Пациенттің шағымдары
Пациент стационарға түскен кезде немесе қаралған кезде шағымдарын жинайды. Алдымен негізгі шағымдары мұқият анықтап дәлелденеді. Мысалы: пациент жүрек тұсындағы ауырсынуға шағымданса, ауырсынудың күштілігін, орналасуын, иррадиациясын пайда болған жағдайын, немен басылатынын аңықтайды. Осылай басқада шағымдары да дәлелденеді.
Шағымдар қосымшада болады, олар ағзаның патологиялық процеске жалпы реакциясын көрсетеді. Бұл шағымдардың сипаттамасы әр түрлі ауруларда бірдей болады. Мысалы: әлсіздік, терлеу, ұйқы қашу, бас ауру, тәбетінің төмендеуі. Бұлардыда толық дәлелдеу керек. Осыдан кейін жүйелер бойынша шағымдарды, әр жүйеге тән белгілерді біліп, оларды анықтайды. Мысалы : ас қорыту жүйесіне тән, тәбетінің өзгеруі, жүрек айну, құсу, іш өту, кебу, қату және т.б. Пациентпен әңгімелесу кезінде (оған түсінікті болатындай) қарапайым сөздермен түсіндіру.
Аурудың анамнезі (тарихы).
Бұл сұрастырудың негізгі бөлігі, өйткені аурудың дамуындағы барлық этаптары туралы мәлімет жинаймыз. Біріншіден, науқастан қашан ол алғашқы рет ауырғанын сұраймыз /өзін аурумын деп санайды/. Қалай ауырғанын анықтау: аурудың басталуын немен байланыстырады, қалай басталғанын, қандай белгілер болды, не қолданады, келесі сұрақ: «ауру қалай дамыды?»: бұл жерде аурудың ағымын, емделуін, оның нәтижесін, қайталануын, стационарда санаторийда, диетасын, дәрігердің ұсынысын сақтауын, алдын алу, емін қабылдауын, қандай зерттеулер өткізілгенін және олардың нәтижесін анықтайды.
Соңғы бөлімінде ауру созылмалы болса, жағдайының соңғы нашарлауын немен байланыстыруын оның уақытын, не қолданды, қаралу себебін анықтау керек.
Ауру адамның өмір - баяны
Ауырған адамның өмір баянын зерттегенде алдымен оның туылған жерін анықтаймыз - бұл аурудың даму себебіне үлкен үлес қосады. Мысалы : эндемиялық жемсау, радиация, суық ылғалды климат. Науқастың бала кезінен өсіп дамуын, денсаулығын анықтайды.
Міндетті түрде өмірінде басқа қандай аурулармен ауырғаны, жақын тума туыстарының денсаулықтары анықталады. Бұл мәліметтер маңызді болып табылады, өйткені кейбір аурулар тұқым қулайды. Мысалы: қант диабеті, гипертониялық ауру, бронх демікпесі, психикалық аурулар және т.б.
Бұрын сырқаттанған аурулары болса хронологиялық ретпен анықтайды, яғни туберкулез, ревматизм, вирусты гепатит венерологиялық психикалық аурулармен ауырғанын және операциялар жасалғанын дәлелдейміз.
Кәсіптік және тұрмыстық жағдайы туралы мәлімет жинау керек. Адам денсаулығына оларда әсер етеді, жұмысыздық, өндірістік зиянды әсерлер, панасыздық. Сырқаттың дамуына тамақтануда әсер береді, яғни зиянды әдеттер: алкоголь, шылым шегу, нашақорлық, насыбай ату. Осы нәрселерге әуес болса онда қанша уақыт құмар болғанын және қай мөлшерде қолданылатын анықтау керек.
Жанұялық анамнез: жанұядағы адамдардың саны, қаражат мәселесі, жанұядағы психологиялық микроклимат, интимды қарым қатынас.
Достарыңызбен бөлісу: |