Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет121/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Пальпация. Бауыр ауруларында беткей пальпацияда оң жақ қабырға астында және эпигастральді аймақта ауырсыну байқалады. Бауырдың терең пальпациясы Образцов-Стражеско әдісімен жүргізіледі. Әдістің принципі демді терең алғанда бауырдың төменгі шеті сипаушы саусақтардың жоғарғы шетіне тиіп төмен сырғып өткенде байқалады.Дәрігер науқастың оң жағында бетіне қарсы қарап отырады. Сол қолдың төрт саусағын оң жақ бел аймағының астына жібередіде, бас бармағымен қабырға иінімен бүйірден және алдынан қысады,бауырды сипаушы оң қол саусақтарына жақындауына жағдай тұғызады және демді ішке алғанда кеуденің керілуін шектетіп диафрагманың төменірек түсүін қамтамасыз етеді.Оң қолды қабырға иінінен төмен оң жақ буғана ортасы сызық бойына іштің үстіне орналастырады. Оң қол саусақтары аздап бүгілген болу керек. Демді сыртқа шығарған кезде оң қол саусақтарын іш қуысының ішіне аздап суғадыда,науқастың терең дем алуын сурайды.Бұл кезде бауырдың төменгі шеті төмен жылжып саусақтарға келіп оларға тиіп өтеді.Қолдар қозғалмай бір неше рет қайталап тексеріледі,осы әдіспен бауырдың физикалық қасиеттері анықталады /жұмсақ, тығыз, сүйірленген, жұмырланған, тегіс немесе кедір –бұдыр /қалыпты жағдайда бауырдың шеті қабырға иінінен 1-2 төмен түсіп турады,сүйір болып келеді, консистенциясы жұмсақ, беті тегіс.
Асцитта іш қуысына сүйықтық жиналғанда бауыр шетін анықтау үшін түртпе пальпациясын қолданады.оң қолдың төрт саусағымен,не екі қолмен іштің алдыңғы қабырғасын жоғарыдан төмен қарай түртіп тексереді.Түрткен кезде бауыр саусақтарға қатты болып тиіп төмен батып кетеді.Кейін сүйықтық бетіне қалқып шығып саусақтардың ұшына қайтып келіп урады.Бұл белгі «қалқыған соң» симптомы деп аталады.
Өт қабының пальпациясы. Өт қабын пальпация тәсілімен тексергенде бауыр пальпациясындағы ерекшеліктерді сақтау керек.Пальпация жасайтын қолды буырдан төмен құрсақтың тік бұлшық етінің сыртқы шетін ала орналастыру керек. Қалыпты жағдайда өт қабы,бауыр шетінен 1-1,2см ден артық төмен түспейді және оның тығыздығы іш қабырғасының тығыздығынан артық емес,сондықтан сау адамда өт қабын пальпация жолымен анықтау мүмкін емес. Өт қабын тек оның кеңігенінде ғана анықтауға болады.
Перкуссия. Перкуссия тәсілімен бауырдың шегарасы анықталады.
Қалыпты жағдайда жоғарғы шегарасы төс жанындағы сызықпен УІІ қабырға түсінің шетінде,бұғана орта сызығымен УІ қабырғаның үстінде,оң жақ алдынғы қолтық асты сызығымен УІІ қабырға үстінде/оң жақ өкпенің төменгі шегарасына сай келеді/.
Бауыр көбіне төмен қарай үлкееді,сондықтан төменгі шегараны анықтау қажетті болады.Бауырдың төменгі шегін дабыл дыбысының тынық дыбысқа аусқан жеріне қарай төменнен жоғары анықтайды. Бауырдың төменгі шегін де көрсетілген белгі сызықтар бойымен анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет