Эпидемиологиялық анамнез
Жөтелген және қалтыраған науқастармен қарым - қатынаста болды ма, соңғы айда қаладан /ауылдан/ тыс шықты ма және шетелге барды ма?
Аллергологиялық анамнез: кейінгі жылдары халық арасында аллергиялық реакциялардың көбеюіне байланысты аллергия туралы сұрастыру керек. Қай дәрілерді, тағамдарды иістерді, шаң-тозаңдарды, шөптің иістерін төзімсіздігін. Оларға қандай белгілердің пайда болуы /жас ағу, түшкіру, қышыну/. Бала кезінде экссудативті диатезбен ауырған - ауырмағанын анықтау.
Экспертті анамнез
Осы жылда науқастың ауырған уақытын анықтау керек, егерде науқас 4 айдай ауыған болса, онда медико - экспертті комиссияға жіберу керек. Олар жұмысқа жарамсыз қағазының уақытын ұзартады немесе мүгедек тобын береді.
Гинекологиялық анамнез
Әйелдерде етеккірінің келген уақытын, мөлшерін, ұзақтығын және жүктілігін, қанша босану, аборт болғанын гинекологиялық операциялар, менопауза болса оның уақытын анықтау керек.
Урологиялық анамнез
Еркектерден несеп бөлуінің бұзылуын, уретрадан бөліністерін және потенциясын анықтау керек.
Пациентке ауруы және өзі туралы дұрыс мәлімет беру қиынға түседі, сондықтан әңгімесін бақылап отырып, қажетті сұрақтарды ғана қою керек.
Сұрастыру тәсілдің диагностикалық маңызы өте зор. Тәжірибелік медицинада «дұрыс жиналған анамнез- жарым диагноз» деген ертеден қалыптасқан пікір бар.
Онын куәсі- кейбір аурудың диагнозын тек сұрастыру арқылы ғана қоюға болады.
Сұрастыру ежелгі әдіс болса да, оны жетілдіруде Г.А Захарьиннің еңбегі зор. Француз клиницисі Юшардың айтуы бойыннша Захарьин сұрастыруды «өнер деңгейіне дейін көтерді». Қазіргі қолданылып жүрген сұрастыру жүйесінің ұсынған және Ресейде бірінші болып диагностика кафедрасын ашқан.
ПАЦИЕНТТІ ОБЪЕКТИВТІ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ
Науқасты объективті тексеру - ағзаның жалпы жағдайы және жеке ішкі мүшелермен жүйелердің жағдайы туралы көрініс алу. Бұл әдіс негізгі клиникалық тексеріс әдісіне жатады. Осы әдісті қолданғаннан кейін қосымша қандай тексеру әдісін қолдануға болатынын шешеді.
Жалпы қарау .
Науқасты жалпы қарау, диагноз қоюға өте зор диагностикалық маңыз береді. Жалпы қараудың көмегімен тек қана жалпы көріністі ғана емес, сонымен қатар «бір қарағаннан» диагноз қоюға болады / акромегалия, гидроцефалия және т.б/. Арнайы ережелерді сақтап яғни біртіндеп рет-ретімен қарау керек. Қарауды күндізгі жарықпен немесе лампа жарығымен, тікелей немесе бүйіренен отырып жүргізіді.
Достарыңызбен бөлісу: |