СОЗЫЛМАЛЫ ӨКПЕ ТЕКТІ ЖҮРЕК
Көптеген тыныс алу мүшелерінің аурулары созылмалы өкпетекті жүректің дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Айтып кеткенде созылмалы өкпетектік жүректің дамуына бронхтық астма, өкпе қатерлі ісігі, созылмалы бронх обструкциялық сырқаттары себеп болады. Осы аурулар барысының нәтижесінде кіші қан айналым шеңберінде қысым жоғарылайды, жүректің оң бөлігіне күш түседі. Альвеоларда газ алмасу дәрісі бұзылып, артериялық қанда оттегі мөлшері азаяды. Кеуде қуысының қысымы артады, тыныс алу қиындайды.
Патогенезі: бронх өткізгіштігінің бұзылуы, тыныстың төмендеуі, альвеолярлы гипоксия, өкпе артерияларының ұзақ уақыт тарылуы, өкпелік гипертензия, оң жақ қарынша гипертрофиясының дамуы, миокардтың метаболикалық бұзылыстары.
Клиникалықкөрінісі:Негізгі клиникалық белгілері жүрек жұмысының жеткіліксіздігімен сипатталынады. Созылмалы өкпетекті жүректің бастапқы кезеңінде жүрек қызметі жеткілікті. Аурудың клиникасы себепші сырқаттың белгілерімен сипатталынады. Тексергенде оң қарыншаның ұлғайғаны анықталынып, құрсақ үсті бұрышынан жүрек лүпілі көрінеді. Жүрек жұмысының жеткіліксіздігі дамыған жағдайда созылмалы өкпелік жүректің белгілері айқын көрініс береді.Науқастың тынысы тарылып, ентігеді. Жалпы диффузды цианоз білінеді. Мойын көк тамырлары қанға толып, айқын білінеді. Жүрек жиі қағады, аяқтары ісінеді. Бауыр ұлғайып ауырсынады.Қозғалыс қабілеті төмендейді. Жүрек жұмысының жеткіліксіздігінің соңында ағзаның бүкіл мүшелері зақымданады, гипоксия өршіп ацидоз дамиды. Қан анализінде эритроциттер мен гемоглобин мөлшері көбейеді, ЭТЖ 2-4 мм/сағ дейін бәсеңдейді.
Емі. Негізгі ем қағидалары кіші қан айналым шеңберінде қысымды төмендетіп жүрек жұмысын жақсарту болып табылады. Осы мақсатпен көк тамырға 2,4% –10 мл эуфиллин ерітіндісін жібереді. Жүрек жұмысын жақсарту мақсатымен жүрек гликозидтерін (строфантин, корглюкон ерітінділерін) тағайындайды. Сонымен қатар зәр айдайтын дәрі-дәрмектерді (гипотиазид, верошпирон) қолданған жөн. Гипоксияда оттегі берген тиіс. Оттегі тапшылығында қанда көмір қышқылығының мөлшері көбейіп ол тыныс орталығын қоздырады. Сондықтан оттегімен емдегенде фосфор қышқылы және сілтілердің ара қатысын мұқият қадағалап отыру қажет: газ қоспасындағы ылғалды оттегінің мөлшері 40-60% болуға тиісті. Бұл қоспа катетермен мұрын арқылы 6-9 л-мин көлемінде 15-20 минут жіберіледі. Тыныс орталығын тітіркендіру үшін әр 2-3 сағат сайын 2 мл кордиамин немесе камфора ерітінділері тері астына жіберіледі.
Алдын алуы. Созылмалы өкпелік жүректі алдын алу үшін тыныс алу мушелерінің сырқаттарын уақытында дұрыс емдеген жөн, жағымсыз қылықтардан аулақ болу керек. Физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдету жөн.
ақылау сұрақтары
Достарыңызбен бөлісу: |