Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет219/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Остеопороздың түрлері
Дәрігерлер остеопорозды бірнеше түрлерге бөледі:

  • Алғашқы идеопатиялық остеопороз — балаларды және жас адамдарды зақымдайтын сирек ауру түрі.

  • Алғақшы остеопороз (1 тип) — әйелдерде менопаузадан кейін 50 жастан 75 жасқа дейін кездеседі.

  • Алғашқы остеопороз (2 тип немесе кәрілік) — организмнің жалпы қартаюымен байланысты ауру, еркектерде де, әйелдерде де шамамен 70 және одан үлкен жаста кездеседі.

  • Екінші қайтара болатын остеопороз — азырақ таралған ауру, басқа ауруларда асқыну ретінде немесе белгілі бір дәрілік заттарды ұзақ қабылдау салдарынан пайда болады.

Остеопороз симптомдары
Остеопороздың өзіне тән көбірек белгісі өсудің біртіндеп кемуі болып табылады. Бұл тікелей компрессияның — омыртқадағы омыртқа денесінің қысылуының салдары. Осы үдеріс кезінде жекелеген омыртқалар және олардың арасында жатқан омыртқааралық дискілер үгіле бастайды, олар ілгері қарай жылжып, бұрын қатты сүйек тіні болған кеңістікті толтырады.
Егер омыртқалардың осылай ыдырауы кенеттен орын алса немесе компрессия біркелкі жүрмесе, онда емделуші омыртқаның зақымданған бөлігінен өткір ауырсынуды сезеді. Мұндайда омыртқа түрін өзгертуі мүмкін. Бүйір проекциясында омыртқаның қисаюы сколиоз, ал алға қарай күшті қисаю кифоз немесе еңкіштік (өркеш силуэт) деп аталады. Остеопорозбен ауыратын адамдарда сан мойнының және білезік сүйектерінің сынулары өте жиі болады.


Остеопороздың себептері
Остеопороз 30 жастан асқан барлық адамдарда біршама дәрежеде байқалады. Алайда остропороздың алуан түрі әртүрлі жағдайларда пайда болады. Жалпы, бүкіл тұрғындардың ішінен әйелдердің 30%-ы және еркектердің 8%-ы остеопороздың осындай немесе басқа түрлерінен зардап шегеді.
Олардың 95%-ында остеопороз алғаш рет пайда болады, ол идиопатиялық (кездейсоқ пайда болатын), тиісінше менопаузадан кейінгі және қарттық — 1 тип және 2 типке бөлінеді. Остеопороздың алғашқы түрі неден пайда болатыны нақты белгісіз, алайда адамдардың белгілі бір тобында бұл аурудың дамуына бейім ететін кейбір факторлар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет