Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет129/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

2. Метаболизмді жақсарту :
поливитаминдік комплекстер : витамин Е 1 капсуладан күніне 2-3 рет 1-2 ай; фосфадпен 0,05 г күніне 3 рет- 25-30 күн, рибоксин 0,2 г күніне 3 рет 10-14 күн;
эссенциале 2 капсуладан күніне 3 рет 1-2 ай, әрі қарай 3-4 капсуладан 3-6 ай;
реамберин 200-400 мл вена ішіне тамшылатып 2-10 күн.
Профилактика
•зиянды әдеттерден аулақ болу;
анамнезінде реакция анықталған дәрілерді тағайындамау;
• созылмалы бауыр ауруы болса гепатотоксикалық әсері бар дәрілерді бермеу;
жеке басының дәрілерге сезімталдығын тексеру(мүмкіндігінше).
Токсикалық гепатиттердің алдын алу сұрақтарын шешу кезінде алдын ала және кезеңді түрдегі медициналық тексерулердің маңызы зор. Жұмысқа алар алдындағы алдын ала тексерулер үшін жұмысшының токсикалық гепатитпен және алкогализммен зардап шекпейтінін гепатотропты заттармен жұмыс істеудің қарсы көрсеткіштерінің болмауына қатал түрде қадағалау жасау керек.


БАУЫР ЦИРРОЗЫ


Бауыр циррозы –бауыр архитектоникасының бұзылысымен, фиброздың дамуымен және құрылымы өзгерген регенерация түйіндерінің түзілуімен жүретін, ақырында бауыр шамасыздығы мен портальды гипертензияға әкелетін бауырдың диффузды зақымдану процесі. Бауыр циррозы кезінде құрылымы аномальды регенераторлы түйіндер пайда болады.
Эпидемиологиясы:
ДДҰ ұғымы бойынша (1974 ж.), бауыр циррозы бауырдың созылмалы ауруларының ақырғы сатысы ретінде қаралған, бірақ диагноз құрылуында бұл термин бөлек, дербес аурудың атауы ретінде қолданылуда.
Жер бетінде жыл сайын 300000-ға жуық адам бауыр циррозынан қаза табады, соңғы 10-20 жылдың ішінде бұл аурудың саны үнемі көбеюде, мәселен Германияда 2 есе, Щвецияда 2,5 есе жиіленген.
БДҰ бойынша бауыр циррозынан өлім көрсеткіші 65 – 74 жастағы ер адамдар 49:100 000, 75 - 84 жастағы әйел адамдар 26,7:100 000 құрайды.
Алкогольдік цирроздан өлу 42,8-63,4%, гепатит С салдарынан дамыған бауыр циррозынан өлу көрсеткіші 8,6-11,8
Этиологиясы:

  1. созылмалы вирусты гепатиттер.

  2. созылмалы алкоголизм.

  3. аутоиммундық гепатит.

  4. туа біткен ферменттік жүйенің кемістіктері(а1-антитрипсин,галактоза-1-фосфат-уридилтрансферазаның тапшылығы).

  5. қор жинақталу аурулары (Коновалов-Вильсон ауруы, бауыр гликогенозы, Гоше ауруы, гемохроматоз).

  6. гепатотропты әсер ететін улар мен дәрмектер.

  7. бауыр ішілік және бауырдан тыс өт жолдарының аурулары.

  8. бауырда веналық қанның ұзақ іркілісі.

  9. криптогендік бауыр циррозы.

  10. этиологиялық факторлардың қосарланған әсерлері.

Патогенезі:
Бауыр циррозы кезіндегі патологиялық процесстің негізгі моменті әртүрлі этиологиялық факторлар әсерінен гепатоциттердің бұзылуы. Паренхиманың өлуі дәнекер тіннің (мезенхиманың) активті реакциясын шақырады, бұл өз кезегінде интактыгепатоциттерге 2-лік зақымдаушы әсер етіп баспалдақты некроздың түзілуіне әкеледі- бұл созылмалы гепатиттің бауыр циррозына айналу белгілері б.т. Бауыр циррозы дамуының негізгі түрткісі әр түрлі этиологиялық факторлардың әсерінен бауыр паренхимасының зақымдануы – гепатоциттердіңнекрозы. Бауыр циррозы кезінде құрылымы аномальды регенераторлы түйіндер – цирротикалық түйіндер анықталады. Зақымдалған бауыр клеткалары өліп, олардың орнын фиброзды және дәнекер тін алмастырады. Бұл түйіндерде қан айналым бұзылады, осыған сәйкес бауыр өз функциясын дұрыс атқара алмайды. Бөлшектердің арихитектоникасы бұзылған тыртық ошақтарында қан синусоидтарға құйылмай бірден орталық венаға барады. Қанның сау қалған синусоидтарға түспеуінен, бауырдың зақымданбаған ошақтары алдымен ишемияға, содан кейін некрозға ұшырайды. Гепатоциттердіңнекрозынан бөлінетін заттар қабыну инфильтраттарының түзілуіне септігін тигізед




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет