Этиологиясы мен патогенезі. Семіздік мөлшерден тыс тамақты көп жеуден (ішімдікті көп мөлшерде ішумен бірге), аз қимылдап өмір сүру салдарынан болады. Семіздіктің дамуында ерекше орында нейроэндокринді бұзылыстар жатыр, атап айтқанда гонада қызметінің бұзылысында (климакс кезінде), қалқанша бездің (гипотериоз), гипофизалық бұзылыстарда май көп мөлшерде жиналатыны байқалады. Тұқым қуалау мәнбірі де ерекше роль атқарады. Сырқаттың дерт анықтамасын жүргізгенде келесі сипатмежелер қолданылады: І дәрежедегі семіздікте дене салмағы қалыпты дене салмағынан 10 – 20 % артық, ІІ дәрежеде 20 - 30%; ІІІ дәрежеде 30 - 50% және одан да артық. Бойының ұзындығына сәйкес сантиметрмен алынған саннан 100 санын алғанға тең санға жуық дене салмағы қалыпты деп саналады: бойының ұзындығы 170 см болатын адамның салмағы 70 кг – ға жуық болуы керек. Құрлысына байланысты аздаған ауытқулар болуы мүмкін.
13сурет Семіздік
Клиникалық көрінісі. Семіздігі бар науқастар ентігетініне, мөлшерден тыс көп терлейтініне, жұмыс істеу қабілетінің төмендегеніне, жүрек тұсының ауыратынына шағымданады. Жиі терінің созылмалы ауруы, терінің іріңді аурулары, шиқан басу байқалады. Семіздікте атеросклероз тез дамиды. Тәж тамырлардың атеросклерозынан жүрек ишемия аурулары дамиды: жүрек қыспасы, кардиосклероз, миокард инфарктісі. Кейде бұл жағдайлар қан айналысының жеткіліксіздігіне әкеп соғады. Ішек жұмысының бұзылыстары (метеоризм, нәжістің тұрып қалуы), жыныстық белсенділігінің төмендеуі болады. Қанда холестериннің мөлшері көбейеді, көмірсу алмасу дәрісі бұзылады.
Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларын алдын алу
Ішкі сөлденіс бездер ауруларының ішінде жиі кездесетін арулардың бірі –
ағзаға йодтың жетіспеушілігінен дамитын аурулар. Йод адам және жануарлардың дұрыс өсіп жетілінуіне керекті микроэлемент. Ол балық, ет, сүт, теңіз қырыққабаты, сүтті тағамдар, қызылша, жұмыртқа және картофель құрамына кіреді. Ағзаға йод органикалық және бейорганикалық қосылыстармен түсіп, қанға енеді. Ол қалқанша безінің гормондарының синтезіне қатысады, ал қалқанша безі гормондары ағзадағы бүкіл зат алмасу процесстерін реттейді. Адам ағзасында йод жетіспеушілігінің екі түрі бар. Бірінші түрінде ағзаға йод тағаммен суда жетіспеушіліктен аз енеді. Екінші түрінде сыртқы ортада йод жеткілікті, бірақ ас қорыту мүшелерінің ауруларына байланысты йод ағзаға толық сіңбейді. Судағы йод мөлшері оны қоршаған ортаға байланысты. Жоғарғы қырлы және теңіз жағалауынан алыс жерлер йод жетіспейтін жерлер болып табылады.
Йод жетіспеушілігі йод жетіспеушілік жағдайлардың (йододефицитные расстройства) дамуына әкеліп соғады. Йод жетіспеушілігінің ең кең тараған түрі эндемиялық жемсау. Йод жетіспеушілігіндегі клиникалық критерийдің бірі тұрғындар арасында жемсаудың даму жиілігі, әсіресе жасөспірім шағында. Назарды көп көңіл бөлетін топқа жүкті әйелдер жатады. Йод жетіспеген аймақтарда жүктілік гипотиреозбен қоса өтеді. Йод жетіспеген жағдайда туған нәрестеде саңраулық дамуы мүмкін, ол әйелдерде йод жетіспеу салдарынан өлі бала тууы мүмкін. Йод жетіспеу туғандағы балада иммунитеті төмен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |