Қарыншалық. экстрасистоланың түрлері:
Сол карыншадан шыққан экстрасистолалар. Импульс ең алдымен сол қарыншаны қоздырып он қарыншаға кештеу жетеді. Сондықтан ЭКГ-лық көрінісі Гис будасы оң аяқшасының блогына ұқсас —I, aVL, V5, V6 тіркемелердегі S тісше терең, жалпақ, Т тісше оң және ассиметриялы; III, а V Ғ, V1 , V2-тіркемелеріндегі R. тісше биік, жарықшақтанған және жалпақ, Т тісше теріс. Маңызды белгілері — стандарттық тіркемелерде экстрасистолалық комплекстің электрлік осінің оңға ауытқуы (экстрасистолалық оң грамма), ал кеуде тіркемелеріндегі пішіні Гис будасының оң аяқшасының блогына ұқсауы (7а-сурет).
Оң карыншадан шыққан экстрасистолалар. Импульс ең алдымен сол қарыншаны, содан кейін оң қарыншаны қоздырады. Экстрасистолалык комплекс Гис будасы сол аяқшасының блогына ұқсайды - I, aVL, V5, V6 -тіркемелерде R тісше биік, жалпақ және жарықшақтанған, Т тісше теріс, ассиметриялы; ; III, а V Ғ, V1 , V2 -тіркемелерде S тісше терең. жалпақ, иректелген, Т тісше биік (7ә-сурет).
Қорыта айтқанда, стандарттық тіркемелерде экстрасистолалык сол грамма, кеуде тіркемелерінде — Гис будасы сол аяқшалық блогының көрінісі болады.
Жүрек үшынан шыққан экстрасистолалар. Жүрек ұшынан шыққан импульс кері, төменнен жоғары қарай тарайды. Сондықтан стандарттық және барлық кеуде тіркемелерінде экстрасистолалық комплекстің жалпақ, терең S тісшесі басым (S типті комплекс).
Карыншалардың базальдіқ бөліктерінен шыққан экстрасистолалар. Импульстің қарыншаларда тарау бағыты қалыптыға жакын (жоғарыдан төмен карай), сондықтан стандарттық және барлық кеуде тіркемелерінде экстрасистолалық компілекстің жалпақ, деформацияланған R тісшесі басым (R типті комплекс). .
Сонымен қатар экстрасистоланың монотоптық (барлығының пішіні бірдей, бір ошақтан шығатын), политоптық (пішіндері әртүрлі, әр жерден шығатын) және қыстырмалы түрлері болады. Қыстырмалы деп екі қалыпты комплекстің арасына қыстырылып түсетін экстрасистоланы айтады. Оның алдындағы және артындағы RR аралыктың қосындысы жүректін бір циклына тең, компенсациялық пауза болмайды. Экстрасистоладан кейінгі бірінші комплекстің РQ аралығы сәл ұзаруы мүмкін (АВ түйінінің "шаршауынан"). Қыстырылып түсетін экстрасистолалар брадикардияда кездеседі. Экстрасистолияның клиникалық маңызына келетін болсақ, қарыншалар фибрилляциясына алып келу мүмкіндігінен кенет өлім қаупін төндіретін қауіпті түрлерін айырады:
жиі қарыншалық;
политопты қарыншалық;
қосарланған (топталған) — бірнеше экстрасистоланың бірінен соң бірі қатар түсуі;
ертелеткен қарыншалық (салыстырмалы рефрактерлік' кезенде пайда болатын), алдындағы комгілекстің Т тісшесіне жақын түсетін -"Т үстіне түсетін R" типті,
Достарыңызбен бөлісу: |