Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет12/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Алдын алу шаралары:
1. ағзаны шынықтыру
2. суық тиюден сақтану, созылмалы инфекция ошақтарын санациялау
3. 6 айдан 1жылға дейін "Д" есепке алу
Ошақты певмония- Бұл өкпенің сегментпен немесе ацинуспен шектелетін қабыну ауруы. Ошақты пневмния көбінесе бронхтардың зақымдалуынан басталады, сондықтан бронхопневмония деп те аталады.
Ошақты пневмонияның крупты невмониядан айырмашылығы - патанатомиялық сипаттамасы біркелкі сатылардан тұрмайды.Яғни, пневмонияға ұшыраған ошақтың бір жері ісінсе, екінші жерінде сұр бауырлану, үшінші жерінде сауығу кезеңдері болады.
Жіктелуі:
1. Өздігінен дамитын біріншілік пневмония
2. Әр түрлі катаральді процестерден кейін дамитын екіншілік пневмония
Себептеріне қарай:
1. Стафилакоккты, стрептококкты, пневмококкты
2. вирустар
3. аралас инфекция
Этиологиясы: Ұзақ уақыт бойы мәжбүрлі қалыпта жату(миокард инфаркті, инсульт алғанда немесе жарақат алып төсек тартып жатқанда) салдарынанөкпенің вентиляциялық қызметі бұзылып, іркілген пневмония дамиды
Дем алу жолдарына бөгде заттар тұрып қалса, аспирациялық пневмония дамиды
Ошақты пневмония көбіне өкпенің созылмалы ауруларынан кейін (бронхит, бронхоэктатикалық аурулардан) кейін дамиды.
Клиникалық белгілері:
Ауру бірден басталады. Дене қызуы 38-39С-қа жоғарылап, қалтырау болады. Құрғақ немесе аздаған қақырықты жөтел, жалпы әлсіздік, шаршағыштық, бас ауыру мазалайды. Қақырық кілегейлі - іріңді болуы мүмкін.
Қарап тексергенде: перкуссияда өкпеден тұйық дыбыс естіледі.Аускультацияда қабынған аймағында қатаң тыныс және ылғалды сырылдар естіледі.
Ошақты пневмонияда жақсылап емделсе 3-4 аптада жазылады.
Диагностикасы:
1. ЖҚА - лейкоциттер қатты жоғарыламайды, бірақ ЭТЖ жоғарылайды.
2. БХА -қатты өзгерістер болмайды
3. Рентгенологиялық зерттеуде: шеттері тегіс емес ошақты теңбіл заттар анықталады.
4. Қақырықта- лейкоциттер анықталады
Емі:
1. төсек режимі
2. бөлмені жиі желдету
3. көп бөлшерде сұйықтық беру
4. қоздырғыштардың сезімталдығына қарай антибактериалды терапия
5. қақырық түсіретін препараттар.
6. Физиотерапиялық ем


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет