Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет144/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Инструментальды әдістер


Инструментальды әдістерге тромбоэластография, рентгенологиялық және радиоизотопты тәсілдер жатады.
Тромбоэластография. Бұл тәсіл өзгермеген (нативті) қанның не оның плазмасының спонтанды ұюын график түрінде көрсетуге мүмкіндік туғызады.Силекон инесін қолданып венадан алынған қанды кішкене кюветаның тербелісі дискінің қозғалысын тудырмайды.Қоюланған сайын қан дискі мен стерженді қимылға келтіреді.Олардың қимылын қағазға түсіріп алса,ол тромбоэла стограмма деп аталады. Тромбоэластограмманы талдай отырып,коагуляция процесінің кейбір көрсеткішін анықтауға болады. Мысалы,” реакция уақыты “қан ұюдың І-ІІ фазасының ұзақтығына, қан ұйысы пайда болу уақыты –ІІІ фазаның ұзақтығына сәйкес келеді. Тромбоэластрограммаға қарап қан ұйығының серпінділігін,тұрақтылығын анықтауға болады.
Рентгенологиялық тексеру.
Рентгенологиялық тексеру тәсілдерінің көмегімен кеуденің орталық қуысындағы лимфа түйіндерінің өскенін (лимфогрануломотоз, лимфолейкоз, лимфосаркома), миелома ауруында сүйек тканінің іріктеліп ыдырағанын, лимфосаркомада сүйек тканінің жарақаттанғанын, остеомиелосклерозда сүйектің тығызданғанын табуға болады. Осы өзгерістерді табу үшін рентгенография тәсілін қолданған жөн. Талақтағы өзгерістерді табу үшін спеленопортаграфия тәсілін қолданады.
Радиоизотоптық тексеру әдістері.
Қанға радиоактивті темірмен (59 Fe) белгіленген плпзманы не эритроциттерді жіберу арқылы эритроноз түйінін (эритремия т.б.) табуға болады.Радиоактивті хроммен (57Cr) не алтыннан (198 Аи) коллоидты ерітіндісімен аурудың өз қанының көмегімен талақты сканерлеуге болады.Бұл тәсілді қолдану арқылы талақтың мөлшерін және ондағы түйінді өзгерістерді анықтауға болады.
Дәрілерлік манипуляциялар мен диагностикалық операциялар.
Гемотологияда қолданатын дәрілік манипуляцияларға жататын сүйек миының, лимца түйінінің талақтың пункциясы жатады.Сүйек миының пункциясын 1927 ж М.И.Аринкин ұсынды.Бұл метод орындалуының жеңілдігіне беретін информацияның жеткілігіне байланысты қазір медициналық практикада кеңінен қолданады.Сүйек миын гистологиялық зерттеуге алу үшін біздің елімізде Кассирский инесін қолданады.Ол қабырғасы қалың,ішінде мандрені бар ине.Керекті тереңдікте ғана енгізуге мүмкіндік беретін инеде әдейі істеліген қалқанша бар.Миелограмма деп сүйек миыныңдағы қан элементтерінің арасындағы проценттік қатынасты атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет