Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет45/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Өкпе перкуссиясы. Өкпені тексерген кезде перкуссияның келесі түрлері қолданылады: тікелей, тікелей емес, салыстырмалы, топографиялық перкуссия.
Тексеру салыстырмалы перкуссиядан басталады:

  1. Өкпенің ұштарын салыстыру. Ол үшін плессиметр саусақты бұғанадан жоғары және оған паралель орналастырып жоғарыға қарай тықылдатады. Содан кейін бұғананың өзін қағып қарау керек. Екі жақтағы дыбысты салыстырып көру керек.

  2. Қабырға арасы кеңістікке орналасқан саусақ плессиметрді қаға отырып, өкпенің алдынғы жағының дыбысын салыстырады. Перкуссияны жүрек аймағына дейін ғана жүргізеді.

  3. Өкпенің бүйір жағын перкуссиялау. Пациент қолын жоғары көтереді, қолтықтың ортаңғы сызығы бойынша төмен жүргізеді

  4. Өкпенің арқа бетін перкуссиялау. Перкуссияны жауырыннан жоғары бастайды. Плессиметр саусақ қабырғаларға паралель орналастырады. жауырын аралық кеңістіктің дыбысын салыстырғанда плессиметрді омыртқаға паралель орналастырып төмен түседі.

Жауырыннан төменгі жерде плессиметр саусақты горизонталь күйінде жүргізеді.
Қалыпты жағдайда өкпе үстінде айқын өкпе дыбысы анықталады. Ал патологиялық жағдайда осындай өзгерістер анықталады:- өкпеде ауа азайғанда-тынықтау дыбыс
-өкпеде мүлдем ауа болмағанда-тынық дыбыс

  • өкпе ауаланғанда-қораб дыбыс

  • плевра қуысына ауа жиналғанда- тимпаникалық перкуторлы дыбыс

Топографиялық перкуссия өкпенің төменгі және жоғарғы шегарасын, өкпенің төменгі шетінің экскурсиясын анықтайды. Өкпе ұшының биіктігі алдынан бұғанадан 3-4см жоғары тұрады, оң жақ өкпенің ұшы 0,5-1см төмен болуы мүмкін.
Өкпенің ұшының биіктігін арқа жақтан жоғарғы жауырын кеңістігінің ортасынан бастап анықтайды. Қалыпты жағдайда арқа жақта өкпе ұшының биіктігі УІІ мойын не І кеуде омыртқаларының тұсында анықталады.
Өкпенің төменгі шекарасын анықтау
Перкуссия жолымен өкпенің төменгі шекарасы белгілі сызықтар бойынша анықталады.Қалыпты жағдайдағы өкпенің төменгі шегі:



Белгі сызық

Оң жақ

Сол жақ

Төс жанындағы сызық
Бұғана ортасы сызығы
Қолтықтың алдынғы сызығы
Қолтықтың ортанғы сызығы
Қолтықтықтың артқы сызығы
Жауырын сызығы
Омыртқа жанындағы сызық

У қабырға аралық

УІ қабырға


УІІқабырға


УІІІ қабырға


ІХ қабырға


Хқабырға
ХІқабырғаның өсіндісі



-----------

-----------


УІІ қабырға


УІІІ қабырға


ІХ қабырға


Х қабырға


ХІқабырғаның өсіндісі


Өкпенің төменгі шетінің экскурсиясын аңықтау үшін пациентті ауаны ішке бар мүмкіндігінше терең алып сыртқа шығармай,ұстап тұруын сұрайды. Бұл мезгілде дәрігер өкпенің шегін тез қайталап анықтап белгілеп қояды. Бұдан кейін ауру бірнеше рет демді алып, шығаруы керек. Содан кейін ол демді мүмкіндігінше сыртқа шығарып сол күйінде дем алмай тұруы керек. Бұл кезде дәрігер өкпенің болжамды шегінең жоғары бастап, төмен қарай жылжып отырып,тағы да өкпе шегін анықтап белгілейді. Екі белгі арасының қашықтығы өкпе шегінің экскурсия болады. Қалыпты жағдайда өкпе шетінің экскурсиясы,4-8 см тең.
Өкпенің төменгі шегінің төмен қарай ығысуы өкпе эмфиземасында, тыныс демікпесінің ұстамасы кезінде, созылмалы жүрек жетіспеушілігінде.
Өкпенің төменгі шегінің жоғары ығысуы екі жақты пневмосклерозда, плевра қуысында ауа не сұйықтық жиналғанда,іш құысының қысымының артуында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет