Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары


Атом құрылысының кванттық теориясы және периодтық заң



Pdf көрінісі
бет14/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71
лекции химия

Атом құрылысының кванттық теориясы және периодтық заң. Атом 
құрылысының кванттық теориясы элементтердің периодтық заңының дұрыстығын
дәлелдеді және дамытты. Оны мына келесі сәйкестіктерден көруге болады: 
1. Элемент атомындағы электрондар орналасатын энергетикалық деңгейлердің саны 
элемент орналасқан периодтың номеріне тең.
2. Валенттік электрондардың саны элемент орналасқан топ номеріне тең.
3. Сыртқы қабатында тек s-деңгейше электрондармен толтырылғанда элемент күшті 
металдық қасиет көрсетеді. Бұларға І А топ (сілтілік металдар) және ІІ А топ (сілтілік-жер 
металдар) элементтері жатады. 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
4. p-Деңгейшелері электрондармен толтырылу барысында элементтердің қасиеттері 
металдықтан металл еместік қасиетке біртіндеп ауысады. 
5. d -Деңгейшелері толтыралатын элементтердің барлығы да металдар, олар үлкен 
периодтардың жұп қатарларының элементтері.
6. f -Деңгейшелері толтырылатын элементтердің (лантаноидтар мен актиноидтар) 
барлығы да металдар. 
Элементтердің химиялық қасиеттері (металл немесе металл еместік) s- және р-
деңгейшелер толтырылғанда өзгеретіндігін көруге болады.
s -деңгейшелер барлық элементтерде бар, р-деңгейшелер - екінші және онан кейінгі 
период элементерінде, d-деңгейшелер – төртінші және одан кейінгі период элементтерінде, f-
деңгейшелер алтыншы және жетінші период элементтерінде бар.
Топтың топшаларға бөлінуі де түсінікті: негізгі топша элементтерінде электронмен s- 
және р-деңгейшелер толтырылады, қосымша топшаларда – d-деңгейшелер толтырылады. 
Атом құрылысының кванттық теориясы тұрғысынан элементтің басты сипаттаушысы 
атомның массасы емес, атом ядросының оң заряды болады. Сондықтан периодтық заңның 
қазіргі заманғы анықтамасы мынадай: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет