Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет8/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Емдеу тактикасы:
Ем мақсаты: тұншығу ұстамасын басу, аурудың асқынуларын болдырмау.
Дәрі-дәрмексіз ем: себепті аллергендермен жанасуды, спецификалық емес тітіркендіргіштер әсерін болдырмау (шылым шегу,кәсіби зияндықтар,полютаннтар, өткір иістер)
Дәрі-дәрмектік ем:
Ұстамаларды басу үшін:

  • ингаляциялық тез әсердегі B2-агонистер(сальбутамол, фенотерол)

  • әсері тез басталатын ұзақ әсердегі B2-агонистер (сальметерол, формотерол)

  • ингаляциялық холинолитиктер(атровент, ипратропий бромиді)

  • глюкокортикостероидтар ( преднизолон, дексаметазон)

  • бронходилятаторлар(эуфиллин, теофиллин, теотард)

Бронх демікпесін емдеудегі негізгі және қосымша дәрі-дәрмектер тізімі:
Негізгі дәрі-дәрмектер;

  1. Бекламетазон аэрозоль-200доза

  2. Ипратропий аэрозоль-100 доза

  3. Сальбутамол аэрозоль 100мкг\ доза; капсуласы-2мг, 8мг, ал небулайзер үшін ерітінді мөлшері 20мл

  4. Теофиллин таблетка-100,200,300мг, капсуласы 100-200-300мг. Эуфиллин ертітіндісі 2,4%-5-10мл

  5. Фенотерол аэрозоль-200доза

  6. Амброксол таблетка -30 мг

  7. Преднизолон таблетка -5 мг, ал ерітінді түрінде 30мг\1мл

Қосымша дәрі -дәрмектер:

  1. Кларитромицин таблетка 500мг(антибиотик)

  2. Азитромицин 500мг капсула

  3. Слметерол аэрозоль 25мкг\доза

Госпитализацияға көрсеткіштер болып табылады:
Бронхолиттік терапия тиімсіздігі, 6-8 сағат бойы басылмайтын тұншығу ұстамасы, тыныс алу жеткіліксіздігінің үдеуі, "мылқау өкпе".
Алдын алу шаралары:

  • Бөлмедегі шаңды тазарту, фильтрация қызметін пайдалану.

  • Үй кенелеріне аллергия болса, оларды жою.

  • Аллергендерден бойын аулақ ұстау

  • Шылым шегумен атмосфералық ластанулармен күрес жүргізу.

  • Ас құрамынан аллергендерді шегеру керек.

  • Жүн,қаз жүнінен жасалған төсектерді поролонға алмастыру керек


  • Жылына 2-3рет терапевт және пульмонолог дәрігерлеріне қаралу, аллерголог жылына 1 рет

  • Бронх демікпесінің ұстамасы басталғанда өз-өзіне көмектесе алуды, яғни аэрозольдерді дұрыс пайдалана білуді үйрену

  • Диспансерлік бақылауда тұру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет