Клиникалық көрінісі
Қант диабетінің бірінші түріне жедел басталу және метаболикалық бұзылыстардың өршуі тән. Кей жағдайда ауру бірден диабетикалық кома және ауыр ацидозбен көрініс береді.
Балалар мен жасөспірімдерде ауру манифестациясы кетоацидозбен бірге жүреді. Жиырма бес жастан асқан адамдарда қант диабетінің дамуы ашқарынға шамалы гипергликемия байқалады, егер инфекция түскен немесе стресс жағдайда гиперликемиякетоацидозға ауысады.
Басты белгілері:
ауыздың құрғауы, шөлдеу (бүйрек арқылы шамадан тыс сұйықтық бөлінуіне байланысты сусыздануына, сонымен қатар қанда глюкоза, мочевина, натрийдің жоғарлауы)
полиурия (осмотикалықдиурез нәтижесінде)
тәбеттің жоғарлауы, салмақ жоғалту (липолиз процесінің жоғарылауы, зәрмен глюкоза шығарылуы)
әлсіздік
терінің қышуы, инфекциялық ауруға шалдығудың жоғарлауы( фурункулез және остеофолликулит дамуы мүмкін, терінің және шырышты қабаттардың, тырнақтың саңырауқұлақтармен зақымдалуы, туберкулез, жедел респираторлы аурулар, ағымы ұзақ пневмония)
либидо және потенция төмендеуі
көздің көруінің нашарлауы ( көз бұршағының ісінуі және гипергликемиямен шақырылған аккомодация әлсіздігі)
пародонтоз, тіс жегісінің үдеуі, гингивит т.б.
Тексеріс барысында гипергликемия және глюкозурияны анықтайды. Айқын декомпенсация сатысында терінің, еріннің, тілдің құрғауы, теріасты шелмай қабатының тургорының төмендеуі, бет терісініңнәтжесінде диабеттік рубеоз дамиды.
Қант диабетінің ұзақ және нашар компенсация сатысында дамиды:
өкшенің трофикалық жарасы
остеопороз, диабеттік остеоартропатия
асқазанның ішек және ұйқы безінің сыртқы секрециясының жұмысының төмендеуі
дибеттікперифериялық және автономды нейропатия
диабеттік ретинопатия
диабеттік нефропатия
жас әйелдерде фертильдік төмендеуі
бой өсуінің бұзылысы және балалардың физикалық өсуінің төмендеуі (Мориак синдромы)
Қант диабетінің жедел асқынулары диабеттік кетоацидоз, гиперосмолярлы және лактоацидозды кома. Қант диабеті кезінде көп жағдайда ЖИА және АГ диагностикаланады. Миокард инфарктісі (ауырсынусыз түрі) қант диабетімен ауыратын науқастардың жартысының өлім себебі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |