Өршу фазасынының қабыну белсенділігін 3 дәрежесі көрсетеді:
I дәрежесінде: тері бетіндегі көгерулер,субфебрилитет, жүрек шекаралары өзгермейді, артралгия байқалады. Лабораториялық өзгерістері: лейкоцитоз,ЭТЖ -20 дан жоғары болады, СРБ-0, АСЛО- 313
II дәрежесінде:
Бірінші дірежесіндегі белгілер айқындалып, үдей бастайды
III дәрежесінде: жағдайы ауырлайды, миокардит, полиартрит белгілері бйқалады
Лабораториялық өзгерістері: лейкоцитоз, ЭТЖ- 30мм\с жоғарылайды, СРБ+++,++++,
АСЛО -650 ден жоғары болады.
Ауру ағымының сипаттамасына қарай:
1. Жедел ағымда - ауру бірден басталады, клиникалық синдромдар тез дамиды, қабынудың белсенділік дәрежесі жоғары болады, емделгенде белгілері тез қайтады.
2.Жеделдеу ағымында - ауру ағымы жайырақ басталып, белсенділік дәрежесі 11-ге сай болады
3.Созылмалы ағымында - ауру ақырындар үдейді, белсенділігі төмен, лабораториялық өзгерістері де өте жай азайып, емге тез басылмайды.
4.Рецидивті ағымы - аурудың рецидивтері алдыңғ қабыну аяқталуынан бұрын басталады.Жүргізілген ем нәтижесі уақытша.
Клиникалық белгілері: ауырған инфекциямен байланыс болғаны анықталады, яғни ангинадан және жедел респираторлы вирусты инфекциядан кейін 1-2 аптадан соң, науқастардың дене температурасы 38-40°C көтеріліп,қатты терлейді. Ал ревматизмнің қайталамалы шабуылынан кейін, аурудың қайталануы спецификалық емес факторлардың әсерінен дамиды ,оларға физикалық күштеме, суықтап қалу және операциялардан кейінгі жағдайлар жатады. Ревматизмнің ең жиі байқалатын клиникалық белгісі - ревмокардит: миокард пен эндокардтың біруақытта зақымдалуы. Ересекерде ревмокардит ауыр түрде өтпейді. Науқастар жүрек тұсындағы әлсіз ауыру сезіміне, физикалық күш түскенде аздап ентігуге, жүрегінің жиі соғуына шақымданады. Бұл сипмтомдар ревматизмдегі жүрек зақымдалуының спецификалық белгісі болып есептелмейді.
Ал жастардағы немесе балалардағы ревмокардит ауыр түрде өтеді: аурудың ең алғашқы кезеңдерінде науқасты ентігу тыныштық жағдайында да мазалайды, жүрек тұсындағы үнемі ауыру сезіміне, жүректің жиі соғуы, жүрек ырғағының бұзылуына шағымданады. Аускультацияда: 1 тонның жүрек ұшында әлсіреуі, систолалық шулар естіледі. Үлкен қан айналым шеңберіндегі қан айналым жеткіліксіздігі белгілері байқалады, ісіну, бауыр ұлғаюына байланысты оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі мазалайды. Бұл белгілердің барлығы диффузды миокардиттің ауыр ағымының дамығандығын көрсетеді.Сонымен бірге ревматизмнің дамуын көрсететін тағы бір негізгі белгі ол, тірек-қимыл аппаратының зақымдануы, яғни полиартрит. Науқастар ірі буындарындағы ұшпалы ( тізе, шынтақ, иық, тобық) ауыру сезіміне шағымданады.Науқастар қабынуға қарсы препараттар ацетилсалицил қышқылын қабылдаса буындардағы ауыру сезімі басылады. Ревматикалық полиартритте буындар деформациясы болмайды.
Егер де, өкпе ревматизммен зақымдалса, науқаста пневмония дамиды. Пневмония кезінде науқастарда ентігу, дене қызуының жоғарылауы, көп мөлшерде ылғалды сырылдар естіледі. Рентген жасап тексергенде: қарайған ошақтармен өкпе суретінің деформациясы байқалады. Ревматизмге қарсы ем қолданғаннан кейін пневмония белгілері жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |