Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Шағымдары: жүрек тұсындағы ауырсынулар жəне қолайсыздық, ентікпе, жүректің қағуы, тахикардия. Физикалық тексеру



бет40/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Шағымдарыжүрек тұсындағы ауырсынулар жəне қолайсыздық, ентікпе, жүректің қағуы, тахикардия.
Физикалық тексеру:
1. Үлкен критерилер - кардит, полиартрит, хорея, сақина тəрізді эритема, тері асты ревматизмдік түйіндер.
2. Кіші критерилер - клиникалық: артралгиялар, қызба тән
Диагностикасы:
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Қанның жалпы анализі.
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Ле-клеткаларды анықтау - көрсетімдер бойынша.
4. Коагулограмма көрсетімдер бойынша.
5. Жалпы ақуыздарды анықтау.
6. Ақуыздық фракцияларды анықтау.
7. С-реактивті ақуызды анықтау.
8. Электрокардиография.
9. Стрептокиназаны анықтау.
10. Контрасттық өңешпен 3 проекциядағы жүрек рентгенографиясы.
11. ЭХОКГ (ДОППЛЕР ЭХОКГ).
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: аңқадан жағындыны бактериологиялық зерттеу.
Лабораторлық зерттеулер:
1. ҚЖА: ЭТЖ жоғарылауы, лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы.
2. ҚБА: α2- жəне γ-глобулиндер, серомукоидтар, гаптоглобин, фибоин деңгейінің артуы.
3. Қан ИИ: Т-лимфоциттер санының төмендеуі, Т-супрессорлар функциясының төмендеуі, иммуноглобулиндер деңгейінің жəне антистрептококкты антидене титрінің артуы.
Инструменталдық зерттеулер:
1. ЭКГ: өткізгіштіктің баяулауы, прекордиальді бөліктерде Т амплитудасының жəне S-T интервалының төмендеуі, аритмиялар.
2. Допплер-ЭхоКГ кезінде митралды жəне аорталық регургитации белгілері.
3. Жүрек рентгенографиясы: жүрек көлемінің ұлғаюы, жиырылғыштық қасиеттің төмендеуі.
Емдеу тактикасы
Ревматизмдік қызбаны, ревматизмді емдеу стационарда жүргізіледі. Амбулаторлы кезеңде жедел ревматизмдік қызбаның (ЖРҚ) екіншілік профилактикасы жүзеге асырылады - бензатин - бензилпенициллинмен:
1. Кардитсіз ЖРҚ ауырған науқастар үшін (полиартрит, хорея) – 5 жыл.
2. Кардитпен ЖРҚ ауырған науқастар үшін, профилактиканы 5 жылдан астам жүргізу қажет (ең болмағанда науқасқа 25 жас толғанша).
3. Жүректің қақпақшалық ақауымен науқастарға жəне жүрек ақауын хирургиялық түзету орындалған науқастарға - өмір бойы.
Ем мақсаты:
1. Жіті ревматизмдік қызбаның қайта шабуылы мен жүрек ревматизмдік ақауының алдын алу жəне (диспансерлік бақылау).
2. Медициналық емшараларды орындау кезінде туындайтын бактериемияны қайтару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет