Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет94/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Қыжылдау симптомы - ол төстің төменгі жағынан сезіледі. Ол асқазандағы ас қалдығы өңештің төменгі белігіне қайта түсуінен және сол сияқты эзофагит рефлюксінің (кері ағуның) әсерінен де болады.
Қан кету, ол өңештің жарасы кезінде байқалады, сондай-ақ бөгде заттардың әсерінен өңештің жарақаттануынан, қатерлі ісіктің ыдырауынан болады. Кейде өңештің кеңейген вена қан тамырынан қан кету себебінен, оның кілегей қабатының өңеш пен асқазанның кардиалды бөлігінің байланысынан, оның аймағындағы кернеудің күшеюінен, тамырлардың кішігірім жарылуынан пайда болады. (Меллори-Вейса синдромы).
Аурудың ағымы өңештің органикалық зақымдануы кезінде күшейіп, оның функционалдық ауруларында психикалық себеп-шарттарға байланысты кейде қайталап кезек-кезек алмасып отыруы мүмкін. Науқастың өмір тарихын сұраудың нәтижесінде өңештің күйгенін (сілтімен, қышқылмен) анықтауға болады. Бұрын басқа қандай аурумен ауырғанын, әсіресе мерез ауруымен ауырған-ауырмағанын білген жен. Науқастың арыз-шағымы дисфагияға, кейде сифилистік өзгерістеріне байланысты болады. Өңеш бүйірқалтасының болуы бұрын ауырған бронхоаденит, әсіресе туберкулез ауруына байланысты болуы мүмкін.
Науқастарды қарап тексеру.
Өңеш ауруларының диагностикасында физикалық зерттеу өдістерінін маңызы айтарлықтай емес, ол өңештің анатомо-топографиялық орналасуына және тікелей зерттеу әдістерін қолдану мүмкіндігінің аздығына байланысты. Жалпы қарау кезінде науқастың қатты жүдегенін байқауға болады, себебі өңеш рагы және ахалазиясы кезінде астың өңеш бойымен жүруі бұзылады. Ұзақ уақытқа созылған өңештің тарылуы кезінде оның жоғарырақ орналасқан бөлігі біршама кеңейеді, ол біртіндеп өкпені қысып, тыныстың рестриктивті тарылуын тудыруы мүмкін.
Пальпация Асқазанның көлемі мен формасына және оның консистенциясына, орналасуына байланысты әр бөлімдеріне арнайы пальпация жасалынады. Дені сау адамдарды қарағанда олардың асқазанының үлкен иіні мен бүйенін сипап сезуге болады. Ол үшін маман өте білімдар болуы тиіс, асқазанның төмен түсуі кезінде асқазанның кіші иінін пальпация арқылы сезу қиынға түседі.
Асқазанның үлкен иініне пальпация жургізу. Патологиялық жағдайды айтпағанның өзінде қалыпты жағдайда асқазанның үлкен иінінің орналасуы әр түрлі болып келеді. Сондықтан да пальпация әдісімен зерттеуді бастамас бұрын, асқазанның төменгі шекарасын шамалап жобалаған жөн, ол кейде үлкен жамбас қуысында жатуы да мүмкін.
В. П. Образцов соққылау арқылы сипап сезу әдісін ұсынған болатын. Ол әрбір дені сау адамның өзінде тамақтанғаннан кейін 4-5 сағаттан соң асқазанда ауа аралас сұйықтықтың болатынын айқындай отырып осындай зерттеу әдісіне барған. Егер осы жағдайда асқазанға перкуссия жасалса, одан шуыл естіледі, сол дыбыспен асқазанды маңындағы көрші ағзалардан айыруға болады. В. П. 0бразцов әдісі бойынша қолданылатын зерттеу төмендегіше жүргізіледі: оң қолдың саусақ басын жеңіл ғана бүгіп, бауырдың төменгі шекарасынан, яғни эпигастралды аймақтың жоғарғы бөлігінен бастайды. Ол үшін теріні жайлап қана жоғары көтереді де, құрсақ беткейіне қысқа, жылдам соққыны жеңіл бүгілген саусақтардың ұшымен жылжыта жүргізу арқылы жасайды. Ауаны асқазанның жоғарғы бөлігінен итеріп, сұйықтықпен біркелкі бірге тарату үшін сол қолдың саусақ басымен науқастың бүйірінен төс сүйегіне қарай көтере басқан жөн. Осы кезде оң қолдың саусақ басымен соққылағанда, шалпыл естілуі тиіс. Ортаңғы сызық бойымен төмен қарай шалпыл естілмеген жерге дейін пальпация жүргізеді, бұл асқазанның төменгі шекарасы болып табылады. Орташа тамақтанғаннан соң асқазанның төменгі шекарасы ер кісілерде 3—4 см-дей кіндіктен жоғары жатады. Асқазанның төменгі шекарасын анықтау үшін тағы бір әдісті қолданады, ол аускультативті перкуссия. Бұл әдіс бойынша асқазан аймағы (асқазандағы жиналған газдың резонансына байланысты) дыбысының күшеюі ішектерге қарағанда күштірек болады. Осы әдіспен перкуссия кезінде пайда болған дыбыс фонендоскоппен жақсы естіледі. Ол фонендоскопты эпигастралді аймаққа қою арқылы жүргізіледі. Перкуторлық соққы дегеніміз оң қолдың бір саусағымен ортаңғы сызықтың сол жағынан құрсақ қабырғасына тікелей төменнен жоғары қарай перкуссия жасауды айтады, сонда дыбыстың күшеюіне қарап, асқазанның төменгі шекарасын анықтауға болады. Асқазанның төменгі шекарасын тапқаннан соң, оның үлкен иінін терең жылжымалы пальпация арқылы зерттейді.
Бірінші кезең, әрине саусақты қадағалап дұрыс қою. Жеңіл ғана бүгілген оң қолдың саусақ басын көлденең жағдайда асқазанның төменгі шекарасы деңгейіне қойып, ортаңғы саусақ ортаңғы сызық бойынша бағытталып, алақанның беті төмен қаратылуы тиіс.
Екінші кезең, ол теріні жылжыту. Теріні беткейлі жылжыту арқылы, бүгілген саусақтар басымен тері қатпарларын жинайды.
Үшінші кезеңдегі тексеру — саусақ басын құрсақ қуысына терең енгізу арқылы жасалынады; дем шығаруға сәйкес құрсақ қабырғасының босаңсуын пайдалана отырып саусақ басын құрсак, куысының артқы қабырға бойымен омыртқа жотасына қарай енгізу арқылы сипап зерттеп, сезуге болады.
Төртінші кезең, онда қолды сырғымалы жылжыту әдісімен жоғарыдан төмен қарай бағыттай отырып құрсақ қуысының артқы қабырғасына омыртқа жотасы бойымен жылжытып апарады.
Егер бірінші пальпация күмән келтірсе, осы әдісті қайта жүргізеді, бірақ алғашқыға қарағанда саусақтарды бірнеше сантиметрге батырып жүргізу әдісін қолданады.
Асқазанның үлкен иіні қалыпты жағдайда В. П. Образцов әдісі бойынша 50-60 % жағдайда омыртқа жотасының екі жағынан да формасы доға тәрізді, жұмсақ, қатпарлы болып сезіледі және ол ауырмайды.Оны науқастың төс сүйегінен бастап іштің ортаңғы сызығы аралығынан табуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет