Этиология. Жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануының себебі болып, бета-гемолитикалық стрептококктың А тобы болып табылады. Сондықтан да ревматизмнің дамуына себепші болатын аурулар , тонзилит(ангина), созылмалы тонзилиттің өршуі. Ал осы аурулармен ауырған науқастың қанында, стрептококкты антиген мен стрептококқа қарсы антидененің (АСЛ-О,АСГ, антидезоксирибонуклеаза Анти-ДНКаза) сандарының жоғарлағаны анықталады. Мұндай стрептококтық инфекциямен байланыс болғаны, ревматизмнің жедел ағымында полиартритпен байқалады. Сонымен қатар ревматизмнің дамуына әлеуметтік факторлар( қолайсыз тұрмыстық жағдай, жеткіліксіз тамақтану),генетикалық бейімділік(тұқымқуалаушылық)әсер етеді.
Патогенезі: Организмге инфекция түскеннен кейін, стрептококкқа қарсы антидене пайда болып, иммунды комлекс түзіледі(стрептококк антигені+ антиден+комплемент) де, айналымдағы қанмен микроциркуляторлық бағанада тұнады. Сондықтан стрептококктың токсиндері мен ферменттері миокард пен дәнекер тінге зақымдайтын әсер көрсетеді. Инфекциялар немесе спецификалық факторлар( суықтау физикалық күштеме стресс) әсерінен ауру ағымы толқын тәрізді өтеді. Жүрек зақымдалғанда қабыну процесі жүректің барлық қабаттарына таралуы мүмкін(панкардит). Морфологиялық өзгерістерінен ревматизмде ең бірінші миокард зақымдалады, сондықтан миокардит ревматизмнің алғашқы белгілерінен байқалады. Эндокардтың қабынуы, фиброзды сақинаның зақымдануы ревматизм шабуылынан кейін 6-8 аптадан кейін басталады. Ең бірінші митралды қақпақша(клапан), содан кейін қолқа(аорта) және үш жармалыы қақпақша зақымдалады.
Ревматизм жіктемесі
Ресей ревматологтар Ассоциациясының жіктемесі (2003 ж.):
1. Клиникалық варианттары: жіті ревматизмдік қызба, қайталама ревматизмдік қызба.
2. Клиникалық көріністер.
3. Негізгілері: кардит, артрит, хорея, сақинатəрізді эритема, тері асты ревматизмдік түйіндер.
4. Қосымша: қызба, артралгия, абдоминалды синдром, серозиттер.
5. Аяқталуы: сауығу; жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы (жүрек ақауынсыз, жүрек ақауы).
6. Жеткіліксіздік стадиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |