Зерттеудің физикалық әдістері. Біріншіден қараған кезде науқастың жалпы жағдайына көңіл бөлу керек. Бауыр жетіспеушілігінде науқастың жағдайы орташа ауырдан,ауыр ж/е өте ауырға ауысады. Ең соңында бұл ауруларда кома дамиды.
Бауыр жетіспеушілігінде науқастың есінің бұзылуы: қозу немесе эйфория және тежелу,ступор және кома. Бауыр комасын гепатаргия деп атайды. Науқас адамның жалпы бейнесінде көптеген ауруларда ешқандай ерекше өзгерістер байқалмайды. Ал бауыр және өт жолдарының аурулары гиперстениялы типті адамдарда жиірек кездеседі.науқастың өте жүдеуі және кахексияға дейін жүдеуі бауыр циррозында,бауыр мен өт жолдарының қатерлі ісіктерінде байқалады.
Терімен шырышты қабаттарды қарағанда ең жиі кездесетін белгіге сарғаю жатады.сарғаю ең әуелі көздің склерасында,жұмсақ таңдайда және тіл астында пайда болады,кейін алақан мен табанда, ең соңында барлық дене сарғаяды. Кейде терінің бозаруын байқау болады, варикозды кеңіген веналардан қан кеткенде және теріде, қасыған іздер, «тамыр жұлдызшалары» , петихиальді бөртпелер және тері астына қан құюлар байқалады.
«Тамыр жұлдызшалары» - тері бетінен аздап көтеріліп, пульсация беріп тұратын ангиомалар. Олардың айналасында күн сәулесі сияқты, тамыр тармақтары кетеді, көлемі диаметрде түйреуіштің басынан 1 см-ға дейін болады. Көбінесе мойында, бетте, иықта, алақан сыртында, арқада. Бауыр жетіспеушілігінде, күлгін түсті табанды алақанның тенор и гипотенор аймағын көру болады, бұл алақандарды «бауыр алақаны» деп атайды. Ауызды қаағанда ойық жаралар және алқызыл таң қурай түсті беті тегістелген тілді көруге болады.
Ішті қарау. Іштің үлкейгені метеоризмде немесе асцитта кездеседі. қан кеткенде және теріде қасыған іздер,тамыр жұлдызшылары,петехиальді бөртпелер және тері астына қан құюлар байқалады.
«Тамыр жұлдызшылары»- тері бетінен аздап көтеріліп пульсация беріп тұратын ангиомалар .Олардын айналасында күн сәулесі сияқты тамыр тармақтары кетеді,көлемі диаметрде түйрегіштің басынан 1см-ға дейін болады.Көбінесе мойында,бетте ,иықта,алақан сыртында,арқада. Бауыр жетіспеушілігінде күлдір түсті табанды,алақанның,тенер және гипотенер аймағын көру болады,бұл алақандарды бауыр алақандары деп атайды.
Ауызды қарағанда ойық жаралар және алқызыл таңқұрай түсті тіл ж/е беті тегістелген көру болады.Асциттан үлкейген ішті семіруден ажырату болады. Тік тұрғанда асцит кезінде кіндік шығып кетеді,ал семіздікте ішке қарай тартылып тұрады.Ішті қарағанда бауыр циррозынан дамыған асцитта іштің алдыңғы қабырғасында тері асты веналардың кеңігені байқалады. Олар төменнен жоғарыға қарай көтеріледі.Бұл коллатеральді қан айналым.Бауыр арқылы қан өтудің қиындауынан қан коллатеральдар арқылы төменгі қуысты венаға құйылады. Қарағанда оң жақ қабырға астынын көтеріңкі болуын көру болады,ол бауырдың үлкейгені.Көк бауыр үлкейсе онда сол жақ қабырға асты көтеріңкі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |