Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет94/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Клиникалық көріністер
Өңештік симптомдар:

  • Қыжылдау – пептикалық эзофагиттің және асқазан - өңештік рефлюкстің басты белгісі. Бұл семсер өскіншектен жоғары қарай таралатын, төс артының ашып күйдіру сезімі.

  • Кекіру – асқазан ішіндегі заттың өңештен өтіп ауызға түсуі. Кекіру еңкейгенде, жатқанда пайда болып, ауызда ащы немесе қышқыл дәм сезіледі.

  • Дисфагия – жұтқан тамақтың өңештен өтуінің қиналуы. Себептері: өңеш дискинезиясы немесе кілегей қабығының құрғақтығы.

  • Алқымның түйілу сезімі - өңештің жоғарғы бөлігінде қысымның биіктеуінен болатын шағым. Бұл сезімді globus hystericus белгісінен айыру қажет.

  • Одинофагия - өңештің тағам өткен кезде ауруы. Өңештің кілегей қабығының қабынуынан болады. Тамақ ішуге тәуелді немесе тәуелсіз сезіледі. Бұл ауырсынуды ЖИА – нан айыру қажет.

Өңештен тыс симптомдар:
Өңеш – бронхтық рефлюкспен болатын өкпе – бронх синдромы:

  • Бронхтық астма

  • Созылмалы бронхит

  • Рецидивтеуші пневмония

  • Пневмофиброз

  • Өкпенің аталектазы

  • Өкпенің іріңдігі

  • Бронхоэктаз ауруы

Оториноларингофаригеальды синдром:

Стомотологиялық синдром

Ең алдымен кекіру, тамақтан соң немесе денені алдыға еңкейткен кезде қышқыл дәмнің ауызға келуімен байқалады. Кеуде тұсындағы ауырсыну жауырын аралығына, мойын, төменгі жақ, кеуде торының сол жағына таралады.
Өңештен тыс көріністеріне жатады өкпелік симптомдар (жөтел, жиі жағдайда жатқан кезде байқалатын ентігу), отоларингологиялық симптомдар (дауыс қарлығуы, тамағының кебуі) және асқазандық симптомдар (іш кебуі, жүрек айну, құсу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет