Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет9/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

ПНЕВМОНИЯЛАР


Дем алу ағзалары ауруларының ішінде пневмониялар жиі кездеседі.
Пневмония - өкпе тінінің жұқпалы қабыну сырқаты. Аурудың негізінде өкпе тіні қабынып, альвеолалар ісініп, дем алу процесі бұзылады. Жиі ер адамдар, балалар, жасы келген қарт адамдар сырқаттанады. Дем алу қызметінің қорғаныш механизмінің бұзылуына және пневмонияның дамуына келесі себептер әкеледі: суық тию, бронхтың дренажды функциясының бұзылуы, вирустық жұқпалар, иммунитеттің төмендеуі, ішімдік, жарақаттар, гипоксия және т.б.
Этиологиясы. Себебі әр түрлі жұқпалар болып табылады. Олардың ішінен көбіне пневмококктар қоздырады. Оған стафилакокктар, стрептококктар, ішек таяқшасы, Фридлендер бактериясы, легионелла, вирустарда себеп бола алады. Жедел пневмонияның дамуына химиялық және физикалық факторлар әсер етеді. Яғни бензин, тұрмыста қолданатын улы заттарды айтып кетуге болады, жарақаттан, күйгеннен де дамуы мүмкін. Химиялық және физикалық тітіркендіргіштер бронх тармақтарының ішкі кілегей қабатын зақымдап, жұқпа қосылып, пневмонияға әкеліп соғуы мүмкін.
Патогенезі. Пневмонияның дамуы жұқпаның вируленттігіне және ағзаның қорғаныш қызметіне байланысты болып келеді. Қабыну процесінің әсерінен альвеолар ісініп, газ алмасу процесі бұзылады. Сырқаттың ағым ауырлығы қабынудың көлеміне байланысты, неғұрлым қабыну аймағы үлкен болса, соғұрлым сырқаттың жалпы жағдайы нашарлайды. Жедел пневмониялар қабыну ошағына байланысты екі түрде байқалады: ошақты және крупозды
Жітемесі. Пневмонияларға әкеліп соқтырған себептеріне, өту ағымына, клиникалық белгілеріне байланысты түрлері өте көп. 1995 жылдан бастап Чучалиннің айтуы бойынша пневмониялардың келесі түрлері бар:
I. Дамуына байланысты түрлері:

  1. Ауруханадан тыс түрі(біріншілік, амбулаторлық, үй жағдайда пайда болған)

  2. Ауруханалық түрі(ауруханаға түскеннен кейін 48-72 сағаттан кейін дамыған)

  3. Аспирациялық(атипті)

  4. Төзімділігі (иммунитеті) төмен адамдардағы түрі

II. Орналасуына және көлеміне байланысты:
1. Бір жақты, қос жақты
2. Бөлшектік, бөліктік, сегменттік, тотальді
III. Аурудың ағымына байланысты:
1. Жеңіл ауырлықты, орташа ауырлықты, ауыр ауырлықты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет