Команың белгілері
Тез арада білінуі 5. Қан қысымының төмендеуі
Көз қарашығы кеңейген 6. Гипогликемия
Тершеңдік 7. Тырысы, құрысу
Брадикардия
Гипогликемиялық кома - қантты сусамырда байқалатын команың екінші түрі. Бұл жағдай қандағы қанттың мөлшері тез төмендеп кеткенде пайда болады. Ол науқас адам мезгілінде тамақтанбаса, ауыр физикалық күш түссе немесе қант мөлшерін азайтатын дәрілердің мөлшері асып кеткенде байқалады. Бұл жағдайда қанда глюкоза күрт азайып, ми торшаларының көректену дәрісі бұзылады. Күтпеген жерден науқас әлсіреп, қол мен аяқтары дірілдеп, тілі байланып қалуы мүмкін. Тамаққа тәбеті ашылып, терлегіш келеді. Жүйкесі қатты қозып, есіріп, дер кезінде есінен танады. Бұлшық еттердің тонусы жоғарылап тырысып қалады. Көз жанары қимылсыз, жағы қарысып, сіңірі тартылады. Қанда глюкозаның мөлшері 3,3 ммол/л төмендейді. Зәрде глюкоза және ацетон байқалмайды.
Диабеттік ретинопатия – көздің қанталауы. Көз тамырларының зақымдануынан науқастың көз көру қабілеті төмендейді. Кейбір жағдайларда мүлдем соқырлыққа әкеліп соғады.
Диабеттік нейропатия. Бүйрек ұсақ тамырларының зақымдануынан бүйрек сүзбе жұмысы нашарлап, қан қысымы көтеріліп, науқас ісініп, бара-бара созылмалы бүйрек шамасыздығына әкеліп соғуы мүмкін.
«Диабеттік табан» - аяқ тамырларының зақымдануынан трофикалық өзгерістер дамиды. Екі түрде байқалады: ишемиялық – гангреноздық және нейропатиялық. Ишемиялық – гангреноздық түрінде аяқ мұздайды, цианоз білінеді, ауырсыну қатты сезіледі. Неше түрлі трофикалық жаралар байқалады.
Нейропатиялық түрінде науқастың аяғы жылы, терісі боз, бірақ сезімталдығы өте төмен. Соның әсерінен науқастар ыстықты сезбей, жиі күйіктерге ұшырайды. Зертханалық және құрал - жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері.Қант сусамырын айқындау үшін қандағы және зәрмен бөлінетін глюкозаның тәуліктік мөлшерін анықтау қажет. Аш қарында сау адамның қанында 3,3 – 5,5 ммоль/л (60 – 100мг %) глюкоза болады. Қалыпты түрде ол зәрмен бөлінбейді. Қант сусамырына шалдыққан адамдардың қанында глюкоза тым көбейіп 7,7 ммол/л артады (гипергликемия), зәрмен бірге шығады (глюкозурия). Осы себептен зәрдің салмағы жоғарлайды. Қант сусамырының асқынған кезінде кетонемия мен кетонурия байқалады, тіндерде қышқыл заттар көбейіп, ацидоз дамиды. Қант сусамырының латентті жасырынды түрін анықтау үшін глюкозаға толеранттылық сынағы қолданылады. Аш қарында глюкозаның мөлшерін анықтап алып, науқасқа 75 гр глюкоза ішкізу керек. арнаулы уақыттан кейін қандағы глюкозаның мөлшері анықталады. Сау адамның қанындағы глюкозаның мөлшері 1 сағаттан кейін 9,9 ммольден, ал 2 сағаттан кейін 7,3 ммоль/л – ден артпауға тиісті. Егер глюкозаның мөлшері бұдан жоғары болса, зерттелген адам қант сусамырының жасырынды түрімен сырқат болғаны. Тағайындалған инсулиннің мөлшерін анықтау үшін науқастың бір тәулік бойы қандағы (гликемиялық сынақ) және зәрдегі (глюкозуриялық сынақ) көрсеткіштерін табады. Сканерлеу және ультрадыбыс әдістерін жүргізе отырып, ұйқы безінің көлемін, Лангерганс аралшасындағы торшалардың жағдайын, қабыну дәрісінің айқындығын байқауға болады. Қан тамырларының зақымданып, қан айналысының бұзылғанын электрофизиологиялық тәсілдермен (электрокардиограмма, реовазограмма) анықтауға болады.
Семіздік
Семіздік дегеніміз тері асты май қабатында, көбінесе іш аймағында, шүйдеде, жамбаста, төсте, мойында, сонымен қатар шажырқайда, эпикардта (жүректің семіздігі), бүйрек маңында майдың мөлшерден тыс жиналуы.
Достарыңызбен бөлісу: |