Мазмұны:
1. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі
2. Кедендік төлемдер және салықтар
3. Кеден органдары алатын алымдар.
1. Кеден органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кеден органдарының міндеттерін, құқықтарын және міндеттемелерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының функцияларын іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтары мемлекеттік қызметінің арнаулы түрі болып табылады.
Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі осы Кодекспен және осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы және еңбек туралы заңдарымен реттеледі.
Өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға денсаулық жағдайы, дене бітімінің дамуы және білім деңгейі жөнінен қабілетті, кеден органдарына қызметке қабылданған Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті азаматтары кеден органдарының лауазымды адамдары болып табылады.
Кеден органдарына қызметке қабылдау үшін:
1) қызметке жарамдылығы туралы медициналық қорытындының болуы;
2) міндетті арнаулы тексерудің болуы;
3) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес болу қажет.
Кеден органдарына қызметке орналасқаннан кейін арнаулы атақ берілмей, үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.
Кеден органдарына қызметке қабылданған әскери міндеттілер белгіленген тәртіппен әскери есептен шыѓарылады жєне кеден органдарында арнаулы есепте тұрады.
Кеден органына қызметке орналасқан жас мамандар кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден бекеттерінде, кедендерде және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тағлымдамадан өтеді.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның басшысын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының орынбасарларын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2. Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:
1) кедендік баж;
2) кедендік алымдар;
3) алымдар;
4) алдын ала шешім үшін төлемақы.
Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп алу тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер осы Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының кеден органдары демпингке қарсы, қорғау және өтемдік баждарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда алады.
Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.
Жеке тұлғалар тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.
Кедендік төлемдердiң ставкалары мынадай түрлерге:
1) салық салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептелетiн - адвалорлық;
2) салық салынатын тауарлардың бірлігі үшiн белгiленген мөлшерде есептелетiн - ерекшелiкті;
3) кедендік төлемдер ставкаларының аталған екi түрiн де ұштастыратын - құрамдас болып бөлiнедi.
Кедендік баждар
Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді.
Кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және олар ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді.
Кедендік алымдарға:
1) кедендік ресімдеу үшін кедендік алым;
2) кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым;
3) тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.
Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдары шығындарының құны кеден алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз болып табылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу кезінде кедендік ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады.
Кеден органдары тауарларды кедендік ілесіп алып жүру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алады.
Бірнеше көлік құралын кедендік ілесіп алып жүру кезінде кедендік алымның сомасы ілесіп алып жүруге қатысушылардың санына барабар бөлінеді.
Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде кедендік алымдар алынады.
3. Кеден органдары алатын алымдарға:
1) лицензия бергені үшін алым;
2) кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым жатады.
Лицензия және кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатының берілгені үшін белгіленген алымдардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Лицензия бергені үшін алым:
1) кеден қоймасын құрғаны;
2) бажсыз сауда жасайтын дүкен құрғаны;
3) бос қойма құрғаны;
4) уақытша сақтау қоймасын құрғаны;
5) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырғаны;
6) кеден брокері ретінде қызметті жүзеге асырғаны үшін алынады.
Тауардың жіктемесіне, шығарылған елін және кедендік құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде алдын ала шешім үшін төлемақы алынады.
Кеден органдарының басқа лауазымды адамдары кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
Дәріс 4 Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі
Мазмұны:
1. Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу.
2. Кедендік төлемдерді төлеуші тұлғалар мен төлеу тәртібі.
3. Кедендік төлемдер бойынша жеңiлдiктер
1. Қазақстан Республикасында қолданылатын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бірлігі кедендік баждың өзіндік ерекше ставкалары белгіленген тауарлар бойынша кедендік баждар салуға арналған база болып табылады.
Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеушілер дербес есептейді.
Кеден ісі саласында құқық бұзушылық анықталған жағдайда, төленуге тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуді кеден органы жүргізеді.
Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданылатын ставкалар пайдаланылады.
Кедендік баждарды және салықтарды есептеу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодына және тауарлардың атауына сай келетін ставкалар қолданылады.
Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу, соның ішінде тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаттары үшін шетел валютасын қайта есептеу жүргізу талап етілген жағдайларда, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күнге немесе төленуі тауарлардың кедендік ресімделуіне байланысты емес кедендік төлемдер үшін төлем күніне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданылады.
Шартты шығарылған тауарлар кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатылғандарға қарағанда өзге мақсаттарда пайдаланылған кезде төленуге тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданылатын кедендік төлемдердің және салықтардың ставкалары пайдаланылады.
Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мерзімінің бұзылуы болған кезде, кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу кедендік төлемдерді және салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл есептей отырып жүргізіледі.
2. Кедендік төлемдерді төлеушiлер мына тұлғалар болып табылады:
1) тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар немесе декларант;
2) лицензия немесе кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алатын тұлғалар кедендік төлемдерді төлеушiлер болып табылады.
Кедендік баждарды төлеу мерзімдері өзгерген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждар кедендік декларация тіркелген күнге дейiн немесе тіркелген күнi төленедi.
Егер кедендік декларация айқындалған мерзiмде берiлмесе, онда кедендік баждарды төлеу мерзiмдерi кедендік декларацияны беру мерзiмi өткен күннен бастап айқындалады.
Шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік баждар салудан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланған кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және оған иелік ету жөніндегі шектеулерді бұзған күні кедендік баждарды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулердің бұзылған күнін анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн кедендік баждарды төлеу мерзімі болып есептеледі.
Кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар:
1) кедендік декларацияны тіркегенге дейін немесе тіркеген күні төленеді;
2) егер кедендік декларация сәйкес айқындалатын мерзімдерде берілмесе, онда кедендік декларацияны беру мерзімдері өтіп кеткен күннен бастап төлеу мерзімдері өтеді;
3) шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдарды салудан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланған кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулерді бұзған күні көрсетілген алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер төлеу мерзімін бұзған күнді белгілеу мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн төлеу мерзімі болып есептеледі.
Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдағаннан кейін, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастырудың басталуынан кешіктірілмей төленеді.
Кеден органдары құрған кеден қоймаларында және уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны үшін кедендік алым осындай қоймалардың аумағынан тауарларды әкеткен күні төленеді.
Лицензиялар мен кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алымдар, сондай-ақ алдын ала шешім үшін төлемақы кеден органдары лицензияларды және кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын ресімдеу үшін, сондай-ақ алдын ала шешім қабылдау үшін белгіленген құжаттар мен қажетті мәліметтерді қабылдағанға дейін немесе қабылдаған күні төленеді.
Кедендік төлемдер қолма-қол ақшамен және ақшасыз төлеу тәртiбімен төленедi.
Кедендік төлемдердi төлеушi не атынан кедендік төлемдер енгізілетін төлеушіні көрсете отырып үшiншi тұлға төлеуі мүмкiн. Кедендік төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
Кедендік төлемдер тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айќындайтын тәртіппен мемлекеттік бюджетке аударылады.
Артық төленген кедендік төлемдердің және салықтардың сомасын қайтарып алу немесе есепке алу туралы төлеушілердің талаптары бойынша талап қою мерзімі бес жыл болып белгіленеді.
Алынуы кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке дұрыс есептелуіне және уақтылы енгізілуіне бақылауды кеден органдары жүзеге асырады.
Кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуін есепке алу тәрті-бін кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
3. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік төлемдерден босату түріндегі жеңілдіктер, сондай-ақ тарифтік преференциялар кедендік жеңілдіктер деп түсініледі.
Кедендік төлемдер бойынша жеңiлдiктер өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiмен берiледi дербес сипатта бола алмайды.
Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк құқықтық актiлерiмен кедендік төлемдер бойынша жеңiлдiктер беруге тыйым салынады.
1) жүктердi, багаж бен жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама бекеттерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдары апаттарының зардаптарын жою (ақауларын түзеу) үшiн шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк;
2) теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн қазақстандық немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (кiреге алған) теңіз кемелерінiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының кедендік аймағынан тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін кәсiпшiлiк өнiмдерi;
3) ұлттық және шетел валютасы (нумизматикалық мақсаттарда пайдаланылатыннан басқа), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар;
4) iзгiлiк көмек ретiнде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетiлетiн, акцизделетiн тауарлардан басқа тауарлар;
5) техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мемлекеттер, үкiметтер, халықаралық ұйымдар желісі бойынша өтеусіз көмек ретiнде, қайырымдылық мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетiлетiн, акцизделетiн тауарлардан басқа (арнайы медициналық мақсатқа арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда), тауарлар;
6) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарына сәйкес тауарлар;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерінің өндірісі үшін әкелетiн шикізат;
8) кеден баждарын салудан босату көзделген кедендік режимдер шеңберiнде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар;
9) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тауарларды бажсыз әкелу мен әкету нормалары бойынша Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн тауарлар;
10) Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңдарына сәйкес кедендік баж салудан босатылатын тауарлар;
11) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалған, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар;
12) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау үшін өткізілетін бітімгершілік немесе өзге де жаттығулар шеңберінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін немесе сол аумақтан әкетілетін тауарлар;
13) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық жеке құрамының жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және әкетілетін тауарлар;
14) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жеке құрамы әкелетін тауарлар;
15) кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан экспорттауға арналған акцизделетін өнімдерді маркалау үшін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн шетелде жасалған акциздік маркалар босатылады.
Көрсетілген тауарларды кедендік ресімдегені үшін кеден баждары мен кедендік алымдарды салудан босатуға арналған құжаттарды беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттерге кедендік баждардан босату не оның ставкасын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында беретін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп түсініледі.
Тарифтік преференциялар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерде шығатын тауарлар, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттерге Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін және Қазақстан Республикасында шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады.
Дәріс 5 Кедендік баждарды төлеу тәртібі
Мазмұны:
1. Кедендік баждарды төлеу тәртібі
2. Кедендік баждарды төлеу мерзімдері.
3. Кедендік баж төлеу мерзімдерінің өзгеруі.
1. Белгіленген кедендік баждарды төлеу мерзімін неғұрлым кейінгі мерзімге, бірақ кеден органы жүктің кедендік декларациясын тіркеген күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге ауыстыру кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту болып танылады. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту кейінге қалдыру немесе мәулеттік мерзім беру нысанында жүргізіледі.
Бұл ретте, кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру - төлеу мерзімін ұзарту, ал кедендік баждарды төлеу мерзімін қосымша кезеңге ұзарту - мәулеттік мерзім болып табылады, осы кезең ішінде қажетті сома бөліп-бөліп төленуге тиіс.
Кедендік баждарды төлеу мерзімдерінің өзгертілуі туралы шешімді кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және кедендер қабылдайды.
Өнеркєсіптік қайта өңдеуге арналған акцизделетін тауарларды қоспағанда, импортталатын шикізаттар мен материалдарға кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беріледі.
Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім төленуге тиісті кедендік баждың барлық сомасына не оның бір бөлігіне қатысты берілуі мүмкін.
Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз етілген жағдайда беріледі.
Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша берешегі бар не кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден жалтаратын, сондай-ақ өздеріне қатысты банкроттықты рәсімдеу жөнінде іс қозғалған тұлғаларға кедендік баждарды төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік төлеу мерзімі берілмейді.
Өнеркәсіптік қайта өңдеу деп шикізаттарды және (немесе) материалдарды коды пайдаланылған шикізаттардың және (немесе) материалдардың кодынан Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірінші төрт белгінің кез келген деңгейінде ерекшеленетін өнім (тауар) алу үшін өндірісте пайдалану түсініледі. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірінші төрт белгініњ кез келген деңгейінде өнімнің (тауардың) коды өзгеруіне қарамастан, өнеркәсіптік қайта өңдеуге:
1) қарапайым құрастыру операциялары (тойтару, пісіру, желімдеу, құрастыру және басқа да осыған ұқсас операциялар);
2) қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының тамақ өнімдерін қайта өңдеуі;
3) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі операциялар (тауар лектерін бөлшектеу, жөнелтілімді қалыптастыру, сұрыптау, буып-түю, қайта буып-түю);
4) алынған өнімге оны бастапқы құрайтын бөліктерінен Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды бойынша бірінші төрт белгініњ кез-келген деңгейінде ерекшелендіретін сипаттама берместен, тауарларды, компоненттерді араластыру жатпайды.
2.Кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім әкелінетін шикізаттарды жєне (немесе) материалдарды кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органына төлеушінің жазбаша өтініші негізінде беріледі.
Төлеуші өтінішпен бірге мынадай құжаттарды:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасын;
2) әкелінетін шикізаттарды және (немесе) материалдарды беруге сыртқы сауда шартын (келісім-шартын);
3) кедендік баждар төлеуді қамтамасыз ету туралы құжатты;
4) жеке кәсіпкер немесе Қазақстан Республикасының заң актілеріне және құрылтай құжаттарына сәйкес күнделікті басшылықты және іс жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғаның лауазымды адамдары қол қойған, әкелінетін тауарларды шикізаттар және (немесе) материалдар ретінде пайдалана отырып жасалатын өндірістің технологиялық схемасын (өндірістің фрагментін);
5) егер әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды қайта өңдеу Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес қызметтің лицензияланатын түріне жатса, шикізатты және (немесе) материалдарды қайта өңдеу құқығына лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін береді.
Кедендік баждарды төлеу бойынша мерзімін ±зарту немесе мәулеттік мерзім беру құқығын растау үшін кеден органдары өндірістік қуатты тексеріп көруге құқылы.
Кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы шешім не оны беруден бас тарту туралы шешім төлеушінің өтінішін көзделген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады.
Шешім жазбаша түрде екі дана етіп жасалады және оған тиісті кеден органының басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды. Шешімнің бірінші данасы кеден органында қалады. Шешімнің екінші данасы кеден органы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннің аяқталуынан кешіктірілмей төлеушіге жіберіледі.
Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы шешімде мынадай мәліметтер:
1) шешімнің тіркелу нөмірі;
2) кедендік баж төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру уақыты;
3) төлеушінің өтінішінде көрсетілген кедендік баждың төленуін қамтамасыз ету тәсілі;
4) әкелінетін шикізаттарды және (немесе) материалдарды беруге арналған сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) күні, нөмірі, осындай шарт (келісім-шарт) бойынша шикізаттарды және (немесе) материалдарды алушының атауы;
5) кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім берілетін шикізаттардың және (немесе) материалдардың атауы және саны;
6) төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім берілетін кедендік баждың мөлшері болуға тиіс.
3.Кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзартудан немесе мәулеттік мерзім беруден бас тарту туралы шешімде бас тартудың дәлелі болуы тиіс.
Кедендік баж төлеу мерзімдерінің өзгеруі кезінде кедендік бажды өтеуді төлеуші немесе үшінші тұлға тиісінше:
1) төлеу мерзімін ұзарту берілген кезде ұзарту мерзімі күнінің аяқталуынан кешіктірмей;
2) мәулеттік мерзім берілген кезде төлеушімен бірлесіп кеден органы бекіткен кесте бойынша мәулеттік мерзім сомаларын енгізудің келісілген күндерінен кешіктірмей жүргізеді.
Төлеуші кедендік баж сомасын уақтылы өтемеген жағдайда, кеден органдары көзделген тәртіппен кедендік баждың барлық сомасын өндіріп алуға шаралар қолданады.
Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы кеден органдары шешімдерінің қолданылуын тоқтату
Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы кеден органдары шешімдерінің қолданылуы:
1) шешімде белгіленген төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзімі өтіп кетуі бойынша;
2) кедендік баждың барлық сомасын мерзімінен бұрын өтеген кезде;
3) тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеусіз өткізу кезінде тоқтатылады.
Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету:
1) кепілге қою;
2) банк кепілдігі;
3) кеден органының депозиттік шотына ақша енгізу;
4) сақтандыру шарты түрінде берілуі мүмкін.
Тұлға кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз етудің кез келген түрін таңдауға құқылы.
Кеден органдарының кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолдану тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айќындайды.
Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы мынадай:
-ішкі кеден транзиті рәсімі бойынша тасымалданатын;
-алушының қоймасында, сондай-ақ көлік құралдарында уақытша сақтауға рұқсат берілген;
-тауарларды қайта экспорттаудың кедендік режиміне орналастырылған;
-тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу үшін әкелінетін;
- кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастырылған;
-тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес шет мемлекеттің кедендік аумағы арқылы өткізу үшін әкетілген тауарларға қатысты тауарлар экспортының кедендік режимін мәлімдеу кезінде төленуге тиісті кедендік төлемдердің және салықтардың сомасынан кем болмауға тиіс.
Кеден тасымалдаушысы ретіндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажетті қамтамасыз ету сомасы Қазақстан Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес айқындалады.
Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынатын зат:
1) азаматтық айналымнан алынған мүлікті;
2) Қазақстан Республикасына әкелуге не Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды;
3) электр, жылу және өзге де энергия түрлерін;
4) тез бұзылатын тауарларды;
5) мүліктік құқықтарды;
6) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті;
7) өткізу мүмкіндігі шектеулі мүліктерді қоспағанда, үшінші тұлғалардың мүліктік құқығынан бос кез келген тауарлар мен мүлік болуы мүмкін.
Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынатын заттың рыноктық құны, оны өткізу бойынша шығыстарды қоса алғанда, төленуі кепілге салынатын затпен қамтамасыз етілетін кедендік төлемдер және салықтар жөніндегі міндеттеменің мөлшерінен төмен болмауы қажет.
Егер кеден органы өзге шешім қабылдамаса, кепіл кезінде кепілге салынатын зат кепіл берушіде қалады.
Төлеуші қабылдаған, қамтамасыз етілуі үшін кепіл ресімделген міндеттеме орындалғанға дейін кепіл берушінің кепілге салынған затқа билік етуге құқығы жоқ.
Кепілді ресімдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Дәріс 6. Кедендік төлемдерді төлеу ерекшеліктері.
Мазмұны:
1. Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету.
2. Артық төленген кедендік төлемдер.
3. Кедендік баждарды және салықтарды қайтару.
1. Кеден органдары кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген банк кепілдігін қабылдайды.
Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде кеден органының депозиттік шотына (бұдан әрі - депозит) ақша енгізу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен немесе шетел валютасымен жүргізіледі.
Кеден органында валюталық шот болмаған жағдайда, депозитті енгізу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
Депозитпен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалмаған жағдайда, төленуге тиісті кедендік төлемдер және салықтар сомасы міндеттеменің орындалмағаны туралы хабардар етілгеннен кейін он бес күн өткен соң депозиттен мемлекеттік бюджетке аударылады.
Кеден органдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жасалған сақтандыру шарттарын кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қабылдайды.
Депозитті қайтару депозитпен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалған жағдайда жүзеге асырылады. Депозитті нақты қайтаруды төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кеден органы өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.
Депозитті қайтару туралы өтініш міндеттеме орындалғаннан кейін, бірақ міндеттеме орындалған күннен кейінгі күннен бастап бес жылдан кешіктірмей кеден органына беріледі.
Депозитті шотына депозит сомасы енгізілген кеден органы не осы кеден органы таратылған жағдайда, оның құқық мирасқоры қайтарады. Депозит төлеушінің банк шотына қайтарылады, ол төлем төленген валютамен жүргізіледі.
Төлеушіге депозитті қайтару көзделген тәртіппен кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлды төлеу бойынша берешек шегеріле отырып жүзеге асырылады.
Депозитті қайтарған кезде ол бойынша сыйақы төленбейді, сомасы индекстелмейді, банк қызметін көрсеткені үшін тарифтер аударылатын қаражат есебінен төленеді.
Төлеушінің өтініші бойынша кеден органдары депозитті болашақ кедендік төлемдер мен салықтар есебіне не кеден органдарының алдындағы басқа міндеттеме бойынша кедендік төлемдер мен салықтарды қамтамасыз ету үшін есептей алады.
Мүлік кепілі бойынша қайтару:
1) кепіл заты кепіл берушінің билігінде болған жағдайда – міндеттеме орындалған күннен бастап;
2) кепіл заты кеден органының билігінде болған жағдайда міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Банк кепілдігі бойынша қайтару міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Сақтандыру жөніндегі міндеттемелерді тоқтату міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке нақты төленген сомасы мен төленуге тиіс сомасы арасындағы айырма кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомасы болып танылады.
2.Артық төленген кедендік төлемдер және салықтар төлеушінің өтініші бойынша қайтарылуға жатады. Өтініш оларды төлеген күннен бастап бес жылдан кешіктірмей, тауарларға кедендік ресімдеу жасаған немесе тауарларды сақтауды, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ілесіп алып жүруді, лицензия беруді, алдын ала шешім қабылдауды іске асырған кеден органына беріледі.
Артық төленген кедендік төлемдердің және салықтардың сомасын қайтару туралы өтінішпен бір мезгілде:
1) соманың төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;
2) кедендік декларация ресімделген жағдайда берілетін, кеден органы ресімдеген, сол бойынша кедендік төлемдер және салықтар есептелген және енгізілген кедендік декларацияның көшірмесі;
3) жүзеге асыру үшін кедендік төлемдер енгізіліп, тауарларды сақтау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ілесіп алып жүру, лицензия беру, алдын ала шешім қабылдау кезінде кеден органдары ресімдеген, кедендік төлемдерді төлеу кедендік декларацияны ресімдемей жүргізілген жағдайларда берілетін басқа да құжаттардың көшірмелері берілуі тиіс.
Артық төленген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасын қайтару туралы өтінішті қарау мерзімі қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Кеден органдары артық төленген кедендік төлемдер және салықтар фактісін мойындаған жағдайда кµрсетілген сомаларды қайтару мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленеді.
Кеден органы кедендік төлемдерді және салықтарды өндіріп алғаннан кейін артық төлеу фактісін тапқан кезде, мұндай фактіні тапқан күннен бастап бір айдан кешіктірмей салық төлеушіге артық төленген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы туралы хабарлауға міндетті.
Белгіленген мерзім бұзылған кезде, қайтару мерзімі бұзылған әрбір күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың екі еселенген ресми ставкасы мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
Артық төленген кедендік төлемдерді және салықтарды қайтару төлеушінің артық төленген сома мөлшерінде басқа кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешегі және олар бойынша өсімпұлы болмаған кезде жүзеге асырылады.
Артық төленген кедендік төлемдерді және салықтарды қайтару тәртібін тиісті мемлекеттік уәкілетті органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
3. Кедендік баждарды және салықтарды қайтару:
1) кедендік декларацияны кері қайтарып алған;
2) неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимін немесе тарифтік преференцияларды қалпына келтірген;
3) кедендік режимдердің талаптары Қазақстан Республикасының кедендік аумағының шегінен шетел тауарларын әкету кезінде немесе оларды жою не мемлекет пайдасына олардан бас тарту немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағына қазақстандық тауарларды не оларды қайта өңдеу өнімдерін әкелу кезінде кедендік баждар және салықтардың төленген сомасын қайтаруды көздейтін;
4) егер тауарларды қайта таңдалған кедендік режимге (тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың немесе тауарлар экспортының кедендік режиміне) орналастыру кезінде төленуге тиісті кедендік баждар және салықтар сомасы бастапқы кедендік режим кезінде төленген кедендік баждар және салықтар сомасынан кем болса, бұрын мәлімделген кедендік режимді еркін айналыс үшін тауарлар шығару немесе тауарлар экспортының кедендік режиміне өзгерткен жағдайларда жүргізіледі.
Белгіленген мерзімде кедендік төлемдерді және салықтарды төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда берешек пайда болады. Берешекті осы тарауда белгіленген тәртіппен кеден органдары төлеушілерден өндіріп алады.
Кеден органдары берешекті өндіріп алу үшін:
1) берешек пен өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама жіберу
2) қайтаруға жататын артық төленген сома есебінен немесе депозит есебінен берешекті өндіріп алу;
3) берешекті өтеуді қамтамасыз етудің мынадай:
берешек сомасына өсімпұл есептеу;
төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару тәсілдерін қолдану;
4) мынадай тәртіппен:
төлеушінің банк шоттарындағы ақшасы есебінен;
төлеушінің қолма-қол ақшасы есебінен;
төлеушінің дебиторлары есебінен;
төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану сияқты іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
Жеке кәсіпкер мен заңды тұлғадан берешекті және өсімпұлды өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізіледі. Жеке тұлғадан берешекті және өсімпұлды өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі.
Берешек туындаған кезде төлеуші өсімпұл төлейді.
Өсімпұл кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мерзімдері өткен күннен кейінгі күннен бастап, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің кешіктірілген әрбір күні үшін төлеу күнін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми ставкасы мөлшерінде есептеледі.
Өсімпұл кедендік төлемдер мен салықтарды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершіліктің өзге де шараларын қолдануға қарамастан есептеледі және төленеді.
Өсімпұлды төлеу, өндіріп алу және қайтару кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге, өндіріп алуѓа және қайтаруға ќолданылатын осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Дәріс 7. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің механизмі.
Мазмұны:
1. Кеден төлемдерін алуды ұйымдастыру.
2. Кеден төлемдерінің қызметі
3. Кеден төлемдерін ұйымдастыру қызметінің тиімділігін арттыру
1. Сарапшылар кеден органдары кеден төлемдерін Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымына тезірек кіру үшін лайықты мөлшерде бекітеді деп санайды. Ал ,негізінен кеден саясатының негізгі мақсаты - ұлттық экономиканы дамыту, ал БСҮ-на кіру — мақсатқа жету үшін қолданылатын құрал.
БСҰ шарттарында қарастырылған мемлекеттердің жеңілдіктер мен преференциялар жүйелерінің дамыған деңгейге жету мәселесі ҚР-да орындалады деп айтуға болады.
Кеден ісі туралы Заңының 22 тарауында бекітілген негізгі кеден жеңілдіктерінің түрлері:
-
Кеден бажының бұрын төлегенін қайтару;
-
Кеден бажын төлеуден босату;
-
Кеден бажының мөлшерлемесін төмендету;
4) Тауардың преференциалдық өкелуіне (шығаруына)
тарифтік квота тағайындау.
Кеден бажының бұрын төлегенін қайтару. Бұрынғы төлеген салықты (салықтың бөлшегін) қайтару салық жеңілдіктерінің бір түріне жатады және қаржы құқығында салық несиесі деп аталады. Салық несиесі — ол салық мөлшерлемесін әлде салық сомасын азайтуға бағытталған жеңілдіктер. Салық несиесі — шартты түсінік. Несиенің өктем белгілері — мерзімділігі, қайтарымдылығы және төлемділігі — салық несиенің кейбір түрлерінде ғана орындалады. Мысалы, қаржы салымының салық несиесі. Салық несиенің көп түрлері қайтарылмайды және тегін болады.
Экспортты ынталандыру мақсатымен бұрынғы төленген салықты қайтаруды жиі қолданады. Экспортты дамыту бағдарламасында көрсетілгендей, экспортты демеу — маңызды бағдарлама, өсіресе жоғары өңдеуден өтетін тауарлар салықтық реттеу шараларымен тығыз байланыста болады.
Салық жүйесін жетілдіру жөне ұлттық тауар өндірушілерді қолдау үшін бағдарламада қосымша құн салығын қайыру жүйесін жаңарту керек делінген. Төленген кеден бажын қайтару бөлек кеден режимінде көрсетілген. Мысалы өкелуге төленген кеден бажын қайтару реэкспорт режимінде қаралады. Кеден ісі туралы Заңда анықталынған шартты ұстанғанда реэкспортталған тауарды шығарғанда, әкелген кезде төленген баждар қайтаруға жатады:
- Реэкспорттайтын тауарлар әкелген сәттегі күйінде қалса, тек тасымалдау, сақтау кезінде табиғи ескіруден;
- Тауарды реэкспорттау әкелгеннен кейн екі жыл ішінде өтеді.
Кеден төлем салығынан босату кеден баж салығынан босатылатындар:
-
Халықаралық жүкті, жалаушыларды, материалдық- техникалық жабдықтау құралдарын,отынды, азық- түлікті және аралық тоқтау орындарында, жол жүруде қажетті, немесе көлік құрамдарының авариясын жоюға байланысты, шетелде сатып алынған басқа мүлікті тасымалдауға арналған көлік құралдары;
-
Материалды-жабдықтау бұйымдары және тағы басқа Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген нормалар шегінде теңіз кәсіпшілігін жүргізетін Қазақстандық немесе Қазақстан кәсіпорындарымен,ұйымдармен жолға алынған кемелердің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы кедендік аумағынан шығарылатын мүлік, және Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенін сондай кемелер кәсіпшілігінің өнімі;
-
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ұлттық валюта, құнды қағаздар;
-
Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін акциздіктен тыс немесе ізгілік көмек ретінде осы аумақтан шығарылатын тауарлар;
-
Қазақстан Республикасы кедендік аумағына әкелінетін акциздіктен тыс тауарлар, немесе осы аумақтан шығарылатын мемлекет саласынан, үкімет,халықаралық ұйымдардан қайырымдылық мақсатымен өтеусіз көмек ретінде осы аумақтан шығарылған тауарлар;
-
Қазақстан Республикасының шетелдік инвестициялар туралы заңына сәйкес кеден бажы салығынан босатылатын тауарлар;
-
Қазақстан РеспубликасыҮлттық Банкі өз мұқтажына әкелген тауарлар;
-
Кеден төлем салығынан босатылуды қарастыратын Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан өткізілетін кеден режимінен шектеулі тауарлар;
-
Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен бажсыз өткізу норма шегінде жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар;
-
Республикалық және жергілікті бюджет қаржы есебінен, сонымен бірге мемлекеттік сыртқы қарызына сатып алынған технологиялық құрал-жабдықтар;
-
Қазақстан Республикасы аумағына тарату үшін әкелінген шет мемлекеттерінің лотериялары;
-
Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен ҚазақстанРеспубликасы Үкімет немесе Құзырлық орган жасасқан шарт, мұнай операциясын өткізуді отандық әлде шетел жер қойнауын пайдаланушы, қарастырылған шарт бойынша (сатуға болмайтын) жер қойнауын пайдаланушылардың өз мұқтажына Қазақстан Республикасы кедендік аумағына әкелінген тауарлар. Қазақстан Республикасы келісім шартын бекітуі халықаралық келісімге сәйкес дипломатиялық және әкімшілдік техникалық персоналдың олармен бірге тұратын семья мүшелері жеке қолданатын шетел дипломатиялық және соларға теңделген уәкілеттілердің ресми пайдалануына әкелінетін тауарлар халықаралық келісімге сәйкес босатылады.
Қазақстан Республикасының шет елдермен сауда саясаттық қатынастарын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Кедендік тарифтің мөлшерлемелері бойынша преференцияларды қолдану тәртібі бекітіледі. Преференциялар келесі түрде беріледі:
-
баж салынудан босату;
-
баж мөлшерлемелерін төмендету;
- келесі тауарларға сәйкес преференциалдық әкелуге (әкетуге) квоталарды қолдану;
- Қазақстан Республикасымен Кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құрайтын мемлекеттерден шыққан тауарлар;
- Қазақстан Республикасының Үкіметімен бес жылда бір реттен сирек емес қарастырылатын ұлттық перференциялар жүйесін қолданатын дамушы мемлекеттерден шыққан тауарлар.
- Шекараға жақын саудада айналысқа түсетін тауарлар.
Тарифтік преференциялар Қазақстан Республикасының Үкіметімен ғана беріледі.
2. Кеден төлемдерінің қызметі - кеден ведомствосының бақылауымен шекара арқылы өткізіліп, әкелінетін, басып өтетін және әкетілетін тауарлардан, мүліктерден, құндылықтардан алынатын мемлекеттік ақша жиылымы. Баж алынатын тауарлар мен баж мөлшерлемелері кеден тарифінде жинақталған.
Кеден алымдары - көлемі жағынан тауар бағасының 1-2%-дан аспайтын салық салу шараларының формасы. Оларға тауарды кеден қоймасынан алып шығу құқығы үшін алым; тауарларды ішке әкелуге және сыртқа шығаруға рұқсат берген кезде алынатын лицензиялық алымдар және т.б. жатады. Қазақстан ішкі затты экспорттаушы мемлекеттерге жататындығы бәрімізге мәлім. Шикізатты қазып шығаруға мамандану ең тәуелді қызметтердің бірі. Бұндай экспортқа арқа сүйеген мемлекет әлемдік нарықтағы циклдылықтан әрдайым аса ірі валюталық шығынға түседі.
Әлемдік нарықта шикізат материалдарына сұраныс азаюда, бұл жағдай мынадай мәселелермен байланысты: өндіріске материалдарды үнемдейтін технологияларды енгізу және оларды дамыту, жаңа жасанды материалдарды жасап шығару. Бір мезгілде шикізат бағасы төмендеп, ал импортталып отырған тауарлардың бағасының өсу құбылысы байқалады. Бұндай айырбас шынайы ұлттық табыс мөлшерін азайтады, капитал қорлануына кедергі болады.
Сонымен, дамушы елдердің бұл экспорттық салаларға арқа сүйеуге мүмкіндігі жоқ, өнеркәсіпте өзгерістер жүргізе алмайды, ауыл шаруашылығын дамытып, өндіруші өнеркәсіп және инфрақұрылымның деңгейін көтеруге база жоқ. Қазақстан машина жасау, құрал-жабдық жасау басқа да өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін, ішкі нарық шеңберінде кеңейтілген ұдайы өндіріс потенциалын қалыптастыратын салалардан дамымағандығы жағдайы одан әрі шиеленістереді. Аймақтық сауда-экономикалық одақтарды құрудың негізінде шекаралас мемлекеттердің жүйеге келтірілген, үйлестірілген және бірлескен, яғни тиімділігі, өсетін экономикалық саясатты жүргізу мүмкіншілігін алуға талпынуы. Әлем мемлекеттердің көбісінің экономикалық интеграцияға талпынуы — объективті және заңды процесс. Экономикалардың интеграциясы өзінің әр қатысушысына қосымша, жүйелі деп аталатын эффект алуға мүмкіншілік береді. Мұндай мүмкіншілік басқа, тек өзара саудамен ғана шектелген мемлекеттерде бола алмайды.
Жоғарыда айтылып кеткендей, әкелінетін тауарлардың кейбір түрлеріне қатысты преференциалдық режим қолданылады.
2000 жылы 14 қарашада ҚР Үкіметінің "Әкелінетін тауарларға салынатын кеден баждарының ставкалары туралы" Қаулысымен ҚР-ның преференциялар схемасын қолданатын дамушы елдер мен ең аз дамыған елдер тізімі бекітілген. Дамушы елдер тізбдесі 104 елді, ал ең аз дамыған елдер тіздбесі 47 елді қамтиді.
Осы Қаулыда ҚР-ның кедендік аумағына әкелінетін және ҚР-ның преференциялар схемасын қолданатын дамушы елдерден шыққан тауарларға қатысты бекітілген кеден баждарынан 75 пайыз мөлшерінде кеден баждарының ставкалары қолданылатыны туралы көрсетілген.
ҚР-ның аумағына әкелінетін және ҚР-ның преференциялар схемасын қолданатын ең аз дамыған елдерден шыққан тауарларға қатысты кеден баждарының ставкалары қолданылмайды.
Осының бөрін болдырмау үшін ұлттық экономиканың құралдарын дамыту керек. Олардың бірі болып кедендік қызмет табылады.
Қазақстан Республикасының кеден қызметі қазір қиын жағдайларда болып отыр. Оларды белгілі қаржы қаражатпен қамсыздандырылған арнайы щараларды енгізудің көмегімен қана өзгертуге болады. Кеден қызметін жүзеге асырудың іс-тәжірибесі бойынша, стратегиялық мақсаттарды нақты белгілеусіз, айқындалған приоритет қисынын келтірусіз салмақты табыстарға жету мүмкін емес.
Қазіргі кезде кеден қызметін Қазақстанның сыртқы саудасын мемлекеттік реттеудің нақты әрекет ететш құрамына жаңғырту үшін күштер салынуда. Бұл үшін жаңа басқару жүйесімен жетілдірілген кеден қызметін ұйымдастыру және қолданылатын дәстүрлі кеден процедураларын бақылау мен жетілдіру саласындағы жаңа стратегияларды әзірлеу қажет.
Осы күш салудың негізгі мақсаты —фискалдық саясатты жүргізу, сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларындағы кеден органдарының алдында түрған міңдеттерді орындаудың едәуір тиімді, оңтайлы жолдарын іздестіру.
Сыртқы экономикалық байлайыстардың дамуына тиімді көмектесудің қажеттілігі Қазақстан кеденінің алдына кеден ісін дамытуға деген жаңа көзқарасты әзірлеу мәселесін қойды.
2002-2004 жылдарына Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдіру концепциясымен мамандалған дәлелдеу мен дер кезінде орындалатын шешімді қабылдауды қажет ететін кеден органдарының қызметінің негізгі бағыттарда міндеттер кешені анықталған. Бұл бағыттар бес тең маңызды приоритеттерге бөлінген.
Приоритет 1. Бірыңғай автоматтандырылға ақпарат жүйесі мен Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кеден статистикасын қалыптастыру.
Приоритет 2. Халықаралық кеден ынтымақтастығын дамыту.
Приоритет 3. Кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеу механизмін жетілдіру.
Приоритет 4. Кадрлар саясатын жетілдіру.
Приоритет 5.Кеден органдарының фискалды – экономикалық қызметін жетілдіру.
Қойылған мақсатқа жету үшін кеден қызметіне мыналар қажет: 1.Кедендік төлемдер алуды басқарудың сапасы мен деңгейін көтеруді қамтамасыз ету. Кедендік процедураларды ықшамдау, ақпарат көздері мен технологияларды кең көлемде қоддану арқылы арнайы кедендік және сыртқы сауда статистикасын жүргізу.
2.Халықаралық стандарттарға сәйкес кеден зандарының үйлестіру мен жүйелендіруін қамтамасыз ету, Кеден одағының, ТМД мүше елдерінің құрылуы мен дамуын көмек көрсету,
халықаралық саудада болып жатқан дүние жүзілік процестерге шоғырлану.
3.Кеден жұмысындағы экономика жағын күшейту, Қызметті реттеу процесіндегі кеден жүйесінің ролін жоғарлату, валюталық бақылауды күшейту.
Кедендік жүйенің дамуымен байланысты міндеттер:
1.Кеден саясатының қағидаларын орындау және қызметті экономикалық-әкімшілдік механизмін қолданудың нақты өдістерін айқындау алу;
2.Кеден ісінің құқықтық жүйесін сапалы жақсарту;
З.Республикамыздың әртүрлі салаларға шетел инвестициялардың ағымы үшін қолайлы жағдайлар жасауға байланысты кедендік режимдердің барлығын тиімді енгізу бойынша шараларды даярлау.
4.Кеден жүйесіндегі институционалдық өзгерістерді енгізіп, оның жұмыс істеуінің ұйымдық негіздерін жетілдіру;
5.Кеден органдарының материалдық-техникалық негізін дамыту.
Осындай жоспарды даярлағанда, менің ойымша, ең тиімді қаржыландыру көздеру ұсынылған. Бұл жерде Қазақстан экономикасының даму болашақтары, бюджеттің жағдайы еске алынған, қаржыландарудың негізгі қайнар көзі болып әлеуметтік даму мен материалдық-техникалық қамтамасыз етудін бюджеттік емес қоры алынған.
Бұл қор кеден төлемдерінің негізінде құрылады. Концепция бойынша, кеден қызметінен түскен қаржылардың 100%-імен берілуі ұсынылады. Мұндай қаржыландырудың бюджеттік қорлардың алдында бірнеше артықшылықтары бар:
1.бюджеттің шығыс бөлігіне деген қысым азаяды;
2.кеден қызметінің өз жұмысының нәтижелері үшін жауапкершілік ұлғаяды, өйткені оның қаржылық қамтамасыздандыруы өз жұмысының тиімділігіне тәуелді болады, ал бұл жағдай бюджеттің кіріс жағының толтырылуын көтеруге мүмкіндік береді.
СЭҚ байланыстарды экономикалық басқару үшін елдің әлеуметтік-экономикалық және халықаралық жағдайына сәйкес бөлу керек. Осы шарттар орындалғанда ғана СЭ Байланыстарды мемлекеттік реттеу жәңе оның экономикалық қауіпсіздік мәселелерін тиімді шешіліп отырады. [22.24б]
Достарыңызбен бөлісу: |