Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Туғаннан болған қолқаның тарылуы



бет44/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

2.Туғаннан болған қолқаның тарылуы. Қолқаның тарылуы туғаннан болған жүрек ақауларының ішіндегі жиілігі 5 -6 % кездеседі. Қолқаның жүректен шығар жердегі тарылуын үшке бөлінеді:1. клапандық тарылуы. 2. клапан астындағы тарылу 3. клапан үстіндегі тарылу Клапанда болған тарылу жарты ай тәрізді қақпақшалардың комиссура бойына бір-бірімен өзара жабысып өсіп кетуіне байланысты. Өз өзімен өсіп бірігіп кеткен жарты ай тәрізді қақпақшалар күмбез сияқты түрге айналып оның ең жоғарғы тесігі болады. Үш жарты ай тәрізді қақпақшалардың орнына тек кана екі қақпақша болады.
Жүре пайда болған жүрек ақауларына жатады:
1.Митралды(екі жармалы) қақпақша қызметінің жетіспеушілігі: Сол жақ қарыншаның жиырылған(систола) кезінде сол жақтағы атриовентрикулярлық тесік екі жармалы қақпақшамен толық жабылмайды, сол кезде қарыншадан жүрекшеге қан кері (регургитация) кайтады.
Гемодинамикасы: Митралды қақпақшаның дұрыс жабылмауынан систола кезінде, біраз мөлшерде қан қайта жүрекшеге қарай кері ағады. Жүрекшенің қанға толуы, қанның көбейгендігінен жоғарылайды, себебі өкпелік көк тамырдан келетән қалыпты қанмен қатар, сол жақ қарыншадан да қан келеді, сол жүрекшеде қысым артып, сол жақ жүрекшенің іші кеңейеді. Диастола кезінде толып тұрған жүрекшеден сол қарыншаға қалыптант тыс көп қан барады, ол оның толуына және созылуына әсер етеді. Сол қарынша үлкен күшпен жұмыс істеуінің әсерінен сол қарыншаның гипертрофиясы пайда болады. Сол жақ қарыншаның миокардының жиырылуы әлсіреген кезде, онда диастолалық қысым артады, бұл өз кезегінде сол жүрекшенің қысымының жоғарлауына әкеліп соғады. Сол жүрекшедегі үлкен қысым өкпе веналары қысымының артуына әсер етеді, ал ол барорецепторларды қоздырып, рефлекторлы түрде кіші қан айналу шеңберінде артериялардың тарылуын тудырады(Китаев рефлексі).
Клиникалық көрінісі: Көптеген науқастарда біраз уақытқа дейін шағымдар болмайды, яғни науқастарды ештене мазаламайды. Тек кіші қан айналым шеңберінде іркілу пайда болғанда: ентігу, жүректің жиі қағуы, көгеру сияқты белгілер пайда бола бастайды. Пальпация жасағанда: жүрек ұшының түрткісі солға қарай ығысуы, соғуының күшейгендігі анықталады. Перкуссияда: сол жақ қарынша мен жүрекшенің үлкеюі нәтижесінде жүректің шекаралары жүректің шекараларының солға қарай жылжығандығын анықтауға болады. Аускультацияда: жүрек ұшында 1 тон бәсеңдеп, систолалық шу естіледі.Кіші қан айналымында қысым жоғарылағандықтан өкпе бағанасының үстінде 11 тон акценті естіледі. Рентгенологиялық зерттеуде сол жақ жүрекше мен сол жақ қарыншаның үлкейгендігін көруге болады. ЭХОКГ зерттеуде де сол жақ жүрекше мен қарынша қуыстарының кеңейгендігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет