Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет4/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Диагностикасы: жалпы қан анализі онша өзгермейді, қабыну белгілері: нейтрофильді лейкоцитоз және ЭТЖ аздап жоғарлауы болады. Жалпы зәр анализі өзгермейді.
Рентгенологиялық зерттеуде: көбіне өзгерістер болмайды тек кей жағдайларда өкпе түбірінің шамалы кеңеюі және бронхтардың ісінуінен өкпе өрнегінің айқындалуы байқалады.
Әдетте, жедел бронхит ұзақтығы 7-14 тәуліктің көлемінде аяқталады.Қызудың қайта көтеріліп, іріңді қақырықтың бөлінуі аурудың созылмалы түріне айналғанын көрсетеді.
Емі: медикаментозды емес және медикаментозды болып екіге бөлінеді.
1. Медикаментозды емес еміне: - көп мөлшерде жылы сұйықтықтар қабылдау(интоксикацияны жою үшін, лимон немесе құлпынай қосылған шәй)
- зиянды әдеттерді шектеу (шылым шегу және т.б)
- горчичник, банка, ыстық ванна, дәрілік шөптер, емдік физкультура, массаж, ингаляция(етек дене қызуы болмаған жағдайда)
2. Медикаментозды емі
-Антибактериалды терапия жүргізіледі: пенициллин тобынан (аугментин, оспамокс, амоксиклав)
-макролидтерден( азитромицин, макропен)
-цефалоспориндерден (цефазолин, цефтриаксон, цеф 111, цефадокс)
Қосымша қақырық түсіретін препараттар тағайындалады: мукалтин, лазолван, бронхолитин, бромгексин, амбробене және т.б
Болжамы. егер науқас уақытында емін қабылдаса 7-10 күнде жазылады, болжамы жақсы.
СОЗЫЛМАЛЫ БРОНХИТ
Созылмалы бронхит - деп тұрақты ұзақ әсерлі жөтелмен көрінетін және жөтел 3 айдан артық уақыт бойы 2 жыл қатарынан сақталса бронхтардың созылмалы қабынуы, яғни созылмалы бронхит диагнозы қойылады.
Этиологиясы:
1. Инфекция
2. Химиялық полютанттар( олар ауада кездесетін әр түрлі химиялық құрылысты қоспалар)
3. Климаттық факторлар( суық және дымқыл ауа)
4. Темекі түтіні (шылым шегу)
5. Иммунитет бұзылысы.
Патогенезі: Дені сау адамның бронхтары микроағзалардан, бөтен заттардан кірпікшелі эпителий арқасында тазартылып отырады. Механикалық тазарту екі фактормен жүзеге асады: олар кірпікшелі эпителий қызметіне және бронхиалды секретке байланысты болады. жоғарғы тыныс жолдарының қабыну аурулары дем алатын ауаның жылыну, тазалану, дымқылдану процестерін өзгертеді. Бөлінетін кілегей көбейеді, құрамы өзгеріп, қоюланады, сондықтан бронхты тазарту механизмдері баяулап, бронх іші секретке тола бастайды. Оны шығару үшін жөтелу рефлексі қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет