Экологиялық себептер - экологияның бұзылуы.
Патогенез – аурудың дамуы, ағымы және аяқталуы туралы ілім.
Патогенездің фазалары:
Этиологиялық фактордың әсер етуі
Организмде оның таралу жолдары
Организмнің ұлпалармен жүйелерінде патологиялық өзгерістердің сипаттамасы
Аурудың аяқталуы, қалған өзгерістер- мүшелердегі өзгерістер/ тыртық, атрофия, гипертрофия және басқалар./
Әр аурудың белгілі белгілері болады, олар симптом және синдромға бөлінеді.
Симптом - аурудың бір белгісі. Мысалы ,жөтел- бронхиттің симптомы, шөлдеу- қант диабетінің, жүректе ауырсыну- стенокардияның , ентігу- жүрек жетіспеушілігінің.
Симптомдар субъективті және объективті болып бөлінеді. Объективті симптомдарды тексергенде: пальпация, перкуссия және аускультацияда анықталады.
Субъективті симптомдар пациенттің сезімін білдіреді, мысалы: бас айналу, жүрек айну, ауырсыну т.б
Синдром - өзара тығыз байланысы бар ұлпалармен жүйелердегі патологиялық өзгерістерді көрсететін симптомдар. Мысалы: ісіну синдромы/ісінулер, асцит, терінің бозаруы немесе көгеруі/, бронхотоксикалық/ тұншығу, жөтел, аускультацияда сырылдар/
Диагностика - ауруды анықтау ілім. Бұл терминнің ішіне пациентті толық тексеріп диагнозын қою кіреді.
Диагноз - ауру туралы қысқа берілген қорытынды.
Диагноздың түрлері:
болжамалы диагноз - ауру туралы информация толық жиналмаған кезде қойылады, көбінесе қабылдау бөлімінде.
Клиникалық диагнозды ауру туралы барлық мәліметті, соның ішінде лабораториялық, қуралдармен зерттеулер жинағанда қояды.
Қорытынды диагноз дифференциалды диагноз жүргізілген кезде қойылады.
Дифференциалды диагноз- бұл осы қойылған диагнозбен кейбір симптомдар ұқсас диагноздарды шығарып тастау.
Ауруды емдеу
Диагноз қойылғаннан кейін пациентке емдеу тағайындалады. Ол комплексты болады, медикаментті терапиядан басқа оның ішіне тәртіп сақтау, диета, физиотерапия басқада дәстүрлі емес емдеу әдістері кіреді. Емханада жүргізілетін емдеу- амбулаторлы, стационарда- стационарлы, санаторияда- санаторлы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |