Өзіндік басқарым – бұл ұжым тіршілігінің өкілетті тұлғалар тарапынан реттеліп баруы
Балалар жəне жасөспірімдер бірлестіктері (БЖӨБ) тəрбиеленушілердің қызығулары мен қажеттерін қанағаттандыру негізінде олардың мүмкіндіктерін дамыту мен іске асыруда көмегін тигізеді. Мұндай бірлестіктер əр балаға өз қалағанымен айналысуға, өз мүдделерін қорғауға, өзіндік басқару жұмыстарына араласуға мүмкіндік береді. БЖӨБ-де тəрбиеленушілер қоғамдық қатынастар тəжірибесін игереді, сонымен бірге өздеріне жаңалық болған əлеуметтік рольдерді атқаруға үйренеді.
Тəрбиеленушілер əрқилы мақсаттар төңірегінде бірігеді. Ондай мақсаттар түрлері келесідей болуы мүмкін: өз құрбыларымен ресми емес қарым-қатынасқа түсу; қарым-қатынас шеңберін кеңейту; тұрмыстағы өз орны мен беделін анықтауда, құқықтары мен еркіндігін қорғауда, ересек өмірге дайындалуда жəрдем алу.
Балалар бірлестіктері жағдайындағы тұлғаның əлеуметтенуіне байланысты мəселелерді шешуге бағытталған тəрбиелік жұмыстар өз мақсаты, мазмұны жəне құрылымы бойынша сыныптан тыс жұмыстардан көптеген ерекшеліктерімен ажыралады
Балалар мен жасөспірімдер бірлестігі төмендегідей белгілермен ажыралады: іс-əрекет мазмұны (еңбектік, бос уақыттарды толтыру, қоғамдық –саяси, діни, патриоттық, танымдық жəне т.б.) - мерзімі (тұрақты - мектепте, қосымша білім беру мекемелерінде, балалар мекен жайында; уақытша- балалардың жазғы орталықтары, туристік топтар жəне т.б.; нақты жағдайларға орай - жəрдем қызметі қатысушылары, əрқилы жиындар, слеттер жəне т.б.) - басқару формасы (ресми емес, үйірмелік, ұжымдасқан мейрам, кештер жəне т.б.). Бұл бірлестіктердегі іс-əрекеттер тобы үш принципке орай орындалып барады: балалар мен жас өспірімдердің бірлестіктері шеңберінде жалпы адамзаттық құндылықтарды жан-жақты үйлестіру тəрбиеленушілерді адамның өмірлік ұстанымдары мен əлеуметтік ролдерінің дамуына ұтымды негіз қызметін атқаратын қоғамдық əрі тұлғалық мəнді қатынастарға араластыру балалар бірлестіктерінде тəрбиеленушілердің өзіндік ұйымдасуына жəне бойындағы мүмкіндіктерін өзінше жүзеге асыруына жəрдем беретін ұжымның өзіндік басқаруы мен педагогикалық жетекшілікті өзара байланыстыра жүргізу Бала дамуы нəтижесінде тұрақтанған сапалық өзгерістер - өзара нақты қатынастар барысындағы тəрбиешілер мен тəрбиеленушілердің бірлікті, қызметтес іс-əрекеттерінің жемісі