Тиреостатикалық кризді емдеу қарқынды түрде үлкен мөлшерде тиреостатиктерді тағайындаумен сипатталады. Әрбір 6 сағат сайын 200–300 мг мөлшерде. Сонымен қатар β-адреноблокаторлар (пропранолол: тәулігіне 160–480 мгperos немесе көктамырға тамшылатып 2–5 мг/сағ), глюкокортикоидтар (гидрокортизон: 50–100 мг әрбір 4 сағ сайын немесе преднизолон (60 мг/тәу), дезинтоксикациялы терапия (физиологиялық ерітінді, 10 % глюкоза ерітіндісі) гемодинамика көрсеткіштерін бақылаумен тағайындалады. Тиреотоксикалықкризді емдеудің әсерлі әдісі плазмаферез болып табылады.
Болжамы: Дер кезінде ем жүргізілмеген жағдайда болжамы нашар, ол жүрекшелер фибрилляциясымен, жүрек жеткіліксіздігімен, арықтаумен (марантикалықтиреотоксикоз) анықталады. ҚБ қызметі қалыптасқан кезде тиреотоксикалықкардиомиопатия болжамы оңтайлы- науқастардың басым көпшілігінде кардиомегалияның регрессі дамып, синусты ырғақ қалыптасады. 12–18-айға созылған тиреостатикалық терапия курсынан кейін тиреотоксикоздің рецидив беру мүмкіндігі - науқастардың 70–75%.
ГИПОТИРЕОЗ
Гипотиреоз — тиреоидты гормондардың тапшылығынан дамитын клиникалық синдром. Патогенезі бойынша гипотиреоз біріншілік (ҚБ өзінде дамитын патология) және екіншілік (ТТГ тапшылығынан) болып жіктеледі. 99 % жағдайда біріншілік жүре пайда болған гипотиреоз дамиды. Гипотиреоздың жалпы популяцияда таралуы 2 %-ды құрайды, ал жеке жасқа байланысты топтарда (егде жастағы әйелдер адамдарда) 6–8 %-ға жетеді.
Гипотиреозға алып келетін себептер (этиологиясы):
Біріншілік гипотиреоз (қалқанша безі ауруларымен байланысты):
Аутоиммундытиреоидит
ҚБ хирургиялық алып тастау
Радиобелсенді 131I-пен терапия
Ауыр йод тапшылығы
Қалқанша бездің даму ақаулары (дисгенезия және эктопия)
Екіншілік (гипоталамус-гипофизарлы патология):
Гипофизарлы жеткіліксіздік (Шиен-Симмондс синдромы)
Гипоталамус-гипофизарлы аймақтың ірі ісіктері
Гипофиздің сәулеленуі
ТТГ шектелген тапшылығы
Достарыңызбен бөлісу: |