Жыпылық аритмиясының пароксизмдік түрі
Диагностикасы
QRS комплексінің қалыпты не кеңейген екенін ескермей дамитын қарыншалар ырғағының толықтай ретсіздігі;
Р тісшесінің жоғалуы;
Жыпылықтау толқындарының тіркелуі.
Жүрекшелердің тыпырлауы кезінде қарыншалардың ырғағы ретті болуы немесе кейбір қарыншалық комплекстің түсіп қалуы да мүмкін. QRS комплексі түсіп қалғанда Р тісшесі немесе жүрекшелердің тыпырлау толқындары айқын көрінетін болады.
Жедел жәрдемі
Мына дәрілердің біреуін қолдану керектігі нұсқалады:
амиодарон — 5—7 мг/кг 30—60 мин арасында венаға егу, одан соң 1,2—1,8 гр/тәул венаға баяу егу немесе 1,2—1,8 гг (тек стационарда) не 0,6—0,8 гр (амбулаторлық жағдайда) күніне бірнеше рет 10 гр дейінгі дозаға дейін ішу, одан соң емді тұрақтандыратын дозаға көшеді 200—400 мг/тәулігіне (қалқанша без ауруларына шалдыққан адамдарға қолдануға болмайды);
пропафенон (ЖИА мен сол қарынша функциясы бұзылған адамдарда байқап қолданған жөн) — 1,5—2,0 мг/кг венаға 10—20 мин бұрын не 450-600 мг per os;
прокаинамид (новокаинамид) 10% 5—10 мл (500—1000 мг) 20 мл 5% глюкоза не 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде венаға АҚ қадағалап отырып баяу егу;
жүрек гликозидтері (ұзақтығы 7 күннен асқан жүрекшелер фибрилляциясында) коргликон 0,06% 1 мл (0,6 мг) не строфантин 0,025% 1 м (0,25 мг) 20 мл 5% глюкоза не 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде венаға баяу егу. Тұрақсыз стенокардия мен миокардтың жіті инфарктында гликозидтеді қолдануға болмайды!!!
соталол (ұзақтығы 7 күннен асқан жүрекшелер фибрилляциясында) — 240—320 мг/тәулігіне;
электрлік кардиоверсия (не ЭИТ) жүрекшелер фибрилляциясының пароксизмді түрінде не тахикардиясында, қанайналымының айқын бұзылыстары бар миокардтың жіті инфаркты не стенокардияның ЭКГ-белгілері анықталғанда қолма-қол жасалуы тиіс.
Қарыншалық тахикардия
Диагностикасы
аритмиялық шокқа дейін тудыра алатын АҚ үдемелі төмендеуімен жүретін жүректің жиі қағу ұстамасы (минутына 140–220 дейін);
R – R аралығының тұрақты қысқаруы;
QRS комплекс деформацияға ұшырап 0,12 с артық кеңіген;
QRS комплексімен салыстырғанда SТ сегменті мен Т тісшесінің дискордантты орналасуы;
Р тісшесінің болмауы;
қосарланған қарыншалық жиырылулардың болуы;
кейде қазаға дейін әкелетін қарыншалардың жыпылықтауы мен тыпырлауына ауысады.
Жедел жәрдем
лидокаин 2% 4-6 мл (80-120 мг) венаға егу; одан кейін 2-3 мл (40-60 мг) венаға тамшылатып NaCl 0,9% ерітіндісінде (немесе әрбір 8-10 минуттан соң венаға баяу) егу немесе жалпы дозасы 4 мг/кг дейін венаға 1—3 мг/мин жылдамдықта тамшылатып егу;
кордарон 5% 6-10 мл (300-500 мг не 5 мг/кг) венаға баяу егу 10-20 мл NaCl 0,9% ерітіндісінде егу, жалпы дозасы тәулігіне 900-1200 мг болуы тиіс;
этмозин 2,5% 2-4 мл (50-100 мг) не этацизин 2,5% 2 мл (50 мг) венаға 10-20 мл NaCl 0,9% ерітіндісінде баяу егу;
новокаинамид 10% 10 мл (1000 мг) венаға 10-20 мл NaCl 0,9% ерітіндісінде АҚ қадағалап отырып баяу егу;
ритмилен 1% 10 мл (100 мг) венаға 10-20 мл NaCl 0,9% ерітіндісінде баяу егу;
егер дәрілік ем тиімсіз болса, онда арнайы премедикациядан соң ЭИТ жасау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |