Митралды қақпақшаның тарылуы(стеноз) - бұл ақау ревматизмнің әсерінен дамиды. Митралды қақпақша қатты тарылған кезде гемодинамикалық бұзылыстар дамиды. Қалыпты жағдайда тесіктің көлденең көлемі 4-6см болса, ол 1,5см -ге дейін кішірейеді.
Гемодинамикасы: Диастола фазасында қан сол жақ қарыншаға тар жерден уақытында өтіп үлгермейді, сол жақ жүрекшеде қан үнемі қалып отырады. Өкпе венасынан қосымша қан түскендіктен қанның мөлшері көбейеді. Сондықтан сол жақ жүрекшеде қысым жоғарылайды, басында сол жақ жүрекше күшпен жиырылып, қанды айдап отырады. Бірақ та сол жақ жүрекшенің бұлшық етінің күші қарыншаға қарағанда аздау, сондықтан ұзақ уақыт тар жерден қанды айдауға компенсаторлық мүмкіндігі жетіспейді. Нәтижесінде жиырылу қабілеті төмендеп, жүрекше ондағы қысымның жоғарлығынан одан әрі кеңейеді. Бұл өкпе венасындағы қысымның жоғарлауына әсер етеді.Митралды қақпақша тарылуында қанның сол қарыншаға аз өткенінің әсерінен сол жақ қарыншаға күш аз түседі, сондықтан оның көлемі де кішірейеді.
Клиникалық көрінісі: Кіші қан айналым шеңберінде қанның іркілуінің себебінен науқастарды келесі шағымдар мазалайды: ентігу, жүректің қатты соғуы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жөтел, қан түкіру. Қарап тексергенде: акрацианоз, беттің ұшы қызарады. Пальпацияда: жүрек ұшы түрткісі әлсіз сезіліп, оның аймағында диастолалық тербеліс "мысық пырылы" сезіледі. Перкуссияда: жүректің перкуторлық тұйықтығының кеңейгені: жоғары және оңға қарай, сол жақ жүрекшенің және оң жақ қарыншаның бұлшық етінің қалыңдауынан және ішінің кеңеюінен болады. Жүрек "митралды" пәшәндә болады. Аускультацияда: жүрек ұшында 1 тон күші шапалақ тәрізді болып естіледі, себебі диастола кезінде сол жақ қарыншаға қан аз мөлшерде түседі, сондықтан сол жақ қарынша уақыттан бұрын тез жиырылады. 1 және 11 тоннан кейін қосымша 3 тон естіледі оны "бөдене ырғағы(ритм перепела) деп атайды.
Рентгенологиялық зерттеуде: Сол жақ жүрекшенің ұлғаюын, жүрек мықынының тегістелуін, жүректің митралды пішінді болуын көруге болады.
ЭКГ-да Р тісшесінің биіктенуі, кеңеюі, электрлік осінің оңға қарай жылжуы, оң жақ кеуде шықпасында R тісшесінің биіктенуі, сол жақ шықпасында S тісшесінің тереңдеуі байқалады. ЭХОКГ-да қақпақшалардың түрі П тәрізді пішінде болады.
Митралды қақпақша тарылуында қан айналым жетіспеушілігі тез дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |