтару
Кеден төлемдерiн төлейтiн адам өз қалауы бойынша кеден құжаттарын толтыратын кеден органының келiсiмi бойынша аталған кеден органының есепшотына болашақ кеден төлемдерi есебiне аванспен ақша қаражатын аудара алады (
Аванстық төлемдi жүзеге асыру).
Аванстық төлем, кеден органымен келiсу бойынша, кеден органының есепшотына теңгемен де, шетел валютасымен де салынады.
Бұл жағдайда төлеу құжатында "Төлеудiң мақсаты" болғанында мыналар көрсетiлуi тиiс:
"Аванстық төлем _____________________(сомасы)".
Аванстық төлемдердi кеден төлемдерiн төлеушi не төлемнiң нақты түрi бойынша, бұл туралы төлеу құжатының мақсат бағанында көрсетiлуi тиiс, не кеден төлемiнiң нақты түрi көрсетiлмей жалпы сомамен салына алады.
Аванстық төлем салынған төлемнiң нақты түрi көрсетiлмей, ақша қаражаты салынған жағдайда, аванстық ақша қаражатын есептен шығару аванстық ақша қаражатын салған сыртқы экономикалық байланыстардың нақты қатысушысы аударған төлемдердiң барлық түрi бойынша, толтырылған кеден декларацияларына сәйкес, сондай-ақ төлеушiнiң кеден органы алдындағы қарыздарының барлық түрi бойынша жасалады.
Төлеушiден жазбаша сұрау салу қағазы келген кезде, кеден органы оған кеден төлемдерiн төлеу ретiнде аванспен салынған ақша қаражатының жұмсалуы туралы ақпарат бередi.
Аванстық төлемдер жұмсалмай кеден органының есепшотында бiр жылдан артық тұрмайды.
Көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн төлеушi аванстық төлемдерге иелiк ету, немесе оларды қайтару туралы арызбен есепшотына аванстық төлемдер салынған кеден органына баруға мiндеттi. Бұлай болмаған жағдайда, жоғарыда көрсетiлген мерзiм аяқталған соң, аванс ретiнде аударылған ақша қаражаттары белгiсiз қаражаттар ретiнде республикалық бюджет кiрiсiне аударуға жатады.
Бұл тармақтың ережесi аванстық төлемдерге қолданылмайды:
- егер олардың қалдығы бiр күнтiзбелiк жылда құрылса;
- егер олар бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде кезеңмен шығындалып тұрса және толықтырылып отырса.
Төлеушi үнемi жұмсап және толтырып отыратын аванстық кеден төлемдерiнiң сомалары олар толық жұмсалғанға дейiн, немесе төлеушi оларды қайтару туралы арыз бергенге дейiн кеден органының есепшотында болады.
Төлеушiнiң аванстық төлемдi қайтару туралы жазбаша арызын кеден органдары осындай арыз берiлген сәттен бастап 30 күн iшiнде қарайды.
Кеден органының есепшотында iс жүзiнде бар аванстық төлем сомалары ғана қайтаруға жатады.
2.Артық төленген кеден баж салықтарын қайтару
Артық төленген кеден баж салықтары төлеушiнiң осы сомалардың төленген немесе алынған сәтiнен бастап бiр жылдан кешiктiрмей кеден органдарына берген арызы бойынша қайтарылады.
Артық төленген кеден төлемдерi сомаларын қайтаруды есепшотына осы сомалар салынған кеден органы жүзеге асырады.
Кеден органының есепшотында қайтаруды жүзеге асыруға қажеттi сомалар болмаған жағдайда, оның ұсынуы бойынша мұндай қайтару Кеден органының есепшотынан жүзеге асырылады.
Кеден төлемдерiнiң сомалары қайтарылған кезде кеден баж салықтарын төлеудiң мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу ұсынылғаны үшiн алынатын проценттер, сондай-ақ мерзiмi өткiзiлгенi үшiн алынатын өсiм, егер Кеден комитетiнiң нормативтiк актiлерiнде басқалай көзделмесе, қайтарылмайды.
Кеден төлемдерiнiң артық төленген сомаларын қайтару, егер төлеушiнiң арызында басқалай айтылмаса, олардың төленуi жүзеге асырылған есепшоттарға салынады.
Қайтару төлем жасалған валютада жүзеге асырылады.
Басқа валютамен қайтару тек Кеден комитетiнiң рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Бұған қоса шетел валютасын Қазақстан Республикасы валютасына қайта есептеу және бұны керiсiнше жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кеден декларациясы қабылданған күндегi курсы бойынша жүзеге асырылады.
Кеден төлемдерiн қайтару туралы шешiмдi кеден төлемдерi бөлiмi бастығының ұсынуы бойынша кеден комитетiнiң басшысы қабылдайды.
Қайтару мынадай жағдайларда жасалады:
а) тауардың кедендiк құнын нақтылауға байланысты кеден салығы сомаларын қайта есептеу;
б) егер кеден режимiнiң шарттарында кеден баж салығының бұрын төленген сомасын қайтару көзделсе;
в) егер тауарларға кеден баж салықтары екi рет салынса;
г) егер экспорттық жеткiзу болмай қалса;
д) кеден баж салықтарының ставкалары өзгергенде;
е) кеден баж салықтарын төлеу бойынша жеңiлдiктер ұсынылғанда;
ж) кеден баж салықтары төленген тауарлар кеден бақылауымен жоюға жататын болса, немесе оларды әкелу (шығаруға тыйым салынған болса;
з) кеден баж салығы төленген әкелуге/ шығаруға арналған тауар жойылған болса;
и) егер кеден бас салықтарын артық төлеу немесе өндiрiп алу төлеген немесе өндiрiп алынған валюта курсының өзгеруi нәтижесiнде орын алса;
к) иесi кеден органы болып табылатын кеден қоймасының жойылуына байланысты тауарларды қайтарып беру кезiнде сақтау үшiн алынған кеден алымдары сомаларының бiр бөлiгi қайтарылғанда;
л) Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген басқа жағдайларда.
Кеден органына мiндеттi түрде мына құжаттар берiлген кезде, артық төленген кеден баж салығын және 9.6.-тармақтың "в" және "и" тармақшаларында көзделген кедендiк құжаттар толтыру үшiн алынатын Кеден алымдарын қайтару туралы шешiм қабылданады:
- төлеушiнiң артық төлеудiң себебi көрсетiлген қайтару туралы өтiнiшi, ақша қаражаттары қайтарылуға тиiс оның банк реквизиттерi көрсетiлген жазбаша арызы;
- кеден төлемдерi есептелген және алынған құжаттардың көшiрмелерi;
- өкілеттенген банктiң пайдалану туралы белгiсi бар, кеден төлемдерiнiң тиiстi сомаларының төленуiн растайтын төлеу құжаты,
- қайтып берудiң негiздiлiгiн растайтын басқа құжаттар.
Артық төленген кеден төлемдерiн қайтару кеден төлемдерiнiң төленген сомалары кеден органының есепшоттарына iс жүзiнде келiп түскен жағдайда және артық сомалар қайтарылатын төлеушiнiң кеден органдары алдында кеден төлемдерiн төлеу бойынша қарыздары, айыппұлдары және басқа төлемдерi болмаған кезде жүзеге асырылады.
Артық төленген кеден төлемдерiнiң сомаларын қайтару төлеушiнiң кеден төлемдерiн төлеу бойынша қарыздары, айыппұлдары және басқа төлемдерi болған кезде тек олар өтелген соң жүзеге асырылады.
Дәріс 13 Кеден тарифтік жүйесі
Мазмұны:
1. Кедендік тариф
2. Алымдар
1. Кеден тарифтік жүйесі элементтерді қамтиды. Кедендік тарифтік шаралар дегеніміз – сыртқы экономикалық қызметті реттеуге бағыталған және мемлекеттік органдармен заңға көрсетілген реттерде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық шаралардың жиынтығы. «Кеден тарифтері және баж» туралы ҚР-ның Заңы 1991 ж. 24 желтоқсанда белгіленді. Кеден тарифтік реттеу дамуындағы жаңа кезең – «Кеден тарифтері және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізінде тарифтік шаралар жатады.
Кеден тарифтері механизмді пайдалану барысында келесі негізгі мақсаттарда шешілені: реттеуші, сауда-саяси, фиксальды. Оның тиімділігі көбінесе реттеудің нормативтік тәртібіне және ережелеріне байланысты. Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 1995 ж. 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Кедендік іс туралы»
Қаулысы жатады.
— Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:
1. Кедендік баж
2. Кедендік алымдар
3. Алымдар
4. Алдын ала шешім үшін төлемақы.
— Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп алу тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер ҚР-ның кеден кодексімен айқындалады.
— Қазақстан Республикасының кеден органдары демпинге қарсы, қорғау және өтемдік баждарды ҚР-ның заңдарында бекітілген тәртіппен алуы шарт.
— Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі ҚР-ның салық заңына сәйкес айқындалады.
— Жеке тұлғалар тауарларды оңаңтылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.
Кедендік төлемдер ставкаларының мынадай түрлері бар:
1. Салық салынатын тауарлардың құнына процентпен есептелінетін – адваларлық ;
2. Салық салынатын тауарлардың бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелінетін – ерекшелікті;
3. Кедендік төлемдер ставкаларының аталған екі түрін де ұштастыратын – құрамдас болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының кедендік төлемдеріне толықтай тоқталып өтетін болсаң:
1. Кедендік баждар.
Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді. Кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейлі және оларресми жарияланғаннан кейін күнтізбеліп отыз кү өткен соң күшіне енеді.
2. Кедендік алымдар.
Кедендік алымдарға:
Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым; кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым; тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.
Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдары шығындарының құны кеден алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз болып табылады.
3. Алымдар Кеден органдары алатын алымдарға: лицензия бергені үшін алым; кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым жатады.
Осы белгіленген алымдардың бірінші тармағын алымдар мөлшерін ҚР-сы Үкіметі айқындайды.
4. Алдын ала шешім үшін төлемақы.
Тауарлардың жіктемесіне, шығарылған елін және құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін ҚР-ның үкіметі белгіленген мөлшерде алдын-ала шешім үшін төлемақы алынады.
Күрделі кеден тарифі – айрықша жеңілдік салығы болып табылады, жабық экономикалық одақ қалыптасқан нақты елдерге ғана таралған, сондай-ақ, оған дамушы елдер де кіреді. Жеңілдіктер мөлшерлеме салықтың шын мәніндегі нөлдік маңызын көрсетеді, яғни бұл салықсыз әкелу деген сөз. Күрделі кеден тарифі қосымша демпипке қарсы және өтемақылық салықтың түрлерін әкелуді қарастырады, оның деңгейі максималды тариф мөлшерлемесінің деңгейін біраз көтереді. Конго, Венесуэлла, Мали елдерінде күрделі тариф қолданылады.
Кедендік тариф – тариф ретінде өзінің экономикалық мағынасы мен сипаты жағынан сыртқы сауда процесі нарықтық реттеуге жатады. Кеден салығы – ақша жинағы ретінде не салық ретінде тауарға және басқа байлық түрлеріне елдің шекарасынан өткенде мемлекет тарапынан салынатын салық. Барлық басқа салықтар сияқты ол тауардың бағасын көтереді.
Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым.
Тауарлармен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу кезінде кедендік ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады.
Тауарларды сақтай үшін кедендік алым.
Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін ҚР-ның үкіметі белгілеген мөлшерлерде кедендік алымдар алынады.
Кеден тарифтері – тауарлардың жүйеленген тізіміне төленетін ақының мөлшерін айқындайтын мөлшерлеме жүйесі.
Тариф – түрлі қызметтер ресми түрде белгілейтін ақы төлеу жүйесі. Мысалы: көлік тарифі, комуналды қызмет тарифі, кеден тарифтері.
Қорытынды.
Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы – елдің экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады.
Кедендік тарифтер қазіргі кездегі сыртқы сауданы реттеудің негізгі элементі болып табылады. Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі жүзден астам ел қолдануда.
Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданың реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттық-импорттық ағымдардың базаның көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ салық пен тарифтердің түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды.
1991 жылғы 16-желтоқсаннан бастап тәуелсіз мемлекет деп жарияланған Қазақстан Республикасы жөнінде сөз қозғалып отырғандықтан, заңды және тұлғалар да, жалпы алғанда, бүкіл республика оның өзі халықаралық саудаға белсенді түрде қатыса алады.
Бірақ әлемдік кеңістіктегі кез-келген сыртқы экономикалық және ел ішіндегі қызметтің заңдылық негізі бар екенін атап өту керек. Демек, халықаралық саудаға өздерінің кедендік заңдылықтарына сәйкес әртүрлі шарттарды ұсынатын көптеген елдер қатысқандықтан, сыртқы экономикалық қызметі жүзеге асыру кезінде серіктесті анықтау қажеттілігі туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |