Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет147/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

В 12 - фолий қышқылытапшылықты қан аздық
Этиологиясы мен патогенезі. Бұл қан аздық ағзаға В12 – витаминінің жеткіліксіздігінен пайда болатын сырқат. Асқазан ішкі кілегей қабаты сөлмен бірге “гастропротеин ” затын бөліп шығарады. Гастропротеин арқылы тамақпен бірге түскен В12 – витамині фолий қышқылымен байланысып қан жарату дәрісіне қатысады. Асқазан ауруларында бұл дәріс бұзылғандықтан қан аздық дамиды. Қан аздыққа әкеліп соғатын аурулар қатарына созылмалы гастрит, құрт аурулары, дұрыс тамақтанбау жатады Клиникалық бейнесі. Негізінде ұш синдромнан тұрады: анемиялық синдромынан, ас қорыту қызметінің бұзылуынан, жүйке жүйесінің өзгерістерінен дамитын белгілер қатары. Анемиялық синдромда әлсіздену, бастың айналуы, құлақтың шулауы, ентігу, жүректің жиі қағуы, көздің қарауытуы білінеді. Артериялыдқ қан қысымы негізінде төмендейді. Терісі боз, лимон сарғыш түсті, науқастар сонымен қатар тілдің ашып ауырсынуына шағымданады. Тілдің емізікшелері тегістеліп, трофикалық өзгерістерге ұшырайды. Тілдің түсі күрең қызыл түске боялып, жылтырланады. Жүйке жүйесінің өзгерістеріне науқастың сезімталдығы бұзылып, ауырсыну білініп, қол – аяқтары ұйыйды, науқастың жүрісі өзгереді. Кейбір жағдайларда психикалық бұзылыстар байқалады. Ас қорыту қызметінің бұзылыстарына тамаққа тәбетінің жойылуы, лоқсу, құсу, кекіру, іштің өтуі жатады. Негізінде асқазан сөлінің қышқылы төмендейді, кейбір науқастарда бауыр мен көк бауыр үлкейеді. Сырқат шұғыл өршуі мүмкін, ол жағдайда кома белгілері пайда болады. Науқас есінен танып қалады, дене қызуы және қан қысымы төмендейді, ентігу, лоқсу, рефлекстердің жоғалуы, несептің еріксіз шығуы байқалады. Команың пайда болуымен гемоглобин мөлшерінің арасында анық сәйкестілік болмайды. Команың дамуына негізгі рольді келесі мәнбірлер атқарады: гемоглобин мөлшерінің шапшаң төмендеуінен орталық жүйке жүйесінде шұғыл пайда болатын ишемия және гипоксия. Зертханалық тексерісте қанда гемоглобин және эритроциттердің мөлшерінің азайғаны байқалады. Бояғыш көрсеткіші төмендейді, анизоцитоз, пойкилоцитоз байқалады, ЭТЖ артады. Дерт анықтамасын клиникалық белгілеріне (глоссит) және гематологиялық өзгерістерге (лейкопения, тромбоцитопения) сүйене отырып жүргізеді. Сырқаттың нақтамасы сүйек миының пунктатының нәтижесімен анықталады.
Емі. Сырқаттың емдеу барысында емдәм тәртібі маңызды роль атқарады. Тамақ құрамында В12 көп болу керек. Аурудың құрамды емін оның этиологиясын, қан аздықтың дәрежесін, жүйке жүйесінің өзгерістерін ескере отырып жүргізу керек. Дисбактериозды емдеу маңызды болып табылады. Патогенетикалық қағида В12 витаминін қолдану. В12 - витаминін 500 мкг күн сайын бұлшық етке, ауыр жағдайларда көк тамырға ұзақ мерзіммен қан анализінің көрсеткішін бақылай отырып жүргізеді. Ас қорыту қызметі бұзылғанда фермент дәрілерін қолданады (панзинорм, фестал, панкреатин). Құрт ауруларымен байланысты қан аздықта міндетті түрде құрттарға қарсы ем тағайындалады. Ішек флорасын қалпына келтіру ферменттік дәрілермен қатар диспепсия синдромын жоюға мүмкіндік туғызатын емдәм тағайындау арқылы жүргізіледі. Анемияның жоғарғы дәрежесінде кома белгілері, қан айналымы өзгерістері пайда болғанда қан құюды қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет