Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;
Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;
Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту- тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;
Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;
Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;
Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;
Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;
АРИТМИЯЛАР
Аритмиялар — ырғақ бұзылыстары:
Ырғақ бұзылыстарының түрлері:
импульстің түзілу бұзылыстары;
өткізудің бұзылысы (блоктар);
импульстің түзілуі мен өткізудің бұзылыстары.
Аритмия этиологиясы
Жүрек аритмиясының себептері:
Миокард инфарктісі
Жүрек жетіспеушілігі
Электролиттік бұзылыстар
Химиялық элементтериен улану
Эндокриндік және жұқпалы аурулар
Қозу процесінің бұзылысына әкелуі мүмкін себептер:
психогендік немесе рефлекторлық әсерлерден функциялық өзгерістер;
органикалык өзгерістер, мәселен ЖИА, жүрекке гемодинамикалық күш салынуына және гипертрофияға әкелетін гсмодинамикалық бұзылыстар;
жүректің біріншілік аурулары (миокардиттер, кардиомиопатиялар);
улардың әсерлері (мәселен адреналиннің, жүрек гликозидтерінің, қою кофе мен шайдың, инфекциялық улардың т.б.);
гормондардың әсері (диффузды уытты жемсау, микседема, феохромоцитома, жүктілік, менструация, климакс, т.б.);
электролиттік бұзылыстар, мәселен гипер- немесе гипокалиемия;
жүректі механикалық тітіркендіру немесе жарақаттау (жүрекке катетер салу, операция жасау, басқа жарақаттар);
жүректің туа кемістіктері (туа біткен АВ блок, WPW-синдром).
Достарыңызбен бөлісу: |