Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
Басылым: екінші
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым
2-дәріс Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары
Барлық бейорганикалық қосылыстар екi топқа бөлiнедi:
1. Қарапайым заттар.
2. Күрделi заттар.
Молекулалары бiр элементтiң атомдарынан тұратын қосылыстар қарапайым деп
аталады. Қарапайым қосылыстар металдар және бейметалдар болып екiге бөлiнедi.
Молекулалары әртүрлi элементтердің атомдарынан тұратын қосылыстар күрделi деп
аталады. Күрделi қосылыстар төрт класқа жiктеледi:
1. Оксидтер.
2. Негiздер.
3. Қышқылдар.
4. Тұздар.
Оксидтер
Элементтiң оттекпен қосылуынан түзiлген қосылысты оксид деп атайды.
Оксидтер
тек
екi элементтен тұрады, бiреуi оттегi болады, ал екiншiсi
- металл немесе бейметалл
болуы мүмкiн. Оксидтерде оттегiнiң тотығу дәрежесi –2 болады. Оксидтер тұз түзетiн және
тұз түзбейтiн оксидтер болып екiге бөлiнедi. Тұз түзбейтiн оксидтер (СО, NO, N
2
O) гидрат
түзбейдi, қышқылмен де, сiлтiмен де әрекеттеспейдi. Тұз түзетін оксидтер үш
топқа -
негіздік, қышқылдық, амфотерлі оксидтерге бөлінеді.
Физикалық қасиеттерi жағынан оксидтер әртүрлi: көпшiлiгi қатты заттар,
Негiздiк
Достарыңызбен бөлісу: