Қарау техникасы.
Науқастың денесін жалаңаштай отырып кеудені вертикальді күйде тексереді, ал ішті горизонтальді және вертикальды жағдайда қарауға болады. Қарауды ретімен жүйелер бойынша жүргізу керек. Жалпы мағына беретін симптомды шығару үшін, алдымен жалпы қарау керек, одан кейін аймақ бойынша дене мүшелерін, басы, беті, мойны, денесі, қол-аяғы, терісі, сүйегі, буыны, шырышты қабаттары, түкті қабаттары қаралады.
Жалпы жағдайы мына белгілермен сипатталады: науқастың есінің күйі /қалпы/, тұрысы, жүрісі, толықтығы және дене бітімі.
Есінің күйі
Есінің күйін аңықтау керек. Ол анық немесе бұзылған болады.
Есінің күйін бұзылуына байланысты мындай түрлерге бөлеміз:
Ступор жағдайы - есеңгіреген жағдай. Сыртқы ортаның әсерінен реакциясы әлсіз, сұраққа кешігіп жауап береді, бірақ жауабы дұрыс.
Сопор- жұлқылап, қатты айғайлағанда қысқа уақыт есін жиып сұраққа жауап бере алады.
Кома- ес-түссіз жағдайы, сыртқы қоздырғыштарға ешқандай жауап және реакциясы жоқ. Рефлекстері жойылған өмір тіршілігіне қажетті функциялар бұзылған.
Науқастың жағдайы
Науқастың жағдайы: Белсенді, енжар және еріксіз болып бөлінеді.
Белсенді жағдай - бұл жеңіл дәрежелі ауруларда немесе аурудың бастапқы кезеңінде болады. Науқас жағдайын тез өзгерте алады.
Белсенсіз-енжар жағдай - ес түссіз жағдайда немесе сирек өте әлсіздік жағдайында болу мүмкін. Науқастар қозғалмайды. Баспен аяқ қолдары ауырлық күшіне байланысты, салбырап жатады, денесі төсектің аяғына сырғиды.
Еріксіз жағдай - бұл жағдайда науқас ауру сезімін тоқтату немесе әлсірету үшін /ауырсыну, жөтел, ентігу/ өзін еріксіз мәжбүрлейді.
Мысалы: Еріксіз отыру, бір бүйіріне жату, ауырған немесе сау бүйіріне, ішіне бүрісіп, аяқтарын бүгіп жату. Стенокардия ұстамасында еріксіз қалшиып қатып қалу болады. Қатты іші ауырғанда шалқасында жатады, ұйқы безі ісінгенде және асқазан жарасы ауруында ішпен етбетінен еріксіз жатады. Құрғақ плевритте ауырған бүйірін қысып жатады. Қабырға сынғанда сау жағында жатады және т.б.
Ортопноэ қалпы / гр. –тік, pnoe- тыныс/ - қатты ентіккен кезде төсекте амалсыз тік отыру қалпы ентігуді азайтады.
Амалсыз шынтақ пен тізеге отыру қалпы экссудативті перикардитте болады.
Дене бітімі
Бұған науқастың салмағы, бойы, конституциясы жатады.
Конституция- ағзаның морфологиялық және функционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы, 3 типте болады.
Астениялық тип- дененің тік өлшемдерінің көлденең өлшемдерінен көп мөлшерде ұзын болуы. Аяқ- қолдары денеден, кеуде- құрсақтан ұзын. Астениктерде жүрек және паренхиматозды мүшелер кіші көлемде болады, ал өкпесі ұзарған, шектері қысқа, диафрагмасы төмен орналасқан. Қан қысымы, ішектің қозғалысы, гемоглобин, эритроциттер, қальций, қант, холестерин деңгейі төмендеген. Жыныс бездерімен бүйрек үсті безінің гипофункциясы. Қалқанша безімен гипофиздің гиперфункциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |