Жедел жардем стансасы-бұл халыққа жедел турде қажетті көмек көрсететін мекеме. Стационарда фельдшер бригада жұмысын басқару мүмкін. Ол науқас үйінде жедел түрде көрсетіледі. Кейде науқасты госпитализациялайды. Қиын жағдайларда арнаулы медициналық көмекті дәрігерләк бригада жүргізеді. Ал фельдшер медициналық көмек жасауға,тасымалдауға көмектеседі. ЖЖ стансалары арнаулы аспаптармен көліктермен жабдықталған.Олар жолда жедел көмек және реаниматция шараларын көрсету ушін қажет
Аурухана- әр уақытта емдеуді және күтімді талап ететін науқастарға арналған емдеу мекемесі.Аурухана қабылдау бөлімінен емдеу бөлімшелерінен және шаруашылық бөлімінен тұрады, емдеудің барлық турлері жургізіледі.
Госпиталь- әскери адамдар мен мугедектерді емдеуге арналған мекеме.
Клиника- бұл тек қана емдеу жургізетін мекеме ғана емес ғылыми тексеру жұмыстарын жүргізетін және стационарлық емдеу мекемесі боллып табылады. Бул жерде науқасты емдеуді аяқтайды.
Санаторилерді – климаты ыңғайлы, минералды суы және емдік балшықтары бар жерлерге орналастырады. Бұл жерлерде емдеу шараларымен қатар түрлі физиошаралар жүргізіледі.
Медициналық көмек көрсетуде
медбикенің атқаратын қызметі
Медбикенің негізгі жұмыс істеу бағыты оның істейтін жұмыс орнымен анықталады.
Медбике;
ФАП-та
Жедел жәрдем станциясында
Емдеу пунктіндеаурухананың қабылдау бөлімінде жұмыс істей алады.
ФПА – та медбикенің атқаратын қызметі әр түрлі бағытта жүргізіледі. Ол үшін медбике жан – жақты білімді болуы қажет(ішкі аурулар, педиатрия, хирургия, гигиена және эпидемиология)
Медбикенің атқаратын қызметінің негізгі бағыттары мыналар:
Ересек адамдарға көрсететін емдік және алдын алу көмегі:
Амбулаториялық көмек және үйде көмек көрсету
Медициналық тексеруге және диспансерлеуге қатысу
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету
Дәрігерлік тағайындауды орындау
Қырман басындағы жұмыс кезеңінде халыққа медициналық – санитарлық көмек көрсету, еңбекке жарамсыздықты тудыратын аурулармен зақымдануларды төмендететін және олардың алдын алатын шараларды жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |