1. Әкету кеден баждары мен өзге сомаларды қайтару.
2. Кедендiк құнды айқындау.
1. Тауарларды керi импорттаған кезде, әкетiлген күннен бастап үш жылдың iшiнде кеден органы әкету кеден бажының төленген сомаларын қайтарады.
Әкету кеден баждары мен өзге сомаларды, керi импорттауды атқарып жүрген, осындай баждармен сомаларды төлеген тұлғаға, солардың негiзiнде экспорт және әкету кеден баждары мен өзге де сомалар есептеудi жүргiзiлген жүк кеден декларациясының, олардың төлегенiн растайтын (төлемнiң орындалғаны туралы банкiнiң белгiсi қойылған төлем тапсырмасының көшiрмесi мен қолма-қол ақшасыз төлегенде - жүргiзiлген операцияны растайтын төлеушiнiң жеке шотының үзiндi көшiрмесi; қолма-қол ақшамен төлегенде - кассирдiң мөрiмен (кассирдiң мөртабаны) қойылған бас бухгалтердiң немесе оның өкiлеттi адамының және кассирдiң қолы) құжаттардың көшiрмесiн, сондай-ақ әкету кеден бажы мен өзге сомаларды төлеушiнiң жазбаша өтiнiштi кеден органына төлеушi ұсыну шартымен қайтарылады. Егер аталған соманы, керi импортталған тауарлардың экспортына кедендiк ресiмдеу жүргiзбеген кеден органы қайтаратын болса, ол тиiстi органның шотына немесе бюджетке әкету кеден бажы мен өзге сомалардың нақты түскенi туралы сол кеден органынан дәлел алу үшiн сұрау салады.
Тек әкету кеден бажы мен өзге сомалардың төленген сомасы ғана қайтарылуға жатады.
Қайтарылатын сомалар индекстелiнбейдi, олардан пайыздар төленбейдi.
Қайтару Қазақстан Республикасының валютасымен, әкету кеден бажы мен өзге сомалардың қай валютада төленгенiне қарамастан, жүргiзіледi. Егер төлем шетелдiк валютамен төленсе, онда шетел валютасын Қазақстан Республикасының валютасына қайта есептеу арқылы тауарлардың экспорт кеден режимiне мәлiмдеумен жүк кеден декларациясын қабылдаған күнi қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағамымен жүргiзiледi.
Төленген соманы қайтаруды тауарлардың керi импортының кеден режимiнде орналастырылған тауарларға кедендiк ресiмдеу жүргiзген кеден органы қамтамасыз етедi.
Тауарлардың керi импорты кеден режимiнде тауарларды орналастырған кезде экспортталған тауарлар тобының бөлiгiн, төленген сомасын қайтару, осы бөлiктiң экспортталған тауарлар тобына сандық қатынасы бойынша жүргiзiледi.
Төленген соманы, сондай-ақ олардың бөлiгiн қайтару туралы осындай қайтарымды атқарып жүрген кеден органының лауазымды тұлғасы, соған сәйкес тауарлардың экспорт кеден режимiнде орналастырылған тауарлардың жүк кеден декларациясының тұлға ұсынған бiр данасына, және қайтарылатын сома мен қайтару күнiн (санмен және жазбаша түрде) осы Нұсқаулықтың 10-тармағында көзделген растамада көрсету жолымен жүргiзіледi.
Соманың қайтарылғаны туралы белгi қойылған растаманың көшiрмесi, осындай растаманы берген кеден органына жөнелтiледi. Аталған көшiрме кеден органында, соған сәйкес тауарлардың экспорт кеден режимiнде орналастырылған тауарлардың жүк кеден декларациясының данасымен бiрге сақталады.
Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген тауарлар, керi импорт кеден режимiнде орналастырылған тауарларға әкелу кеден баждары мен салықтары салынбайды.
Тауарларды керi импорттаған кезде тауарларды тасымалдаған тұлға, төлеу түрiнде немесе тауарды әкеткен кезде берiлген өзге де жеңiлдiктердiң нәтижесiнде олардың алған сомасын қайтарады (төлейдi).
Одан басқа осындай сомадан өзге, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша пайыздар өндiрiп алынады. Бұл орайда, аталған сомалар мен пайыздар Қазақстан Республикасының кеден органына, кеден төлемдерi үшiн белгiленген тәртiппен төленедi.
Осы тармақ бойынша қайтарылуға (төленуге) жататын сомалар, тауарларды тасымалдап жүрген тұлғаның берген құжаттары мен (немесе) аталған тұлға тiркелген жердегi салық органымен расталған тиiстi құжаттардың негiзiнде анықталады.
2. Кедендiк құнды айқындау кезiндегi декларанттың құқықтары мен мiндеттерi1. Декларанттың:
1) кедендiк құнды анықтау үшiн табыс еткен мәлiметтерiнiң дұрыстығына кеден органында күмән туындаған жағдайда, олардың дұрыстығын дәлелдеуге;
2) мәлiмделген кедендiк құнды нақтылау қажеттiгi туындаған жағдайда, тауарды кеден органы жүзеге асырған кедендiк бағалауға сәйкес кедендiк баждар мен салықтардың төленуiн қамтамасыз еткен жағдайда, декларацияланған тауарды алуға құқығы бар. Кедендiк төлемдер мен салықтар салынбайтын тауарлардың мәлiмделген кедендiк құнын нақтылау қажет болған жағдайда, кеден органы белгiлеген мерзiмде қажеттi құжаттарды ұсыну жөнiнде мiндеттеме болған кезде декларацияланған тауарды алуға;
3) тауарлардың мәлiмделген кедендiк құнын кеден органының қабылдай алмау себебiн түсiндiрудi кеден органынан жазбаша сұратуға;
4) тауардың кедендiк құнын айқындауға қатысты кеден органының шешiмiмен келiспеген кезде, бұл шешiмге Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен шағымдануға құқығы бар.
Декларант:
1) кедендiк құнды мәлiмдеуге және оны айқындауға қатысты дұрыс, сан жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негiзделген мәлiметтердi беруге;
2) мәлiмделген кедендiк құнды растау қажет болған кезде, кеден органының талап етуi бойынша оған растау үшiн керек деректердi табыс етуге;
3) өзi мәлiмдеген кедендiк құнды нақтылауға не кеден органына қосымша ақпарат табыс етуге байланысты өзiнде туындаған барлық қосымша шығыстарды мойнына алуға мiндеттi.
3. Кеден органының кедендiк құнды айқындау
жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi.Тауарға кедендiк ресiмдеу жүргiзетiн кеден органы:
1) декларант таңдаған кедендiк құнды айқындау әдiсiн пайдалануға болатындығы және декларант берген құжаттар мен мәлiметтер негiзiнде, сондай-ақ кедендiк құнды айқындау кезiнде пайдаланылатын өзiнде бар ақпараттың негiзiнде декларант мәлiмдеген тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың дұрыстығы туралы шешiм қабылдауға;
3) декларант мәлiмдеген кедендiк құнды айқындаудың дұрыстығын растайтын құжаттар мен мәлiметтер болмаған кезде не декларант табыс еткен мәлiметтер мен осы Кодекстiң 316-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген құжаттар дұрыс емес немесе жеткiлiксiз болып табылатындығына негiздеме болған кезде, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылатын түзетулермен, өзiнде бар мәлiметтер (соның iшiнде, бiрдей немесе бiртектес тауарлар бойынша баға ақпараты) негiзiнде, осы Кодексте белгiленген тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың әдiстерiн бiрiнен кейiн бiрiн қолдана отырып, декларацияланатын тауардың құнын дербес айқындауға құқылы. Бұл ретте кеден органы қабылданған шешiм туралы екi жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде декларантқа жазбаша хабарлауға мiндеттi.
2. Кеден органы декларанттың жазбаша сауал салуы бойынша:
1) тауарлардың кедендiк құнын кеден органы айқындаған жағдайда, оны айқындау тәртiбi мен әдiсi туралы ақпаратты;
2) тауарлардың декларант мәлiмдеген кедендiк құнын кеден органының қабылдай алмау себептерiн түсiндiрудi жазбаша нысанда беруге